Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию и захоронение твердых бытовых отходов по городу Риддеру Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтерді бекіту туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 24/3-VI шешімі күші жойылған деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-178 болып тіркелді, 2018 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Басқа 4. Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтер
Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы «28» ақпандағы № 30/8-VI шешіміне қосымша Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтер № Атауы Есептік өлшемі Бағасы, теңге 1 Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтер 1.1 Жеке тұлғалар үшін Айына 1 тұрғын 219 1.2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 1 текше метр 1774