Некоторые вопросы Комитета автомобильных дорог Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары комитетінiң кейбiр мәселелерi 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2004 № 1232 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігiнің Автомобиль жолдары комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат): 3-тармақтың екiншi абзацы "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және кoммуникациялар министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екiншi абзацы "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат): тақырыбында және 1-тармағында "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитетi туралы ережеде: тақырыбында "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың бiріншi абзацында: "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын; "автожолдар ceкторында" деген сөздерден кейiн "және көлiктiк, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы саласында" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақ "Автомобиль жолдары" деген сөздерден кейiн "және инфрақұрылымдық кешен құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақта: 1) тармақша ", сондай-ақ көліктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымы құрылысының бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақша "қызмет көрсету" деген сөздерден кейiн "және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақта: 3) тармақша "жол шаруашылығы" деген сөздерден кейiн "және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының құрылысы" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын; "6-1) көліктiк, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымының мәселелері жөнiндегi мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысады;"; 10) тармақша "жол секторын" деген сөздерден кейiн "және көлiктік ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымын" деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақтың 2) тармақшасы "автомобиль жолдарын" деген сөздерден кейiн "және көлiктік, ақпараттық және коммуникациялық кешен инфрақұрылымын" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.