Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Жалагашскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы “Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1-бабының 1), 2) тармақшаларына және “Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жалағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жалағаш ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы «22» ақпандағы № 37-9 шешіміне 1- қосымша Жалағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік 1 есептік бірлікке жылдық нормасы, текше метр 1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 0,96 2 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 0,80 3 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,23 4 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,70 5 Емханалар 1 келіп кету 0,0003 6 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 0,90 7 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,10 8 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 0,47 9 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы 1 отыратын орын 0,12 10 Мұражайлар, көрмелер Жал­пы ала­ңы 1 шар­шы метр 0,04 11 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,03 12 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,065 13 Азық-түлік, өнеркәсіп тауар дүкендері, супермаркеттер Сауда алаңы 1 шаршы метр 0,36 14 Машиналардан сату Сауда орнының 1 шаршы метр 0,24 15 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 шаршы метр 0,18 16 Вокзалдар, автовокзалдар Жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,22 17 Дәріханалар Сауда алаңы 1 шаршы метр 0,19 18 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар 1 машина-орын 1,15 19 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 0,74 20 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 0,78 21 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,20 22 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,12 23 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) 1 жұмыс орны 0,08 24 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,11 25 Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар 1000 қатысушы 0,09
Басқа 5
Жалағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы «22» ақпандағы № 37-9 шешіміне 2-қосымша Жалағаш ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер № Атауы Есептік бірлік Бағасы (ҚҚС қоса) (теңге) 1 Тұрғын үйлерден тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму айына 1 адамға 80,29 2 Шаруашылық субъектілер-абоненттер үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету 1 текше метр 667,68 3 Шаруашылық субъектілер-абоненттер үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды көму 1 текше метр 335,91 Ескерту: ҚҚС – қосылған құн салығы