О поощрении граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласында және Ақтас кентінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар үшін көтермелеудің түрлері мен тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Саран қаласында және Ақтас кентінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері
Саран қаласы әкімдігінің 2019 жылғы «___»_________ қаулысына қосымша № ______ Саран қаласында және Ақтас кентінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және ақшалай сыйақының мөлшері
Тарау 1. 1-тарау. Көтермелеу түрлері
1-тарау. Көтермелеу түрлері
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйлықақы беру.
Тарау 2. 2-тарау. Көтермелеу тәртібі
2-тарау. Көтермелеу тәртібі
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Саран қаласының әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ішкі істер органдарының өкілдері енгізіледі.
Тармақ 4
4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныстарды комиссияға қарауға аумақтық полиция органдары енгізеді.
Тармақ 5
5. Комиссия қабылдайтын шешім азаматтарды көтермелеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 6
6. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес қосымша аумақтық полиция органы бастығының бұйрығы шығарылады.
Тармақ 7
7. Көтермелеу түрлерін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді.
Тармақ 8
8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді аумақтық полиция органдары салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері
3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 9
9. 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.
Тармақ 10
10. Ақшалай сыйақы бюджеттік заңнамаға сәйкес төленеді.