Об утверждении Типового положения об Экспертных советах по вопросам поддержки и развития малого и среднего предпринимательства Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әpi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.02. N 496 (2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерi туралы үлгі ереже
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 19 тамыздағы N 917 қаулысымен бекiтiлген Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерi туралы үлгі ереже 📌 Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.29. N 410 қаулысымен. Осы Ереже Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары құратын Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөнiндегi сарапшылық кеңестерiнiң (бұдан әрi - Сарапшылық кеңестерi) қызметiн белгiлейдi.
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Сарапшылық кеңестерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына , заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Сарапшылық кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) шағын және орта кәсiпкерлiк саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және iске асыруда консультациялық көмек;
Тармақша 2
2) шағын және орта кәсiпкерлiктi қорғау мен дамытудың құқықтық нормаларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiмен өзара iс-қимылы әрi ынтымақтастығы мәселелерi жөнiндегi құжаттарды дайындауға жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 3
3. Сарапшылық кеңесi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдер жобалары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және ұсынымдар бередi;
Тармақша 2
2) шағын және орта кәсiпкерлiк саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
Тармақша 3
3) тиiстi мемлекеттiк органның шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер бойынша iс-шаралар жоспарын талқылайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2. 2. Сарапшылық кеңестерiнiң құқықтары
2. Сарапшылық кеңестерiнiң құқықтары
Тармақ 4
4. Сарапшылық кеңесiнiң жүктелген мiндеттерге сәйкес:
Тармақша 1
1) шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын қарауға;
Тармақша 2
2) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органға ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 3
3) тиiстi мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнен Сарапшылық кеңесiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты, материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
Тармақ 3. 3. Сарапшылық кеңестерiн құрудың және олардың қызметінiң тәртiбi
3. Сарапшылық кеңестерiн құрудың және олардың қызметінiң тәртiбi
Тармақ 5
5. Сарапшылық кеңесiнiң құрамын оны құрған мемлекеттiк орган белгiлейдi және оған осы органның бiрiншi басшысы басшылық жасайды. Сарапшылық кеңесiнiң құрамы ғалымдардың, кәсiпкерлер қауымдастықтары мен қоғамдық бiрлестiктерi өкiлдерiнiң, сондай-ақ өтеусiз негiзде тартылатын тиiстi мемлекеттiк орган қызметкерлерi арасынан құралады. Сарапшылық кеңесiнiң жеке құрамын өзiнiң жанынан Сарапшылық кеңесi құрылған мемлекеттiк орган басшысы бекiтедi. Сарапшылық кеңесiнiң құрамы тақ санды және 7 адамнан кем болмауға тиiс. 📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.04.29.гі N 410 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Сарапшылық кеңесiнiң төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Сарапшылық кеңесiнiң отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Сарапшылық кеңесi жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын Төраға тағайындайтын орынбасар атқарады.
Тармақ 7
7. Сарапшылық кеңесiнiң хатшысы Сарапшылық кеңесi қызметiн құжаттамалық ресiмдеудi ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Сарапшылық кеңесiнiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады, Сарапшылық кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi оларға дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.
Тармақ 9
9. Сарапшылық кеңесiнiң отырыстары тоқсанында кемiнде бiр рет өткiзiлiп тұрады. Отырысты өткiзу күнi мен уақытын Сарапшылық кеңесiнiң Төрағасы, ол болмаған жағдайда - оны ауыстыратын адам белгiлейдi.
Тармақ 10
10. Сарапшылық кеңесiнiң кезектi отырысында қарауға арналған мәселелердiң тiзбесiн Сарапшылық кеңесiнiң Төрағасы Сарапшылық кеңесi мүшелерiнiң ұсыныстары бойынша отырыс өткiзiлгенге дейiн 15 күннен кешiктiрмей бекiтедi.
Тармақ 11
11. Сарапшылық кеңесiнiң кезектi отырысының алдын ала күн тәртiбi мен материалдарын Сарапшылық кеңесiнiң Хатшысы Сарапшылық кеңесiнiң мүшелерiне алдағы отырыс туралы хабарламамен бiрге отырыс басталғанға дейiн 10 күннен кешiктiрмей жолдайды.
Тармақ 12
12. Сарапшылық кеңесiнiң шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi, оған Сарапшылық Кеңесiнiң Төрағасы мен Хатшысы қол қояды. Сарапшылық кеңесi мүшелерiнiң қабылданған шешiмге келiспеген жағдайда, өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша түрде жазуға құқығы бар, ол отырыс хаттамасына тiркеледi.
Тармақ 13
13. Сарапшылық кеңесiнiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.