О внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан по вопросам пассажирского транспорта Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жолаушылар көлiгi мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу туралы Жолаушылар көлiгi саласында нарықтық қатынастарды жетiлдiру, кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлiгiн монополиясыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 маусымдағы N 773 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Тендерде жеңiп шыққан заңды және жеке тұлғалар белгiлi бiр бағытта (бағыттарда) жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына келiсiм-шарт жасалғандығын растайтын куәлiк алады".
Тармақ 2
2. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.01.2005 № 29 қаулысымен.