Об утверждении перечня измерений, относящихся к государственному регулированию Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесін бекіту туралы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Басқа 1. Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №162 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №237 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі р/с № Объ­ек­ті­ні және қол­да­ну са­ла­сын көр­се­те оты­рып өл­шем­дер­дің ата­уы Өл­шем­дер­ге қой­ы­ла­тын мет­ро­ло­ги­я­лық та­лап­тар Ес­керт­пе Өл­шеу диа­па­зо­ны Шек­ті рұқ­сат еті­л­ген қа­те­лік неме­се дәл­дік кла­сы 1 2 3 4 5 1 Кө­лік құ­рал­да­ры­ның қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғын (км/сағ) мо­биль­ді жыл­дам­дық өл­ше­гіш­тер­мен өл­шеу 20-дан 250 км/сағ дей­ін ± 2 км/сағ. Тір­кеу: - бел­гі­лен­ген қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғы­нан асып ке­ту; 2 Кө­лік құ­рал­да­ры­ның қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғын (км/сағ) ста­ци­о­нар­лық жыл­дам­дық өл­ше­гіш­тер­мен өл­шеу 20-дан 250 км/сағ дей­ін ± 2 км/сағ. 3 Руль­дік бас­қа­ру­да­ғы жиын­тық люфт­ті өл­шеу 0°-тан 30°-қа дей­ін ± 1° «Жол жү­рі­сі қа­ғи­да­ла­рын, Кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат бе­ру жө­нін­де­гі негіз­гі ере­же­лер­ді, кө­лі­гі ар­найы жа­рық және ды­быс сиг­нал­да­ры­мен жаб­дық­та­лу­ға және ар­найы тү­сті-гра­фи­ка­лық схе­ма­лар бой­ын­ша бо­я­лу­ға ти­іс же­дел және ар­найы қыз­мет­тер тіз­бе­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2023 жы­л­ғы 30 мау­сым­да­ғы № 534 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 33003 бо­лып тір­кел­ген) 4 Ал­дың­ғы әй­нек пен ал­дың­ғы бүй­ір­лік әй­нек­тің жа­рық өт­кіз­гіш­ті­гін өл­шеу 0%-тен 70%-ке дей­ін ± 2 % 5 Ши­на про­тек­то­ры су­ре­ті­нің қал­дық би­ік­ті­гін өл­шеу 0-ден 150 мм-ге дей­ін. ± 0,01мм. 6 Пай­да­ла­ны­л­ған га­з­дар­да­ғы ком­по­нент­тер­дің кон­цен­тра­ци­я­сын өл­шеу - кө­лем­дік үле­стің 0-ден 5%-не дей­ін СО Аб­со­лют­ті ± 0,03% Са­лы­стыр­ма­лы ± 5 % - кө­лем­дік 0-ден 16%-ке дей­ін СО2 Аб­со­лют­ті ± 0,5% Са­лы­стыр­ма­лы ± 5 % - 0-ден 21%-ке дей­ін О2 Аб­со­лют­ті ± 0,1% Са­лы­стыр­ма­лы ± 5 % - 0 млн-1-ден 2000% млн-1-ге дей­ін СН Аб­со­лют­ті ± 10 млн-1 Са­лы­стыр­ма­лы ± 5 % 7 Кө­лік құ­рал­да­ры қоз­ға­лы­сы­ның ор­та­ша жыл­дамды­ғын (км/сағ) ста­ци­о­нар­лық жыл­дам­дық өл­ше­гіш­тер­мен өл­шеу - Ор­та­ша жыл­дам­дық­ты есеп­теу ке­зін­де ± 2 км/сағ Қоз­ға­лы­стың ор­та­ша жыл­дамды­ғы­нан асып ке­ту­ін тір­кеу 8 Ста­ци­о­нар­лық ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­дер­дің ба­қы­ла­на­тын учас­ке­сін өл­шеу (мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мі­рі­нің та­ну­дың шек­ті қа­шық­тығы) 10-нан 100 м-ге дей­ін ± 1°% Тір­кеу: - Кө­лік құ­рал­да­рын тоқ­та­ту неме­се тұ­р­ақ­қа қою қа­ғи­да­ла­рын бұ­зу; - бағ­дар­шам­ның тый­ым са­лу сиг­на­лы­на өту; - жол бел­гі­ле­рін­де жа­зы­л­ған та­лап­тар­ды сақ­та­мау; - жа­яу жүр­гін­ші­лер­ге неме­се жол қоз­ға­лы­сы­ның өзге де қа­ты­су­шы­ла­ры­на қоз­ға­лы­ста ар­тық­шы­лық бер­меу; - ма­невр жа­сау қа­ғи­да­ла­рын бұ­зу. 9 Ап­па­рат­тық-про­грам­ма­лық ке­шен­дер­дің ор­на­ла­су ко­ор­ди­нат­та­рын өл­шеу Шек­те­у­сіз. ± 10 м Құқық бұ­зу­шы­лық ор­нын тір­кеу. Бар­лық ЖЖҚ бұ­зу­шы­лық­та­ры үшін, ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­дер­дің бар­лық түр­ле­рі үшін мін­дет­ті өл­шем бо­лып та­бы­ла­ды. 10 Шы­ғың­қы нүк­те­лер бой­ын­ша кө­лік құ­рал­да­ры­ның га­ба­рит­те­рі мен ста­ци­о­нар­лық ап­па­рат­тық-про­грам­ма­лық ке­шен­дер­дің жол бел­гі­сі ара­сын­да­ғы қа­шық­тық­ты өл­шеу 0-ден 5 м-ге дей­ін ± 0,5 м Жол бел­гі­сі­мен жа­зы­л­ған та­лап­тар­ды сақ­та­маудың бұ­зу­шы­лы­ғын тір­кеу. 11 Уа­қыт­ты син­хрон­дау қа­те­сін өл­шеу Шек­те­у­сіз. ± 2 с Құқық бұ­зу­шы­лық уа­қы­тын тір­кеу. Бар­лық ЖЖҚ бұ­зу­шы­лық­та­ры үшін, ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­дер­дің бар­лық түр­ле­рі үшін мін­дет­ті өл­шем бо­лып та­бы­ла­ды. 12 Мо­биль­ді ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­дер­дің ба­қы­ла­на­тын учас­ке­сін өл­шеу (мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мі­рі­нің та­ну­дың шек­ті қа­шық­тығы) Шек­те­у­сіз. ± 1 % Тір­кеу: - көлiк құ­рал­да­рын тоқ­та­ту неме­се тұ­р­ақ­қа қою қа­ғи­да­ла­рын бұ­зу; - жол бел­гі­ле­рін­де жа­зы­л­ған та­лап­тар­ды сақ­та­мау.