Об установлении водоохранных зон, полос и режима их хозяйственного использования Күшін жойған
Басқа 0
Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Су Кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде белгіленсін:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының
Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері;
Тармақша 2
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының
Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану режимі.
Тармақ 2
2. Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының әкімдері, «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Арал-Сырдария бассейндік
инспекциясы» Республикалық
мемлекеттік мекемесімен
Басқа 7
Қызылорда облысы әкімдігінің
2019 жылғы «18» ақпандағы
№1335 қаулысына 1-қосымша
Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі,
Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау
аймақтары мен белдеулері
№
Су объектілерінің атауы
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауы
Су қорғау аймағы мен белдеуінің көлемі, гектар
Су қорғау аймағының ені, метр
Су қорғау белдеуінің ені, метр
1
Иіркөл көлі
Қызылорда қаласы
393,243
500
35
2
Сасықкөл көлі
Қызылорда қаласы
390,503
500
35
3
Иіркөл көлі (Прудхоз)
Қызылорда қаласы
482,587
500
35
4
Жарықкөл көлі
Арал ауданы
3476,122
500
35
5
Тұщыкөл көлі
Арал ауданы
3846,711
500
35
6
Домалақкөл көлі
Арал ауданы
385,083
500
35
7
Мариямкөл көлі
Қазалы ауданы
1988,134
500
35
8
Томайкөл көлі
Қазалы ауданы
852,9
500
35
9
Жанай №1 көлі
Қазалы ауданы
347,801
500
35
10
9-Құдық-Әлтәй көлі
Қармақшы ауданы
1748,243
500
35
11
Таскөл көлі
Қармақшы ауданы
536,352
500
35
12
Лайкөл көлі
Қармақшы ауданы
591,576
500
35
13
Меңей көлі
Қармақшы ауданы
269,977
500
35
14
Иіркөл көлі
Жалағаш ауданы
546,647
500
35
15
Бәйбіше көлі
Жалағаш ауданы
539,992
500
35
16
Қаракөл көлі
Жалағаш ауданы
72,078
300
35
17
Серкеш көлі
Жалағаш ауданы
574,641
500
35
18
Қазымбет көлі
Сырдария ауданы
757,487
500
35
19
Қаракөл көлі
Сырдария ауданы
440,932
500
35
20
Байсары көлі
Сырдария ауданы
303,621
500
35
21
Итатқан көлі
Шиелі ауданы
317,505
500
35
22
Домалақ көлі
Шиелі ауданы
640,232
500
35
23
Құмшұқырой көлі
Шиелі ауданы
452,728
500
35
24
Өзгент көлі
Жаңақорған ауданы
590,644
500
35
25
Жашыкөл көлі
Жаңақорған ауданы
589,578
500
35
26
Қойлық ата көлі
Жаңақорған ауданы
672,161
500
35
Басқа 8
Қызылорда облысы әкімдігінің
2019 жылғы «18» ақпандағы №1335
қаулысына 2-қосымша
Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Тармақ 1
1. Су қорғау аймақтарының шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Тармақ 2
2. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.