Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы
- Атауы (қаз.)
- Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 56
- Қабылданған күні
- 27.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2021 129951_524036.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SM005275
- ЭКБ идентификаторы
- 129951
- Редакция идентификаторы
- 129951_524036
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:41
0 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) бекітілген, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілсін;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Уәлиханов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «___» _________ №___
қаулысына қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«Қызылту Су Арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
116
2%
2