Об утверждении схем пастбищеоборотов на основании геоботанического обследования пастбищ по Бурлинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Бөрлі ауданы бойынша
жайылымдарды геоботаникалық
зерттеп - қарау негізінде жайылым
айналымдарының схемасын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына сәйкес, Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Тукжановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5. Бөрлі ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп – қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «7» наурыздағы
№ 8 қаулысына
қосымша
Бөрлі ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп – қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы
Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
а/о – ауылдық округ;
қ. – қала.