О некоторых вопросах Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 848 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ереже;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
Тармақша 9
9) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 10
10) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер;
Тармақша 11
11) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 1-тармағында, осы қаулыға 3-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 4-тармағында, осы қаулыға 3-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті осы қаулыға 3-қосымшаның 4 және 5-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті осы қаулыға 3-қосымшаның 6-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен оның ведомстволарына берсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес ұйымдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және оның ведомстволарына берсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрліктің қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:
Тармақша 1
1) ақпарат;
Тармақша 2
2) ақпаратқа қол жеткізу;
Тармақша 3
3) балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау;
Тармақша 4
4) телерадио хабарларын тарату;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдары;
Тармақша 6
6) діни қызмет;
Тармақша 7
7) мемлекеттік жастар және отбасы саясаты;
Тармақша 8
8) қоғамдық сананы жаңғырту;
Тармақша 9
9) қайырымдылық;
Тармақша 10
10) волонтерлік қызмет;
Тармақша 11
11) медиация;
Тармақша 12
12) ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) мемлекеттің, азаматтық қоғамның және қоғамдық кеңестердің өзара іс-қимылы;
Тармақша 14
14) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындауға міндетті құқықтық актілерді қабылдау;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Министрлік жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісу бойынша басқа мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
сотқа жүгіну;
өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомствоға беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
онлайн-платформаны немесе лездік хабарлар алмасу сервисін пайдаланушылардың
саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында
онлайн-платформадан немесе лездік хабар алмасу сервисінен бір тәуліктегі
пайдаланушылардың саны туралы ақпаратты сұрату;
онлайн-платформа немесе лездік хабар алмасу сервисі интернетте ақпараттық
ресурсты пайдаланушылардың санын айқындауға арналған бағдарламаны орнатпаған
жағдайда оларды пайдаланушылардың санын өз ресурстарымен айқындау;
Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік
онлайн-платформаның немесе лездік хабар алмасу сервисінің қызметін шектеу;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгiленген тәртiппен және мерзiмде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерін қабылдау және қарау;
Министрлікке жүктелген мақсаттар мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
Министрліктің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
Министрлікке бөлінген бюджет қаражатын толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу және осындай ақпаратты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға беру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;
Тармақша 4
4) реттелетін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды, дамытуды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіру;
Тармақша 7
7) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және ілгерілету кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;
Тармақша 8
8) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 10
10) «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарын беру тәртібін, олардың ақшалай сыйақы мөлшері мен номинациясын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 11
11) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 12
12) денсаулық сақтау және жарнама саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша саламатты өмір салтын дәріптеу жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 13
13) журналистерді аккредиттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 14
14) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 15
15) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 16
16) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 17
17) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 18
18) телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 19
19) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 20
20) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 21
21) есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 22
22) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 23
23) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 24
24) ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 25
25) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 26
26) республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 27
27) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 28
28) өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 29
29) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 30
30) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 31
31) белгілі бір аумақта халықтың тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарламалар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 32
32) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
Тармақша 33
33) жас ерекшелігіне қарай жіктеудің ақпараттық өнімін беру қағидалары мен әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34
34) жас санатының белгісіне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 35
35) көпарналы хабар таратуда таралуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау;
Тармақша 36
36) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 37
37) міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 38
38) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 39
39) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның құрамын бекіту;
Тармақша 40
40) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін мониторингтеу мен ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 41
41) ақпарат иеленушілерге ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 42
42) ақпарат иеленушілермен және пайдаланушылармен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 43
43) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 44
44) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 45
45) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 46
46) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық диалог интернет-порталында жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 47
47) мемлекеттік органдардың ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің бірыңғай тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 48
48) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті ұсыну;
Тармақша 49
49) Қазақстан Республикасында ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есепті өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 50
50) көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден босату тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 51
51) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 52
52) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 53
53) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын және құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық шарттарға басқа да қатысушылардың өз міндеттемелерін орындауын қадағалау;
Тармақша 54
54) Министрлік жасасу туралы ұсыныс енгізген, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұрын жасалған халықаралық шарттар бойынша тұрақты негізде халықаралық шарттар мониторингін жүргізу;
Тармақша 55
55) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;
Тармақша 56
56) өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі қызметіне басшылық жасау;
Тармақша 57
57) Министрлік реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 58
58) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 59
59) Министрлік реттейтін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Тармақша 60
60) Министрліктің даму жоспарын бекіту;
Тармақша 61
61) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
Тармақша 62
62) мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 63
63) біліктілік анықтамалықтарды және басшылардың, мамандардың және Министрлік реттейтін басқа да мемлекеттік ұйымдардың қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, бекіту;
Тармақша 64
«64) Министрліктің «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру тәртібі мен оның сипаттамасын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 65
65) Министрліктің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 66
66) Министрліктің тиісті қызмет салаларында азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 67
67) Министрлік реттейтін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 68
68) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволардың мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 69
69) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 70
70) дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 71
71) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша діни қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 72
72) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 72-1
72-1) діни қызмет саласындағы кәсіптік стандартты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73
73) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Министрлік реттейтін салада әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 74
74) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 75
75) халықты ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөнінде қабылданатын шаралар туралы хабардар ету, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;
Тармақша 76
76) әрекеті (немесе әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін бұзуға, ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін лауазымды адамдарды, мемлекеттік қызметшілерді тиісті жауапкершілікке тарту;
Тармақша 77
Тармақша 78
78) үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақылар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 79
79) уәкілетті органның жанынан Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, оның ережесі мен құрамын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 80
80) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін қалыптастыру, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 81
81) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 88-1
88-1) медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 82
82) үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 83
83) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор қызметінің нәтижелері туралы оның есебінің нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 84
84) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 85
Тармақша 86
Тармақша 87
87) қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 88
88) қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 89
89) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу;
Тармақша 90
90) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беру;
Тармақша 91
91) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңестеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын сараптама қорытындыларын алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберу;
Тармақша 92
92) Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 93
93) Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 94
94) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 95
95) қоғамдық кеңес құру;
Тармақша 96
96) қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
Тармақша 97
97) қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамындағы өкілдіктің дербес құрамын айқындау;
Тармақша 98
98) қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту;
Тармақша 99
99) үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру жоспарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 100
100) қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамында өкілдік ету;
Тармақша 101
101) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 102
102) жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;
Тармақша 103
103) қоғамдық сананы жаңғырту саласын және қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
Тармақша 104
104) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 105
105) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу, бекіту, күшін жою, тоқтата тұру, сондай-ақ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
Тармақша 106
106) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құру;
Тармақша 107
107) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 108
108) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жобалар мен жоспарларды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне бекітуге енгізу;
Тармақша 109
109) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 110
110) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы үрдістерді талдау мен болжауды жүзеге асыру;
Тармақша 111
111) қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
Тармақша 112
112) қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 113
113) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру;
Тармақша 114
114) әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 115
115) республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 116
116) жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 117
117) жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 117-1
117-1) жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 117-2
117-2) жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 117-3
117-3) жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 117-4
117-4) уақытша бос жүрген жастармен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тетіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 117-5
117-5) жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
Тармақша 118
118) бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 119
119) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 120
120) «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 121
121) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілерімен және байланыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібін айқындау;
Тармақша 122
122) ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
Тармақша 123
123) ашық бюджеттер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
Тармақша 124
124) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
Тармақша 125
125) қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының хабардар ету тәсілінің және жария талқылаулар жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша тиісті қорытындыны ұсыну;
Тармақша 126
126) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 127
127) Министрлік реттейтін салаларда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін болжау әдістемесін бекіту және әзірлеу;
Тармақша 128
128) ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 129
129) Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды, дамытуды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 130
130) өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 131
131) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу жұмысты қамтамасыз ету;
Тармақша 132
132) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тиімділігінің мониторингін жүргізу;
Тармақша 133
133) ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын келісу;
Тармақша 134
134) мерзімді баспасөз басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 135
135) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу, бекіту, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;
Тармақша 136
136) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының еркін қолжетімді теле-, радиоарналарының таратылуын қаржылай қамтамасыз ету (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ аналогтік телерадио хабарларын тарату арқылы) бөлігіндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 136-1
136-1) телерадио хабарларын тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 137
137) Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 138
138) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындайтын нормативтік құқықтық актіні әзірлеу;
Тармақша 139
139) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 140
140) бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 141
141) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 142
142) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асыру;
Тармақша 143
143) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізу;
Тармақша 144
144) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
Тармақша 145
145) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру;
Тармақша 146
146) бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 147
147) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
Тармақша 148
148) цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу бөлігінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының қызметін үйлестіру;
Тармақша 149
149) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
Тармақша 150
150) есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 151
151) есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізу;
Тармақша 152
152) эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 153
153) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру;
Тармақша 154
154) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзу анықталған кезде нұсқамалар беру;
Тармақша 154-1
154-1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және лездік хабарлар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 155
155) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда нұсқамалар мен хабарламалар жіберу;
Тармақша 156
156) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 157
157) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 158
158) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 159
159) телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктер жолағын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 160
160) Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін және құрамын әзірлеу, бекіту;
Тармақша 161
161) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
Тармақша 162
162) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің мониторингін жүзеге асыру;
163) Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының бұқаралық ақпарат құралдарында сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 164
164) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 165
165) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 166
166) Министрлік реттейтін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 167
167) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 168
168) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 169
169) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 170
170) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 171
171) заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
Тармақша 172
172) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;
Тармақша 173
173) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 174
174) республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 175
175) ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 176
Тармақша 177
Тармақша 178
178) мемлекеттік органдар қалыптастыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 179
179) діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
Тармақша 180
180) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 181
181) шет мемлекеттердің діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 182
182) діни қызмет, қоғамдық келісім, қоғамдық институттарды дамыту және қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік әлеуеті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 183
183) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметіне зерделеу және талдау жүргізу;
Тармақша 184
184) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің басшыларын тағайындауын келісу;
Тармақша 185
185) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 186
186) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосуларда және хабарларда көтеріп отырған жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингті және анықтауды жүзеге асыру;
Тармақша 186-1
186-1) жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;
Тармақша 186-2
186-2) орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғаларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін әзірлеу;
Тармақша 187
187) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 188
188) өз құзыреті шегінде діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды іске асыру;
Тармақша 189
189) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарымен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 190
190) республикада конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 191
191) республикадағы діни қызметті, конфессияаралық келісімді зерделеу және талдау жүргізу;
Тармақша 192
192) конфессияаралық келісім мен тағаттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 193
193) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 194
194) қайырымдылық саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 195
195) Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесін құру, оның ережесін және құрамын бекіту;
Тармақша 196
196) Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттарын құзыреті шегінде имплементациялау жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
Тармақша 197
197) қайырымдылық саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 198
198) республикалық және жергілікті деңгейлерде қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіруді және әдістемелік қолдап отыруды жүзеге асыру;
Тармақша 199
199) жыл сайын Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндаманы дайындауды және кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін ағымдағы жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асыру;
Тармақша 200
200) қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөнінде, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сандық құрам жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;
Тармақша 201
201) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 202
202) волонтерлік қызмет саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 203
203) волонтерлік қызмет саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
Тармақша 204
204) мемлекеттік органдардың волонтерлік қызметті дамыту саласындағы қызметін әдістемелік сүйемелдеуді үйлестіру және ұйымдастыру;
Тармақша 205
205) медиация мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша құқықтық мониторингті жүзеге асыру және ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 206
206) медиаторлар ұйымдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 207
207) өз құзыреті шегінде медиация мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 208
208) медиация жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету;
Тармақша 209
209) медиаторлар ұйымдары, медиацияны қолдану тетіктері, негіздері мен шарттары туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;
Тармақша 210
210) медиаторлар ұйымдарының тізілімін жүргізу;
Тармақша 211
211) медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыратын отставкадағы судьялардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 212
212) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 213
213) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
Тармақша 214
214) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 215
215) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 216
Тармақша 217
217) үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру және оны жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 218
218) үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін ұсынылатын мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 219
219) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың оның қызметінің нәтижелері туралы есебін қарау;
Тармақша 220
220) Қазақстан Республикасында волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинақтау мен қорытуды жүзеге асыру;
Тармақша 221
221) волонтерлік қызметті қолдау және волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға және волонтерлік акцияларды өткізуге тарту тәртібі жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 222
222) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 223
223) Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 224
224) қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 225
225) мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 225-1
225-1) мемлекеттік органдардың уақытша бос жүрген жастар санын азайтуға бағытталған іс-шаралар жөніндегі қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 226
226) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 227
227) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 228
228) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
Тармақша 229
229) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы үрдістерді талдау мен болжауды жүзеге асыру;
Тармақша 230
230) білім беру және тәрбиелеу жүйесінің ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті консультативтік көмек көрсету;
Тармақша 231
231) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 232
232) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 233
233) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларын және оның номинацияларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 233-1
233-1) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының ақшалай сыйақы мөлшерiн бекіту;
Тармақша 233-2
233-2) «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 233-3
233-3) «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының мөлшері мен санын бекіту;
Тармақша 234
234) жастардың волонтерлік қызметін дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 235
235) «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын дайындау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 236
236) Министрлік жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру және оның қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 237
237) үкіметтік емес ұйымдардың адамгершілік-рухани дамуға бағытталған қызметін үйлестіру және қолдау;
Тармақша 238
238) ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 239
239) мүдделі мемлекеттік органдармен жастардың адамгершілік-рухани дамуы, отбасылық саясат саласында өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 240
240) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
Тармақша 241
241) отбасы мәселелері бойынша республикалық және халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 242
242) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі ұлттық комиссиямен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 243
243) отбасылық саясат мәселелері бойынша орталық, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де субъектілердің қызметін үйлестіру;
Тармақша 244
244) отбасылық саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 245
245) үкіметтік емес ұйымдармен, отбасылармен жұмысты жүзеге асыратын дағдарыс орталықтарымен, олар өткізетін іс-шараларға тұрақты қатысуды қоса алғанда, өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 246
246) отбасы мәселелері бойынша брифингтер мен өзге де бұқаралық іс-шаралар дайындау;
Тармақша 247
247) отбасылық саясат саласындағы үрдістерді жүйелі талдау;
Тармақша 248
248) құзыреті шегінде медиацияны, қайырымдылықты дамытуға жәрдемдесу және үйлестіру;
Тармақша 249
249) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;
Тармақша 250
250) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 251
251) белгіленген құзырет шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 252
252) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;
Тармақша 253
253) мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 254
254) диаспоралармен жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 255
255) республикада ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 256
256) республикадағы этносаралық келісімге зерделеу және талдау жүргізу;
Тармақша 257
257) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру;
Тармақша 258
258) этносаралық келісім мен төзімділікті нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 259
259) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 259-1
259-1) сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг
фактілері бойынша өтінішті қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 259-2
259-2) телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл
жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 259-3
259-3) байланыс операторларына және (немесе) онлайн-платформалардың меншік
иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық
қызметке «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 41-1-бабының
1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманың күшін жою және
интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау туралы тапсырма;
Тармақша 259-4
259-4) интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау қағидаларын әзірлеу
және бекіту;
Тармақша 259-5
259-5) шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу
сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара
іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу;
Тармақша 259-6
259-6) шетелдік
онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды
жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және
бекіту;
Тармақша 259-7
259-7) жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ұсыну;
Тармақша 259-8
259-8) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 259-9
259-9) орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін Үйлестіру кеңесінің қарауына жіберу;
Тармақша 259-10
259-10) Үйлестіру кеңесінің мемлекеттік гранттардың бағыттары бойынша ұсынымдарын олардың құзыретіне сәйкес орталық мемлекеттік органдарға жіберу;
Тармақша 259-11
259-11) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 259-12
Тармақша 259-13
259-13) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындау;
Тармақша 259-14
259-14) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 259-15
259-15) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
Тармақша 259-16
259-16) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық
әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру
қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
Тармақша 259-17
259-17) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 259-18
259-18) қайырымдылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 259-19
259-19) қайырымдылық саласындағы жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
Тармақша 259-20
259-20) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 259-21
259-21) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру;
Тармақша 259-22
259-22) орталық және жергілікті атқарушы органдардың волонтерлік қызметті ұйымдастыру бөлігіндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 259-23
259-23) 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 19.10.2022 № 834 қаулысымен;
Тармақша 259-24
259-24) 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 19.10.2022 № 834 қаулысымен;
Тармақша 259-25
259-25) арнайы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
Тармақша 259-25
259-25) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
Тармақша 259-26
259-26) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 259-27
259-27) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
Тармақша 259-28
259-28) кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
Тармақша 259-29
259-29) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 260
260) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының, алқалы органдардың мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының, алқалы органдардың мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Министрлікке басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
Тармақ 17
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Министрлік реттейтін салалардағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;
Министрлік жанынан сараптамалық кеңестер мен өзге де консультативтік-кеңесші органдар құрады;
Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы немесе лауазымды тұлға басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Министрліктің мүлкі
4-тарау. Министрліктің мүлкі
Тармақ 22
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Министрлікке бекiтiп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік өзіне бекiтiп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
«Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы;
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы;
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
«Qazcontent» акционерлік қоғамы;
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы;
«Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы
ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы
ереже
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокорпорациясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Мемлекетаралық «Мир» телерадиокорпорациясының жұмысын үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
2. Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының 1997 жылғы 5 қыркүйектегі жарғысына сәйкес Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының Мемлекетаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы енгiзiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қазақстан Республикасының Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының жалпы жиналысындағы өкілетті өкілі болып бекітілсін.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.».
Тармақ 2
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
реттік нөмірі 123-99-жол алып тасталсын.
Тармақ 3
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне» деген бөлім алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіне» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне
375-1. «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы;
375-2. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы;
375-3. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы;
375-4. «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы;
375-5. «Казконтент» акционерлік қоғамы;
375-6. «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
375-7. «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
375-8. «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
375-9. «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетіне
375-10. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне
375-11. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
50 %».
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне
375-12. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне» деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне»;
375-13. «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы;
376. «Қазтехнологиялар» акционерлік қоғамы.
376-1. «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
376-2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
376-3. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитетіне
377. «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы.
378. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы.
379. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
380. «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы.
381. «Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».
Тармақ 4
4. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
12-бөлім алып тасталсын;
13-бөлімде:
мына:
«
13
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
294
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
60
1)
«Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ
30
2)
«Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ
30
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
13
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
407
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
93
1)
«Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ
30
2)
«Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ
30
3)
«Орталық коммуникациялар қызметі» РММ
33
»;
13-1-бөлімде:
мына:
«
13-1.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
551
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
203
1)
Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы)
203
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
13-1.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
715
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
203
1)
Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы)
203
».
Тармақ 5
Тармақ 6
Тармақ 7
7. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 32, 202-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.».
Тармақ 8
8. «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар мен «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік» екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 437 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 33, 228-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік» екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті орган болып айқындалсын.».
Тармақ 9
9. «Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.».
Тармақ 10
10. «Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
28 желтоқсандағы № 1083 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 542-құжат):
1-қосымшадағы 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
99.
«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2008 жылғы
5 ақпандағы
№ 104 қаулысына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнім: 1-санат бойынша өнім – «Материалдар, химикаттар, микроорганизмдер» мен «уыттар»; 9-санаттағы өнім – қозғалтқыш құрылғылары, ғарыш аппараттары мен қосалқы жабдықтар; Әскери тізім бойынша өнім
1-санат бойынша:
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
9-санат бойынша:
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті;
Әскери тiзiм бойынша:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi
»;
2-қосымшадағы 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5.
Тiзiмдерi, тiзбелерi экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттерi, зымырандық техника жасау кезiнде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің Көлік комитеті
».
Тармақ 11
11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 12
12. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 39 қаулысында:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;».
Тармақ 13
13. «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 19, 95-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесінде:
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
119.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі»
жеке және заңды тұлғалар халыққа қызмет көрсету орталықтарында алған қызметтер туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
».
Басқа 3-1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері республикалық мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері республикалық мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 3-2. Қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің
тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысына
2-қосымша
Қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің
тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттiк мекемесі – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттiк мекемесі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің «Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Микрография ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің «Микрография ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 3-3. Қайта аталатын мемлекеттік кәсіпорындардың
тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысына
3-қосымша
Қайта аталатын мемлекеттік кәсіпорындардың
тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Басқа 3-4. Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың
тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысына
4-қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың
тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне:
«Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы;
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы;
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы;
«Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамы;
«Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
«Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
«Qazcontent» акционерлік қоғамы»;
«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне:
«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне:
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетіне:
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Басқа 3-5. Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың
тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысына
5-қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың
тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне:
Акционерлік қоғамдар:
«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы;
«Қазтехнологиялар» акционерлік қоғамы;
«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетіне:
Акционерлік қоғамдар:
«Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы;
«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы;
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
«Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
«Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Басқа 3-6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 26 наурыздағы
№ 142 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
Тармақ 1
1. 1-тармағын, 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 209-құжат).
Тармақ 2
2. 1-тармағын, 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 58, 373-құжат).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 58).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы» 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 және «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 724 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 59-60).
Тармақ 5
5. «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 826 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 64, 423-құжат).
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Eurasian Resourses Group S.a.r.l.» компаниясының кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1411 және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 62 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 223 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 16, 110-құжат).
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 237 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 17, 118-құжат).
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 29 және 31-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 21, 170-құжат).
Тармақ 10
10. «Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 457 қаулысының 5-тармағы.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қарашадағы № 773 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 62-63, 377-құжат).
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 79 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 9-10, 40-құжат).
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 17-18, 98-құжат).
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 320 қаулысы.
Тармақ 15
15. «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 405 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 36-37-38, 207-құжат).
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 420 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 36-37-38, 212-құжат).
Тармақ 17
17. 1-тармағын, 2-тармағын және 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, «Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
21 шілдедегі № 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 42, 229-құжат).
Тармақ 18
18. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 549 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 53-54, 279-құжат).
Тармақ 19
19. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 641 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 59, 309-құжат).
Тармақ 20
20. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 642 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 59, 310-құжат).