Об утверждении цен на образовательные услуги, реализуемые коммунальным государственным казенным предприятием «Детская школа искусств» акимата города Сарани, государственного учреждения «Отдел образования города Сарани» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Саран қаласы әкімдігінің, «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өткізетін білім беру қызметтеріне бағалар бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 156-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласы әкімдігінің, «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өткізетін білім беру қызметтеріне бағалар осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. «Саран қаласы әкімдігінің, «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өткізетін білім беру қызметтерінің бағалары
Саран қаласы әкімдігінің 2019 жылғы «__» _________ № ____ қаулысына қосымша «Саран қаласы әкімдігінің, «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өткізетін білім беру қызметтерінің бағалары № Ақылы көрсетілетін қызметтердің тізімі 1 оқушы үшін төленетін баға (теңге) 1 Аспаптар бөлімі (фортепиано, скрипка, виолончель, гитара, кларнет, труба, саксофон, флейта, баян, аккордеон, домбыра, қобыз) 2300 2 Вокал бөлімі 2300 3 Хореографиялық бөлімі 1800 4 Көркемөнер бөлімі 1800 Ақтас кентіндегі филиал 1 Аспаптар бөлімі (фортепиано, скрипка, виолончель, гитара, кларнет, труба, саксофон, флейта, баян, аккордеон, домбыра, қобыз) 2000 2 Көркемөнер бөлімі 1500