Об утверждении Положения Тендерной комиссии по организации открытых тендеров на оказание услуг пассажирским транспортом на маршрутах области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысының маршруттарында жолаушы көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендерлер ұйымдастыру жөніндегі Ережені және Тендерлік комиссияны бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21-қыркуйектеп «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңына, Қазақстан Ресиубликасы Үкіметінің 1996 ж. 24- маусымдағы «Жалпы пайдаланымдағы қалалық жолаушы автомобиль көлігін монополиясыздандыру туралы» № 773 Қаулысына, Қазақстан Республикасының 1998 ж. 9-маусымдағы «Жосықсыз бәсекелестік туралы» Занына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж. 27-сәуірдегі «Азаматтар мен занды тұлғалардын кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығын қорғау туралы» Жарлығына, маршруттарда жолаушы көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендерлер ұйымдастыру жөніндегі Үлгі Ережеге, Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23-қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және маршруттық желілерге қызмет көрсету сапасын одан әрі жақсарту және оңтайландыру, жолаушылар мүддесін қорғау, сонымен қатар жолаушыларға автокөліктік қызмет көрсету рыногында тен құқықты бәсекелестік құру мақсатында Алматы облысының Әкімі ШЕШIМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облысының маршруттарында жолаушы көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендерлер ұйымдастыру туралы Ереже бекітілсін (№ 1 қосымша);
Тармақ 2
2. Алматы облысының маршруттарында жолаушы көрсетуге ашық тендерлер ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін (№ 2 қосымша);
Тармақ 3
3. Өткізілетін тендерді ұйымдастыру-техникалык қамтамасыз ету және тендерлік комиссияиың жұмысы «Алматы облысының көлік департаментіне» (О.О.Орымбеков) жүктелсін;
Тармақ 4
4. Облыс Әкімінің 1996 ж. 12-карашадағы «Алматы облысының жолаушы автокөлігіне тендер ұйымдастыру туралы» № 11-286, 1999 ж 6-сәуірдегі ,№4-103, 2000 ж. 21-наурыздағы «Алматы облысы Әкімінің 1996 ж. 12-қарашадағы № 11-286 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 3-83 шешімдерінің күші жойылған болып саналсын.
Тармақ 5
5. Бұл шешім Алматы облысының әділет басқармасында тіркелуге жатады.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы орынбасары А.Ғ.Баталовқа жүктелсін.