Об утверждении Правил формирования национальной системы прогнозирования трудовых ресурсов и использования ее результатов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н. Мұқышевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Басқа 0. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе;
Тармақша 2
2) «Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі» ақпараттық-талдау жүйесі – еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар ұсынатын ақпаратты жинақтау және талдамалы өңдеуге арналған автоматтандырылған жүйе;
Тармақша 3
3) еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі – жұмыс күшіне болжамды тұрғыдан сұранысты және ұсынысты айқындауға мүмкіндік беретін, қолданылатын әдістер мен тәсілдер кешені.
Тармақ 3
3. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін осы Қағидаларға қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік органдар ұсынатын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қалыптастырады.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшада көрсетілген мемлекеттік органдар жыл сайын 15 сәуірге дейін Жүйеге жүктеу арқылы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға мынадай деректерді: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өткен бес жыл үшін деректерді; осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес болжамды мәліметтерді ұсынады. Мүдделі мемлекеттік органдар болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өзгерістер енгізген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жаңартылған мәліметтерді өзгерістер енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынады.
Тарау 2. 2-тарау. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 6
6. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру үшін «Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі» ақпараттық-талдау жүйесі пайдаланылады.
Тармақ 7
7. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі Жүйені қолдану арқылы мына кезеңдерге қалыптастырылады:
Тармақша 1
1) қысқа мерзімді кезең, болжамдау мерзімі – 1 жыл;
Тармақша 2
2) орта мерзімді кезең, болжамдау мерзімі – 5 жыл;
Тармақша 3
3) ұзақ мерзімді кезең, болжамдау мерзімі – 2050 жылға дейін.
Тармақ 8
8. Қысқа мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі тоқсан сайын қалыптастырылады және ол әзірленген тоқсанды қоспағанда, кейінгі төрт тоқсандағы кезеңді қамтиды.
Тармақ 9
9. Орта мерзімді кезеңге еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі кадрларды білім беру бағдарламаларының топтары бойынша даярлау бағыттары бөлінісінде жыл сайынғы негізде қалыптастырылады және ол қалыптасатын жылды қосқанда, кейінгі бес жыл кезеңін қамтиды.
Тармақ 10
10. Ұзақ мерзімді кезеңге арналған Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі үш жылда бір рет қалыптастырылады және ол қалыптасатын жылды қосқанда, 2050 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
Тармақ 11
11. Еңбек ресурстарының болжамы: қысқа мерзімді кезеңге – есепті тоқсаннан кейінгі әр айдың 20-күнінен кешіктірмей; орта мерзімді кезеңге – есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей; ұзақ мерзімді кезеңге – әр үш жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей жүйеге орналастыруға жатады.
Тармақ 12
12. Қысқа мерзімді кезеңге Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жұмыс берушілердің ақпараты негізінде «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталымен интеграциялау арқылы, кейіннен талдау және өңдеумен мынадай теңдеудің көмегімен қалыптастырылады: мұнда, Xt – t кезеңіндегі болжамды жұмыспен қамту; c, ai, bi, – модель параметрлері; p, d, q – авторегрессиялық бөлігінің тәртіптері, айырманың алынуы, жылжымалы орта мәннің бөлігі; Δd – d тәртібінің уақыттық қатар айырмасының операторы (бірінші тәртіптің айырмасын d рет бірізді алу – алдымен уақыттық қатардан, кейіннен бірінші тәртіптен алынған айырмалардан, кейіннен екінші тәртіптен және т.б.); Ɛt – ақ шуыл.
Тармақ 13
13. Жұмыс күшінің болжамды ұсынысын анықтау үшін орта кезеңге арналған Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі мынадай ақпараттың негізінде қалыптастырылады:
Тармақша 1
1) халықтың, оның ішінде жұмыс күшіне кіретін халықтың саны;
Тармақша 2
2) халықтың туу көрсеткіші;
Тармақша 3
3) негізгі себептер бойынша халықтың өлім-жітімі;
Тармақша 4
4) бағыттар бөлінісінде xалықтың көші-қоны;
Тармақша 5
5) өңір-сала бөлінісінде жұмыспен қамтылған халық.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген деректерді өңірлер, жергілікті жердің типі, бір жылдық жасы және жынысы бойынша орта мерзімді кезеңге арналған болжамды қалыптастыру жылының алдындағы кемінде бес жылдық кезең үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жыл сайынғы негізде ағымдағы жылғы 15 сәуірден кешіктірмей береді.
Тармақ 15
15. Жұмыс күшіне болжамды ұсынысты анықтау үшін орта кезеңге арналған Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 16
16. Орта мерзімді кезеңге арналған еңбек күшіне болжамды сұранысты анықтау үшін салалар бойынша жұмыспен қамту факторларына сәйкес жұмыс күшіне сұраныс қалыптастырылатын теңдеу пайдаланылады: мұнда – x жылында r өңірінде және i саласында жұмыс күшіне сұранысты болжамды бағалау; – r өңірі және i саласы үшін сұраныс теңдігінің базалық коэфиценті; – i саласы және r өңірі үшін факторлық коэффициенті; – x жылында r өңіріндегі i саласының жұмыспен қамту факторларының болжамды мәнінің векторы. коэффициенттерін қайта есептеу жыл сайын жүзеге асырылады, бұл ретте, қайта бағалау нәтижелері бойынша негізгі драйверлердің жиынтығы олардың жаңа кезеңдер үшін қалыптасқан жұмыспен қамтудың нақты көрсеткіштерімен байланысының орнықтылығына сәйкес өзгереді.
Тармақ 17
17. Жұмыс күшіне болжамды сұранысты анықтау үшін ұзақ мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген ақпаратты және мынадай болжамды көрсеткіштерді пайдаланумен қалыптастырылады: жалпы өңірлік өнім көлемі (ЖӨӨ); өнеркәсіптік өндіріс көлемі; ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі; бөлшек тауар айналымының көлемі; халыққа ақылы қызмет көрсету көлемі; инвестициялардың көлемі мен бағыттары; еңбек өнімділігінің өзгеруі; жұмыссыздық деңгейі. Ұзақ мерзімді кезеңге арналған еңбек ресурстарына болжамды ұсыныстың есебі осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген теңдеуді пайдалана отырып жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін пайдалану тәртібі
3-тарау. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін пайдалану тәртібі
Тармақ 18
18. Қысқа мерзімді кезеңге арналған Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін мемлекеттік органдар:
Тармақша 1
1) жұмыссыз халықты және жұмыс іздеп жүрген адамдарды қысқа мерзімді даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) еңбек нарығындағы жағдай мен сұранысқа ие мамандықтар туралы халықтың қалың тобын хабардар ету үшін пайдаланады.
Тармақ 19
19. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін мемлекеттік органдар:
Тармақша 1
1) техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ораталық мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлеу;
Тармақша 3
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу;
Тармақша 4
4) бюджет саясатын, жастар, көші-қон, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саясатын әзірлеп, іске асыру кезінде пайдаланады.
Тармақ 20
20. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастырудың нәтижелері «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
Басқа 1. Демографиялық болжамды есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі
Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына 1-қосымша Демографиялық болжамды есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі Р/с № Көр­сет­кіш­тер Жа­у­ап­ты орын да­у­шы Өт­кен 5 жыл 20___ 20___ 20___ 20___ 20___ 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Жас және өңір­лер бө­лі­ні­сін­де мек­теп­ке дей­ін­гі жас­та­ғы ба­ла­лар­дың са­ны, адам БҒМ 2 Сы­нып­тар мен жас бө­лі­ні­сін­де ор­та бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы бі­лім алушы­лар­дың са­ны, адам БҒМ 3 Ма­ман­дық­тар мен жас бө­лі­ні­сін­де ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі (тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік) бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы бі­лім алушы­лар­дың са­ны, адам БҒМ 4 Жоғары білім беру ұйымдарында даярлық бағыттары, курстары және жастары бөлінісінде білім алушылар саны, адам БҒМ 5 Өңір­лер және бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру мер­зім­де­рі бө­лі­ні­сін­де бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру­ға сот­тал­ған­дар­дың са­ны, адам ІІМ
Басқа 2. Еңбек ресурстарының болжамын есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі
Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына 2-қосымша Еңбек ресурстарының болжамын есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі Р/с № Көр­сет­кіш­тер Жа­у­ап­ты орын да­у­шы Ағым­да­ғы жыл / ба­ға­лау Бо­лжам­ды жыл­дар Бо­лжам­ды көр­сет­кіш­тер­дің негіз­де­ме­сі (негіз­гі жо­ба­лар мен ша­ра­лар) 20___ (1 бо­лжам­ды жыл) 20___ (2 бо­лжам­ды жыл) 20___ (3 бо­лжам­ды жыл) 20___ (4 бо­лжам­ды жыл) 20___ (5 бо­лжам­ды жыл) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Да­му­дың жал­пы­ла­ма көр­сет­кіш­те­рі 1 ЖІӨ НКИ, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % ҰЭМ ЖӨӨ НКИ, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % ЖАО 2 Қа­ла хал­қы­ның ор­та­ша жыл­дық са­ны, млн адам ҰЭМ ЖАО 3 Ха­лық­тың нақ­ты ақ­ша­лай кі­ріс ин­дек­сі, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % ЖАО Эко­но­ми­ка са­ла­ла­ры­ның ЖҚҚ НКИ, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % 4 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы, ор­ман және ба­лық ша­руа шы­лы­ғы ҰЭМ ЖАО 5 Өң­деу өнер­к­ә­сі­бі ҰЭМ ЖАО 6 Тау-кен өнер­к­ә­сі­бі және ка­рьер­лер­ді өң­деу ҰЭМ ЖАО 7 Электр­мен жаб­дық­тау, газ, бу бе­ру және ауа­ны бап­тау ҰЭМ ЖАО 8 Су­мен жаб­дық­тау; кә­різ жүй­е­сі, қал­дық­тар­дың жи­на­луын және та­ра­ты­луын ба­қы­лау ҰЭМ ЖАО 9 Құ­ры­лыс ҰЭМ ЖАО 10 Кө­тер­ме және бөл­шек са­уда; ав­то­мо­биль­дер мен мо­то­ци кл­дер­ді жөн­деу ҰЭМ ЖАО 11 Кө­лік және қой­ма­лау ҰЭМ ЖАО 12 Тұ­ру және та­мақ­та­ну бой­ын­ша қыз­мет­тер ҰЭМ ЖАО 13 Ақ­па­рат және бай­ла­ныс ҰЭМ ЖАО 14 Қар­жы және сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ҰЭМ ЖАО 15 Жы­л­жы­май­тын мү­лік­пен жа­са­ла­тын опе­ра­ци­я­лар ҰЭМ ЖАО 16 Кә­сі­би, ғы­лы­ми және тех­ни­ка­лық қыз­мет ҰЭМ ЖАО 17 Әкім­ші­лік және қо­сал­қы қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қыз­мет ҰЭМ ЖАО 18 Мем­ле­кет­тік бас­қа­ру және қор­ға­ныс; мін­дет­ті әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру ҰЭМ ЖАО 19 Бі­лім бе­ру ҰЭМ ЖАО 20 Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік қыз­мет­тер ҰЭМ ЖАО 21 Өнер, ой­ын-са­уық және де­ма­лыс ҰЭМ ЖАО 22 Бас­қа қыз­мет­тер­ді ұсы­ну ҰЭМ ЖАО Са­ла­лар бой­ын­ша негіз­гі ка­пи­тал­ға ин­ве­сти­ци­я­лар­дың НКИ, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % 23 Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы, ор­ман және ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ҰЭМ ЖАО 24 Кө­тер­ме және бөл­шек са­уда; ав­то­мо­биль дер мен мо­то­цик­л­дер­ді жөн­деу ҰЭМ ЖАО Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы, ор­ман және ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы 25 Өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы жал­пы өні­мі­нің нақ­ты кө­лем ин­дек­сі, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % АШМ ЖАО 26 Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы жал­пы өні­мі­нің нақ­ты кө­лем ин­дек­сі, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % АШМ ЖАО 27 Дән­ді да­қыл­дар­дың (кү­ріш­ті қо­са ал­ған­да) және бұр­шақ­ты да­қыл­дар­дың жал­пы жиы­ны (өң­де­уден кей­ін­гі сал­ма­ғын­да), млн тон­на АШМ ЖАО Тау-кен өнер­к­ә­сі­бі және ка­рьер­лер­ді өң­деу 28 Кө­мір мен лиг­нит (кө­мір кон­цен­тра­ты­нан бас­қа) өн­ді­ру кө­ле­мі, млн тон­на ИИДМ ЖАО 29 Газ кон­ден­сат тын қо­са ал­ған­да, мұ­най өн­ді­ру кө­ле­мі, млн тон­на Энер­ге­ти­ка ми­ні ЖАО Өң­деу өнер­к­ә­сі­бі 30 Мұ­най­дың қай­та өң­дел­ген өнім­де­рі­нің НКИ, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % Энер­ге­ти­ка ми­ні ЖАО 31 Қа­ра ме­тал­лур­гия өні­мі­нің НКИ, өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % ИИДМ ЖАО 32 Негіз­гі асыл және түр­лі тү­сті ме­тал­дар өн­ді­рі­сі­нің НКИ ИИДМ ЖАО Электр­мен жаб­дық­тау, газ, бу бе­ру және ауа бап­тау 33 Электр энер­ги­я­сын өн­ді­ру кө­ле­мі, млн. кВт * сағ Энер­ге­ти­ка ми­ні ЖАО Кө­лік және қой­ма­лау 34 Кө­лік­тің бар­лық түр­ле­рі­нің жүк ай­на­лы­мы, млрд. ткм ИИДМ ЖАО 35 Те­мір жол кө­лі­гі­нің жүк ай­на­лы­мы, млрд. ткм ИИДМ ЖАО 36 Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­нің жүк ай­на­лы­мы, млрд. ткм ИИДМ ЖАО Кә­сі­би, ғы­лы­ми және тех­ни­ка­лық қыз­мет 37 ҒЗТ­КЖ-ға ар­нал­ған іш­кі шы­ғын­дар, млрд. тең­ге БҒМ ЖАО Мем­ле­кет­тік бас­қа­ру және қор­ға­ныс; мін­дет­ті әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру 38 Қо­ғам­дық тәр­тіп­ке, қа­уіп­сіз­дік­ке, құқық­тық, сот, қыл­мыстық-ат­қа­ру қыз­ме­тіне жер­гі­лік­ті бюд­жет­тің шы­ғын­да­ры, млрд тең­ге, ЖАО 39 Бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру тү­рін­де жа­за­сын өте­уді аяқ­та­ған адам­дар­дың са­ны (бо­лжам­ды жыл үшін), адам ІІМ ЖАО Бі­лім 40 Бі­лім бе­ру­ге жер­гі­лік­ті бюд­жет­тің шы­ғын­да­ры, млрд тең­ге ЖАО Ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер 41 Ха­лық­тың қан ай­на­лы­мы жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры­мен жал­пы сыр­қат­та­нуы, аб­со­лют­тік сан­дар ДСМ ЖАО 42 Ха­лық­тың ас қо­ры­ту ор­ган­да­ры­ның ау­ру­ла­ры­мен жал­пы сыр­қат­та­нуы, аб­со­лют­тік сан­дар ДСМ ЖАО Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі; ҒЗТКЖ – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар; ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі; ЖАО – Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары; ЖҚҚ – жалпы қосылған құн; ЖӨӨ – жалпы өңірлік өнім; ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі; кВт * сағ – киловатт-сағат; НКИ – нақты көлем индексі; ткм – тонна-километр; ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі; ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; Энергетикамині – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.