Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 87 · қабылданған 02.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-130039/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 87 ·02.04.2019
18.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 87 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
87
Қабылданған күні
02.04.2019
Көрсетілген редакция
18.03.2021 130039_524030.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SM005299
ЭКБ идентификаторы
130039
Редакция идентификаторы
130039_524030
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:34

0 Мүгедектерге арналған жұмыс

орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 болып тіркелген) бекітілген, мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2

2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2018 жылғы 6 сәуірдегі №73 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2018 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4673 болып тіркелген).

3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілсін;

3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 2 сәуір №87
қаулысына қосымша
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

р/н
Ұйымдар атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота
пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Кішкенекөл №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
68
2 %
1
2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
70
2 %
1

Қолданыстағы