Об объявлении чрезвычайных ситуации Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдай жариялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық әкімінің 02.06.2004 № 6-58 шешімімен. Жанбырдың коп жаууы салдарынан Көксу өзені суының деңгейі күрт көтеріліп, су өту деңгейі секундына 530 текше метрге жетті. «Көксу-Арна» ЖШС-н аумағын, Кеңарал ауылындағы «Еңбекші ауылшаруашылығы кооперативінің епсін су тасқыны алып кеткен. Жауының тоқтамауына байланысты Ескелді, Көксу аудандарының күшімен салынған қорғау дамбаларын су шайып жатыр. Алматы-Өскемен автожол көпірінің екінші аралығынын істен шығу каупі төнуде. Көпірді 1994 жылы істен шыққан бірінші аралығы күні бүгінге дейін қалпына келтірілмеген. Қазакстан Республикасы «Төтенше жағдайлар туралы» Заңының 19- бабындағы 5-тарауға сәйкес облыс Әкімі ШЕШIМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Көксу өзенінің су жайылған аумағында төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Көксу ауданының әкімі С.С.Қасенов, өз резерві есебінен «Көксу- Арна» ЖШС-і, Кеңарал ауылы аумағындағы Көксу өзені арнасының жағасын нығайту жұмыстарын жүргізсін. Су ағынын бағыттайтын төрт дамба орнатып, судын бір бөлігін Көксу өзенінің екінші арнасына бағыттасын.
Тармақ 3
3. Ескелді ауданынын әкімі С.М.Дүйсембінов, өз резерві есебінен екінші автожол көпірінің аумағында өзен жағасын нығайту жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы Ш.Меренков бірінші автожол көпірінен екіншісіне су бұру үшін, су ағынын бағыттайтын дамба салсын.
Тармақ 5
5. Қазакстан Реопубликасыныц Үкіметі мен Қазакстаи Республикасы көлік және коммуникация министрлігінен, ісген шыккан автожол көпірін алпына келтіру және өзен жағасын нығайту жұмыстары кешенін жүзеге сыру үшін 90 млн. теңгенің бөлінуі сұралсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау облыс Әкімінін бірінші орынбасары В.Долженковка жүктелсін.