Об утверждении нормативов потребления природного газа для потребителей, не имеющих приборов учета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативов потребления природного газа для потребителей, не имеющих приборов учета
- Атауы (қаз.)
- Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға табиғи газды тұтыну нормативтерің бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 52
- Қабылданған күні
- 05.05.2002
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2015 AI12991_5.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V02N0001465
- ЭКБ идентификаторы
- 12991
- Редакция идентификаторы
- AI12991_5
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:04
0 Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға табиғи газды тұтыну нормативтерің бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 18.05.2015 № 8 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының 29-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 қаулысымен бекітілген аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйлерін ұстауға және коммуналдық қызметтер үшін төлем төлеуге жәрдемақы берудің тәртібі туралы уақытша ереженің 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 9 сәуіріндегі № 400 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2001 жылдың 25 сәуіріндегі № 548 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы нормативтік актілеріне сәйкес құрылған комиссияның 2000 жылдың қаңтар-желтоқсан кезеңіндегі жалпы үйлер есептегіш құралдары бойынша газдың нақты шығынын талдауы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қосымшаға сәйкес есептегіш құралдары жоқ тұрғындардың тұрмыстық мұқтаждарына арналған табиғи газды тұтыну нормативтері бекітілсін.
2. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға коммуналдық қызмет шығыстарының нормаларын бекіту туралы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16 ақпандағы № 31 шешіміне "Есептегіш құралдары жоқ тұрғындардың тұрмыстық мұқтаждарына арналған табиғи газды жұмсау нормалары" 2-қосымшасының күші жойылды деп есептелсін.
3. Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 48 "Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға табиғи газды жұмсау нормаларын бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
4 Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға табиғи газды тұрмыс жағдайында тұтыну нормативтері
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 6 мамырдағы
№ 52 шешіміне қосымша
Есептегіш құралдары жоқ тұтынушыларға табиғи
газды тұрмыс жағдайында тұтыну нормативтері
N
Атауы
Өлшем
бірлігі
Табиғи
газды тұтынудың
орташа
жылдық
нормалары
газ есептегіш
құралы жоқ
жағдайда
1
Газ плитасы, орталықтандырылған ыстық суы және жылыту болған жағдайда
м
3
/адам
айына
15,00
2
Газ плитасы бар, бірақ орталықтандырылған ыстық суы және жылыту болмаған жағдайда
м
3
/адам
айына
18,50
3
Газ плитасы, газбен су жылытқышы бар, бірақ орталықтандырылған жылы суы болмаған жағдайда
м
3
/адам
айына
25,00
4
1 жануарға 1 айда азық дайындау және су жылытуға пайдаланатын газ
м
3
/бас
айына
жылқы
8,00
сиыр
40,00
шошқа
20,00
5
Тұрғын және басқа жайлардың 1м 2 жылытуға газды пайдаланғанда төмендегідей төлем төлеген жағдайда жылыту кезеңінде
м
3
/м
2
айына
14,00
6
Орталықтандырылған ыстық су және жылыту болмағанда духовкалы газ плиталы тұрғын және басқа жайлардың 1м 2 жылытуға газды пайдаланғанда төмендегідей төлем төлеген жағдайда жылыту кезеңінде
м
3
/м
2
айына
4,70
7
Моншада газбен су жылытқыш болған жағдайда
м
3
Тәулік бойы жұмыс істейтіндіктен газбен жанатын жабдықтың қуатына қарай
Ескерту: Газ есептегіші болған жағдайда пайдаланылған газ мөлшері, қандай мақсатта пайдаланса да, есептегіш құралы арқылы анықталады.