Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қазандағы №14/196 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3454 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы «19» наурыздағы №38/383 шешімімен бекітілген Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Иесіз қалдықтарды басқару Мұнайлы ауданының әкімдігімен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қалдықтарды басқару мақсатында Мұнайлы ауданының әкімдігімен мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрылады (бұдан әрі–Комиссия). Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган болып коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыруға уәкілетті «Мұнайлы аудандық тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі табылады.
Тармақ 5
5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
Тарау 2. 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
Тармақ 6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды Мұнайлы ауданының әкімдігі Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан, жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Қалдықтармен жұмыс істеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.