Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы №408 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17583 тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы №270 «Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5418 тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Н.Есқалиевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
2019 жылғы «25» ақпандағы №45 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері № Тауарлы балық өнімдерінің түрі Акваөсіру өнімінің көлемі, кг Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерінің 1 кг өндірісіне азық шығындарына берілетін субсидиялардың бекітілген нормативі, кг Бекітілген норматив бойынша жалпы азық шығыны, кг 1 кг өнімге шығындар есебінен балықтар азығына берілетін субсидиялардың бекітілген сомасы, теңге Субсидия сомасы, мың теңге 1 2 3 4 5 6 7 1 Бекіре және оның буданы 14 316 1,5 21 474 285 6 120 2 Тұқы және оның буданы 15 000 4,0 60 000 105 6 300 Барлығы 12 420 Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы: кг – килограмм.