Об утверждении ставок платы за лесные пользования в Акмолинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысында орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 01.06.2004 № 3С-5-6 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 473 бабындағы 1 тармағына сәйкес, сонымен қатар, Ақмола облыстық мәслихатының осы сұрақ бойынша бұрын қабылдаған шешімінің әділет Басқармасының 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 1-04/450 тіркеуден бас тартуының негізінде қалпына келтірілуін еске ала отырып, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында орманды пайдаланғаны үшін ұсынылып отырған төлемақы ставкалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешім 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № С-13-9 шешімі жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облыстық әділет Басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 5
Ақмола облыстық мәслихатының № С-18-12 19.07.02 ж. шешімімен Бекітілген Ақмола облысында орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы ставкалары № р-р Орманды пайдаланудың түрі өлшем бірлігі Төлемақы ставкасы, теңге 1. Шөп шабылатын шабандықтар: 1) өнімділігі 4ц/га дейін 2) өнімділігі 4ц/га жоғары га га 96-00 120-00 2. Мал жайылымдары га 96-00 Ескерту: 1 тармақ бойынша - егер шабындықтарда шөп механикаландырылып шабылса, көрсетілген төлемақы ставкасы 20 процентке өседі.