Об утверждении Положения и состава Комиссии при аппарате Акима г.Алматы по соблюдению порядка реализации периодических печатных изданий, публикующих материалы эротического характера Күшін жойған
Басқа 0
"Алматы қаласы Әкiмi аппараты жанындағы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз басылымдарын тарату тәртiбiн сақтайтын Комиссияның Ережесi мен құрамын бекiту туралы"
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 08.10.2004 N 4/824 қаулысымен.
23 қаңтардағы 2002 жылғы Қазақстан Республикасының "Жергiлiктi мемлекеттiк өзiн-өзi басқару туралы" Заңына және № 1/30 17 қаңтардағы 2002 жылғы Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң қаулысына сәйкес Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмi аппараты жанындағы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi басылымдарды тарату тәртiбiн сақтайтын Комиссияның Ережесi бекiтiлсiн (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Әкiмi аппараты жанындағы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi басылымдарды тарату тәртiбiн сақтайтын Комиссияның құрамы бекiтiлсiн (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы Қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А.З.Мұрзинге жүктелсiн.
Басқа 4
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2002 жылғы 5 шілдедегі N 3/446
қаулысына N 1 қосымша
Алматы қаласы әкiмi аппараты жанындағы эротикалық
сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз
басылымдарын тарату тәртiбiн сақтайтын Комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы Ереже
1. Жалпы Ереже
Тармақ 1
1. Бұл Ереже баспасөз бен ақпарат саласында Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңына , "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнен және басқа да Қазақстан Республикасында заңдық нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес дайындалған.
Тармақ 2
2. Алматы әкiмi аппараты жанындағы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз басылымдарын тарату тәртiбiн сақтайтын Комиссия (бұдан былай - Комиссия) тұрақты түрде жұмыс iстейтiн атқарушы билiктiң үйлестiрушi органы болып табылады. Ол жұмысын Комиссияның регламентiне, жұмыс жоспарына, ескертпелер мен басқа да тиiстi құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамы жыл сайын құрылып отырады және кем дегенде 9 адамнан тұрады. Комиссияны Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары басқарады. Комиссия құрамына атқарушы билiк органдарының, мүдделi ведомство, мекеме, ұйымдардың өкiлдерi, ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерi, журналистер енедi. Кеңесшi ретiнде құқық қорғау органдарының және ғылыми мекемелердiң өкiлдерi (келiсiм бойынша) қатыса алады.
Тармақ 4
4. Комиссия қызметiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз етушi жұмысшы органы Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы болып табылады.
Тармақ 5
5. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң Қаулыларын, Алматы қаласы әкiмiнiң, Әкiмшiлiктiң, Алматы қаласы мәслихатының шешiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Мақсаттары мен мiндеттерi
2. Мақсаттары мен мiндеттерi
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Комиссия өз жұмысын мына бағыттар бойынша жүргiзедi:
Тармақша 1
1) эротикалық (порнографиялық) сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзiмдi баспасөз басылымдары рыногы мен олардың Алматы қаласында қолданыстағы заңға сәйкес таралу мониторингiн жүргiзедi;
Тармақша 2
2) мерзiмдi, полиграфия және баспа кәсiпорындарының, өткiзушiлердiң және басқа да шаруашылық субъектiлердiң эротикалық сипаттағы мерзiмдi басылымдар айналымына қатысты заңдылық актiлердi қолдану жөнiндегi қызметiн зерттейдi және оған талдау жасайды;
Тармақша 3
3) өз құзыретi аясында шектеу-рұқсат ету сипатындағы ұйымдық шараларды өткiзедi;
Тармақша 4
4) заңда белгiленген тәртiпте эротикалық сипаттағы басылымдарды сату ережелерiн қолдану мәселелерiне орай мемлекеттiк органдардың өзара бiрлесiп қимылдау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарын әзiрлейдi.
Тарау 3. 3. Құқықтары мен мiндеттерi
3. Құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 7
7. Комиссияның мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) жергiлiктi атқарушы органдардан, басқа да ұйымдар мен ведомстволардан эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзiмдi басылымдарды сату тәртiбiне қатысты ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) пiкiр мен ақпарат алмасуды ұйымдастыруға, өз дәрежесiнде заңдарды қолдануға қатысты азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың және бiрлестiктердiң арыздарын қарауға;
Тармақша 3
3) эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзiмдi басылымдарды сату тәртiбiн бұзатын азаматтарды, заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапқа тарту үшiн тиiстi органдарға материалдарды бағыттауға;
Тармақша 4
4) жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесе отырып, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзiмдi басылымдарды сатуға арналған стационарлық орындардың орналасуын белгiлеуге;
Тармақша 5
5) өзiнiң функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардың өкiлдерiн қатыстыруға, жұмыс және сарапшы топтарын құруға;
Тармақша 6
6) мерзiмдi бұқаралық ақпарат құралдарынан және шетел мерзiмдi баспасөзiн тасымалдаушылардан өнiмнiң алғашқы бiр-бiр даналарын алдыртып, алдын-ала қаралған соң оларды Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы Орталығына жiберуге;
Тармақша 7
7) тармақшасы алынып тасталды -
Aлматы қаласы әкімдігінің 01.12.2003 № 5/709 қаулысымен.
Тармақша 8
8) эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату тәртiбiн бұзушыларды анықтау үшiн рейдтiк шараларды ұйымдастыру керек.
Тармақ 8
8. Комиссия мiндетiне мыналар кiредi:
Тармақша 1
1) жарты жылда бiр рет аудандық әкiмшiлiктер мен Қалалық iшкi iстер басқармасына эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзiмдi басылымдардың тiзiмдерiн хабарлап тұру;
Тармақша 2
2) тұрақты түрде, кем дегенде жарты жылда бiр рет қабылданған жұмыс регламентiне сәйкес өз отырыстарын өткiзу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтiк актiлерiнiң, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзiмдi басылымдарды Алматы қаласында сату Ережелерiнiң орындалуы жөнiнде ұйымдық шараларды жүзеге асыруы тиiс.
Тармақ 9
9. Комиссия шешiмi отырыста оның құрамының кем дегенде 3/4 бөлiгi қатысқан жағдайда құқылы деп есептеледi және ол жалпы қатысушылардың көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Басқа 32
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2002 жылғы 5 шілдедегі N 3/446
қаулысына N 2 қосымша
Алматы қаласы әкiмi аппараты жанындағы эротикалық
сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз
басылымдарын тарату тәртiбiн сақтайтын Комиссияның
ҚҰРАМЫ
1. Мұрзин Алмат - Алматы қаласы әкiмiнiң
Зарлықұлы орынбасары, Комиссия
төрағасы
2. Аяған Бүркiтбай - Алматы қалалық ақпарат
Гелманұлы және қоғамдық келiсiм
басқармасының бастығы,
төраға орынбасары
3. Әлмаханова Роза - Алматы қалалық ақпарат
Тұрманқызы және қоғамдық келiсiм
басқармасының бұқаралық
ақпарат құралдары және
реформаларды насихаттау
бөлiмiнiң бастығы,
Комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi
4. Матаев Сейiтқазы - Ұлттық баспасөз клубы
Бейсенғазыұлы президентi, Қазақстан
журналистер одағының
төрағасы
5. Тәуекелов Сiләмбек - "Қазақстан телерадиосы"
Республикалық корпорациясының бас
продюсерi
6. Сыдықов Ұлықпан - философия ғылымдарының
докторы, профессор,
Қ.Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық
университетiнiң проректоры
7. Дәдебаев Жаңғара - филология ғылымдарының
докторы, профессор,
Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетiнiң
проректоры
8. Ғапбасов Советхан - Медицина ғылымдарының
кандидаты, Ұлттық
Рухани тәрбие
Орталығының жетекшiсi
9. Степенко Людмила - "Аргументы и факты"
Адреевна Жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiгiнiң бас директоры
10. Якушев Юрий - М.Ю.Лермонтов атындағы
Александрович мемлекеттiк академиялық
орыс драма театрының
директоры
11. Бекжанова Татьяна - СПИД-ке қарсы жастар
Ахмедияновна орталығының қызметкерi
12. Әсемқұлов Таласбек - "Жұлдыз" журналының
әдебисын бөлiмiнiң
меңгерушiсi,жазушы
13. Досжанов Болат - профессор, Т.Жүргенов
атындағы Сапарұлы өнер
Академиясының
академиялық сурет
кафедрасының меңгерушiсi