Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым разделение на лоты по их однородным видам и по месту их поставки (выполнения, оказания) не требуется Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Біртекті түрлері және беру (орындау, көрсету) орны бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Біртекті түрлері бойынша және оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 159 бұйрығымен бекітілген Біртекті түрлері бойынша және оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі № р/с Атауы 1. Тауарлар 1 Кеңсе тауарлары 2 Шаруашылық тауарлары 3 Жуу құралдары 4 Азы-түлік тағамдары 5 Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар 6 Құрылыс материалдары 7 Электр тауарлары 8 Сантехникалық тауарлар 9 Қосалқы бөлшектер 10 Жеңіл өнеркәсіп тауарлары 11 Жиһаз өнімі 2. Қызметтер 1 Күзет және өрт дабылы қызметтері 2 Ғимаратқа техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер (үй-жайларды жинау және аумақты абаттандыру, жылыту жүйелерін тығыздау және жуу, электрмонтаждау және сантехникалық жұмыстар, ағаш ұстасы көрсететін қызметтер) 3 Полиграфиялық қызметтер