О некоторых вопросах использования радиочастотного спектра Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының радиожиілiк спектрiн пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 860 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.01.2009 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен;
Тармақша 1-1
1-1) Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiр жолғы төлем мөлшерiн белгiлеу ережесi;
Тармақша 2
2)
алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.01.2009 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.01.2009 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.01.2009 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.10.2004 N 1016; 19.01.2009 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулыларымен.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурсын (спектрiн) пайдалану үшін республикалық бюджетке ақы төлеу ережесiн және ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 15 маусымдағы N 825 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 235-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 9. Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру ережесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы
N 932 қаулысымен
бекiтiлген
Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру ережесi
Ескерту Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.01.2009 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
Басқа 10. Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгілеу ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 21 шілдедегі
N 932 қаулысымен
бекітілген
Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бір жолғы төлем мөлшерiн белгілеу ережесi
📌 Ескерту. Ережемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2004 N 1016 қаулысымен.
Тармақ 1
1. Радиожиілiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн бiр жолғы төлем (бұдан әрi - бiр жолғы төлем) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс саласындағы уәкілеттi орган өткiзетiн конкурс (аукцион) қорытындылары бойынша анықталады.
Тармақ 2
2. Радиожиілiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi - радиожиілiк спектрiнiң номиналдары) үшін бастапқы бағаны конкурс (аукцион) өткiзу жөнiндегi комиссия анықтайды, бiрақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн радиобайланыстың тиiстi түрiнiң радиожиілiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетін төлемнiң жылдық ставкасынан кем болмауы керек.
Тармақ 3
3. Конкурс өткiзiлетiн жағдайда бiр жолғы төлем бастапқы бағаны құрайды.
Тармақ 4
4. Аукцион өткiзiлген кезде бiр жолғы төлемнiң мөлшерi байланыс саласындағы уәкілеттi орган бөлген, радиожиiлiк спектрiнiң номиналдарына қатысушы ұсынған неғұрлым жоғары баға негiзiнде анықталады.
Тармақ 5
5. Бiр жолғы төлемдi конкурс (аукцион) жеңiмпазы қорытынды шешiм шығарылғаннан кейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей салық төлеушiнiң тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттік бюджетке төлейдi.
Басқа 16. Радиожиiлік спектрін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің жылдық ставкалары
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің
2002 жылғы 21 тамыздағы
N 932 қаулысымен
бекiтілген
Радиожиiлік спектрін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің жылдық ставкалары
📌 Ескерту. Жылдық ставкасы алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.01.2009 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
Басқа 17. Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым ставкалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы
N 932 қаулысымен
бекiтiлген
Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым ставкалары
📌 Ескерту. Алым ставкасы алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.01.2009 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.
Басқа 18. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым ставкалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы
N 932 қаулысымен
бекiтiлген
Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым ставкалары
📌 Ескерту. Алым ставкасы алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.01.2009 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен.