Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29 бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері, тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері, осы қаулының қосымшасына сәйкес, белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы қаласы әкімдігінің
2019 жылғы « 19 » ақпандағы
№ 1/108 қаулысына қосымша
Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері, тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 1
1. Көтермелеудің түрлері:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйлықақы беру.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі:
Тармақша 1
1) қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақы түрінде көтермелеу мәселелері қалалық қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияда (бұдан әрі - Комиссия) қаралады;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына «Алматы қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі ұсынады;
Тармақша 3
3) Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Алматы қаласының Полиция департаменті бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады;
Тармақша 4
4) ақшалай сыйақының мөлшерiн Комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн ескере отырып белгiлейдi;
Тармақша 5
5) ақшалай сыйақыны есептеу жұмыс нәтижелерін ескере отырып, және азаматтардың қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын күндерінен, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге қатысу қосындысынан жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Алматы қаласының Полиция департаменті шығыстарының құрамында жекелеген бағдарламамен көзделедi;
Тармақша 7
7) Алматы қаласының Полиция департаменті ақшалай сыйақымен байланысты емес азаматтарды көтермелеуді өз бетінше жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ақшалай сыйақының мөлшерi – 20 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.