Об утверждении Инструкции по формированию и утверждению комитета кредиторов в процедурах банкротства, реабилитационной процедуре и во внесудебной процедуре ликвидации Күшін жойған
Басқа 0
Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы нұсқаулық
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 1
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңын іске асыру және құру тәртібі жөніндегі комитеттің өз қызметі шегінде банкроттық рәсімін өткізуге бақылау жүргізуді іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
Тармақ 3. Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы нұсқаулық
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 67 бұйрығымен бекітілген
Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы нұсқаулық
Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтарындағы Заңына сәйкес әзірленді.
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарының банкроттық рәсімдерінде, оңалту рәсімінде және таратудың соттан тыс рәсімінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту сұрақтарын айқындайды.
Тармақ 1. 1. Конкурстық іс кезінде кредиторлар комитетін қалыптастыру
1. Конкурстық іс кезінде кредиторлар комитетін қалыптастыру
Тармақ 1
1. Кредиторлар комитетінің құрамы өз тағайындауынан кейін 10 (он) күн мерзімде конкурстық басқарушыны қалыптастырады.
Тармақ 2
2. Кредиторлар комитетіне еңбекақыны төлеу бойынша кредиторлар, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор, сондай-ақ борышкерге талаптардың шағын сомасы бар конкурстық кредиторлар өкілі кіреді.
Тармақ 3
3. Кредиторлар комитеті саны жетіден аспайтын тақ мүшелер санынан тұрады.
Тармақ 4
4. Конкурстық кредиторлар комитеті және борышкерге талаптардың аздаған сомасы бар кепіл мүлкімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлар құрамына енгізу үшін конкурстық кредиторлардың бухгалтерлік теңгермесіне қосымшаның кредиторлық берешегін ашуды анықтайды.
Тармақ 5
5. Конкурстық басқарушы осындай кредиторларға конкурстық істі өткізу үшін кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлардың деректерін енгізу туралы ұсынысты және кредиторлық берешектің сомасын көрсете отырып борышкерді тану туралы хабарламаны, сондай-ақ олардың талаптарын растайтын құжаттарды беру туралы ұсынысты жібереді.
Кредиторлардың жеткілікті саны болған кезде бес және жеті мүшеден кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастыруға кепілдік беріледі.
Тармақ 6
6. Конкурстық басқарушы кредитордың жазбаша келісімі болған кезде оның құрамына кредиторлар комитетін енгізеді.
Тармақ 7
7. Кредитор кредиторлар комитетінің мүшесі ретінде банкроттық рәсімдерінде қатысудан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, конкурстық басқарушы борышкерге талаптың көбірек сомасы бар одан кейінгі кредиторға ұсынысты жібереді.
Тармақ 8
8. Еңбекақыны төлеу жөніндегі борышкерге (екінші кезектегі кредиторлар) талаптары бар тұлғалар құпия дауыс берумен жиналыста (конференцияда) өз талаптарын қарау кезінде борышкер алдында олардың мүдделерін қорғауға уәкілетті өкілді сайлайды. Жиналысқа қатысушылар екінші кезектегі кредиторлардың барлығы, оның ішінде авторлық сыйақылар бойынша кредиторлар болуы мүмкін. Жиналыс шешімі дауыстардың жай басымдығын дауыс беру жолымен қабылданады.
Конкурстық басқарушы 10 (он) күн ішінде кредиторлар комитетінде қатысу үшін олардың өкілдерін сайлау бойынша жиналысты өткізудің күні, орны және уақыты туралы екінші кезектегі еңбек ұжымы мен басқаларын хабарландырады.
Тармақ 9
9. Конкурстық басқарушы олардың заңды өкілдерінің немесе осы кезектегі кредиторлардың санынан кем емес кворум болған кездегі екінші кезектегі кредиторлардың жиналысын ұйымдастырады және өткізеді. Кворум жоқ болған жағдайда бір күннен артық емес мерзімде қайтадан жиналысты өткізеді. Бұл жағдайда, жиналыс шешімі онда қатысатын екінші кезектегі кредиторлар санынан ескеріп дауыстардың жай басымдығымен қабылданады.
Тармақ 10
10. Екінші кезектегі кредиторлардың сайланған өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді және бір дауысы бар.
Тармақ 11
11. Конкурстық басқарушы қалыптастырған борышкердің кредиторлар комитеті құрамының тізімі тиісті құжаттардың қосымшасымен (1 және 2-қосымша) бекіту үшін Комитетке немесе оның аумақтық органына жіберіледі.
Тармақ 12
12. Комитет және оның аумақтық органы берілген құжаттарды қарайды және ескертулер жоқ болған кезде тиісті құжаттарды (3-қосымша) алу күнінен бастап үш күннен кешіктірмейтін мерзімде кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді.
Тармақ 13
13. Құжаттардың толық емес комплектін беру кезінде Комитет және оның аумақтық органы берілген құжаттарды өңдеуге оларды алу күнінен бастап үш күннен кешіктірмейтін мерзімде қайтарады.
Тармақ 14
14. Кредиторлар комитетінің қалыптастырылған және бекітілген құрамына Заңның 2 және 3-тармақтарының талаптары есебімен конкурстық кредиторлардың санынан жаңа мүшелер енгізілуі мүмкін.
Тармақ 15
15. Борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің аудитін өткізу жағдайында конкурстық басқарушы Комитетке және оның аумақтық органына кредиторлар комитеті мүшелерінің заңдылығын растайтын қорытындыны береді.
Тармақ 16
16. Комитет және оның аумақтық органы мынадай жағдайларда Заңның 11-бабының 5-тармақшасына және 10-1-баптың 9-тармақшасына сәйкес кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістерді енгізуге құқылы:
толық көлемде кредиторлар талаптарының тізілімі бойынша тиісті кезекті кредиторлық берешекті қанағаттандыру;
кредиторлар комитетінің мүшесі болып табылатын кредиторлардан азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша борышкерге талаптардың үлкен сомасы бар кредиторларды анықтау.
Тармақ 17
17. Борышкердің келісімінсіз кредитордың жеке тұлғасы борышкер үшін біраз мәні бар міндеттеме бойынша талапқа жол беруіне жол берілмейді (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 345-бабының 2-тармағы).
Тармақ 2. 2. Оңалту рәсімі кезінде кредиторлар комитетін қалыптастыру
2. Оңалту рәсімі кезінде кредиторлар комитетін қалыптастыру
Тармақ 18
18. Оңалту рәсімі кезінде кредиторлар комитетін қалыптастыру үшін Комитет және оның аумақтық органы кредиторлар комитетінің құрамы бойынша ұсынысты және Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың қосымшасымен оған оңалту рәсіміне қатысты қолдану туралы борышкердің берілген өтінішін қарайды.
Тармақ 19
19. Кредиторлар комитетінің құрамы және оның мүшелерінің саны Нұсқаулықтың 3 және 4-тармақтарымен айқындалады.
Тармақ 20
20. Комитет немесе оның аумақтық органы борышкер берген құжаттар негізінде Заңның 11-бабының талаптарын ескере отырып кредиторлар комитетін қалыптастырады және әрбір кредиторды жекелеп оны кредиторлар комитетінің құрамына енгізу туралы хабарлайды.
Тармақ 21
21. Кредиторлар комитетінің құрамына кірген кредиторлардың жазбаша келісімі кезінде Комитет немесе оның аумақтық органы бес күннен кешіктірмейтін мерзімде кредиторлар комитетінің құрамын бекіту туралы бұйрықты шығарады.
Ескерту: 21-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 15 бұйрығымен .
Тармақ 22
22. Хабарламаның келіп түсу сәтінен үш күннен кешіктірмейтін мерзімде кредиторлар комитетіне қатысуға кредитордың жазбаша қарсылығы жоқтығы кредиторлар мүшесі ретінде оңалту рәсіміне қатысуға кредитордың келісімі деп саналады.
Егер кредитор кредиторлар комитетінің мүшесі ретінде қатысудан жазбаша бас тартуды жарияласа Комитет және оның аумақтық органы кредиторлар комитетіне басқа кредиторларды енгізеді.
Тармақ 23
23. Комитет және оның аумақтық органы он күннен кешіктірмейтін мерзімде кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырады және кредиторлар комитетінің бірінші жиналысын шақырады.
Кредиторлар комитетінің бірінші жиналысында борышкерді оңалту жоспары қаралады. Оны қуаттау жағдайында сотқа кредиторлар комитеті жиналысының хаттамасын және Комитет немесе оның аумақтық органы өтінішінің қосымшасымен оған қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы борышкердің өтінішін жіберу туралы шешім қабылданады.
Тармақ 24
24. Кредиторлар комитетінің құрамына Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарының талаптарын ескеріп жаңа мүшелер енгізілуі мүмкін.
Осы Нұсқаулықтың 16-тармағымен көзделген жағдайларда Заңның 11-бабының 5-тармағымен және 10-1-бабының 9-тармақшасына сәйкес Комитет немесе оның аумақтық органы кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістерді енгізуге құқылы.
Тармақ 3. 3. Соттан тыс тарату рәсімі кезінде кредиторлар комитетін қалыптастыру
3. Соттан тыс тарату рәсімі кезінде кредиторлар комитетін қалыптастыру
Тармақ 25
25. Дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс тарату рәсімі кезінде Комитет немесе оның аумақтық органы Заңның 10-1-бабының 5-тармағының негізінде кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырады.
Тармақ 26
26. Кредиторлар комитетінің құрамы және оның мүшелерінің саны осы Нұсқаулықтың 3 және 4-тармақтарымен айқындалады.
Тармақ 27
27. Заңның 97-бабының 1-тармағына сәйкес кредиторлар комитетін қалыптастыру борышкер берген үміткерлер санынан жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Комитет немесе оның аумақтық органы борышкер берген құжаттарды, оның ішінде теңгерме бойынша кредиторлық берешекті ашып көрсетуді қарайды және ескертулер жоқ кезде үш күннен астам емес мерзімге Заңның 70-бабының 1-тармақшасына сәйкес (4 және 5-қосымшалар) кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді.
Тармақ 29
29. Соттан тыс таратудың рәсімі барысында кредиторлар комитетінің қалыптастырылған және бекітілген құрамына Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарының талаптарын ескере отырып конкурстық кредиторлардың санынан жаңа мүшелер енгізілуі мүмкін.
Тармақ 30
30. Конкурстық басқарушы Комитет немесе оның аумақтық органына осы Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарымен көзделген тәртіпте кредиторлар комитетін қалыптастыру үшін борышкер берген үміткерлер туралы ақпаратты береді.
Тармақ 31. Өтініш
31. Осы Нұсқаулықтың 16 тармағында фактілер табылған жағдайда конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінің қалыптастырылған және бекітілген құрамына өзгерістер енгізу үшін Комитетке немесе оның аумақтық органына жүгінеді.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 67 бұйрығымен бекітілген,
Оңалту рәсімдерін және
соттан тыс таратылуын, банкроттық
рәсімдерінде кредиторлар комитетін
қалыптастыру және бекіту туралы
нұсқаулыққа 1-қосымшасы
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитетінің
_____________________
облысы бойынша басқармасы
Өтініш
Кредиторлар комитетінің
құрамын бекіту туралы
_____________ сотының 2002 жылғы "___" _____________ шешімімен
_____________________________________ банкрот деп танылды.
(банкрот-ұйымның атауы)
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21
қаңтардағы Заңның 10-1 және 70-баптарына және Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы______ N ___ бұйрығымен бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес______________________
(банкрот-ұйымның атауы)
кредиторлар комитетінің құрамы бойынша ұсынысты жіберемін.
Кредиторлар комитетінің берілген құрамын қарауды және бекітуді сұраймын.
Қосымша:
Тармақ 1
1. _____ парақтағы (2-қосымша) кредиторлар комитетінің құрамына ұсынылатын үміткерлер тізбесі;
Тармақ 2
2. _____ парақтағы теңгерме бойынша бюджетке және азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлық берешекті ашып көрсету;
Тармақ 3
3. _____ парақтағы еңбек ұжымы өкілін сайлау хаттамасының көшірмесі;
Тармақ 4
4. _____ парақтағы ұсынылатын кредиторлардың заңдылығын растайтын құжаттар (салыстыра тексеру актісі, шарттар);
Тармақ 5. Бекіту үшін берілген кредиторлар комитетінің құрамы
5. Басқалары.
Конкурстық басқарушы _________________ _______________
(қолы) (аты-жөні)
орынд. _____
тел. _____
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 67 бұйрығымен бекітілген,
Оңалту рәсімдерін және
соттан тыс таратылуын, банкроттық
рәсімдерінде кредиторлар комитетін
қалыптастыру және бекіту туралы
нұсқаулыққа 2-қосымшасы
Бекіту үшін берілген кредиторлар комитетінің құрамы
______________________________
(банкрот ұйымның атауы)
____________________________________________________________________
N Кредитор атауы Берешек сомасы Ескерту (келісім хаттың
(мың теңге) N және күні)
____________________________________________________________________
Тармақ 1
1.
Тармақ 2
2.
Тармақ 3
3.
Тармақ 4
4.
Тармақ 5
5.
Тармақ 6
6.
Тармақ 7. БҰЙРЫҚ
7. ____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 67 бұйрығымен бекітілген,
Оңалту рәсімдерін және
соттан тыс таратылуын, банкроттық
рәсімдерінде кредиторлар комитетін
қалыптастыру және бекіту туралы
нұсқаулыққа 3-қосымшасы
Ескерту: 3-қосымша өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 15 бұйрығымен .
БҰЙРЫҚ
Кредиторлар комитетінің
құрамын бекіту туралы (конкурстық іс)
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 "Қаржы Министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы қаулысына және Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы ___________ N ___________ бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес _______________________________
(аты-жөні)
конкурстық басқарушының өтініші негізінде__________________________
(банкрот-ұйымның атауы)
кредиторлар комитетінің құрамын бекіту туралы
Тармақ 1
1. Кредиторлар комитеті_______________________________________
(банкрот-ұйымның атауы)
мына құрамда бекітілсін:
Тармақ 1
1. _________________________
Тармақ 2
2. _________________________
Тармақ 3
3. _________________________
Тармақ 4
4. _________________________
Тармақ 5
5. _________________________
Тармақ 2. Өтініш
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау___________________________
(аты-жөні)
комитеті басқармасы бастығының орынбасарына жүктелсін.
Комитет төрағасы
(Басқарманың бастығы) _________________ _______________
(қолы) (аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 67 бұйрығымен бекітілген,
Оңалту рәсімдерін және
соттан тыс таратылуын, банкроттық
рәсімдерінде кредиторлар комитетін
қалыптастыру және бекіту туралы
нұсқаулыққа 4-қосымшасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
кіріс министрлігінің Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс жөніндегі
комитетінің _____________________
облысы бойынша басқармасы
Өтініш
Кредиторлар комитетінің
құрамын бекіту туралы
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңның 97-бабындағы 1-тармаққа және Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы ___________ N _____ бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес __________________________
(банкрот-ұйымның атауы) кредиторлық берешекті растайтын құжаттар және таратудың соттан тыс тарату рәсімі кезінде
____________________________________________________________________ (банкрот-ұйымның атауы)
кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастыру және бекіту үшін үміткерді ұсынамыз.
Кредиторлар комитетінің берілген құрамын қарауды және бекітуді сұраймын.
Қосымша:
Тармақ 1
1. _____ парақтағы (2-қосымша) кредиторлар комитетінің құрамына ұсынылатын үміткерлер тізбесі;
Тармақ 2
2. _____ парақтағы теңгерме бойынша бюджетке және азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлық берешекті ашып көрсету;
Тармақ 3
3. _____ парақтағы еңбек ұжымы өкілін сайлау хаттамасының көшірмесі;
Тармақ 4
4. _____ парақтағы ұсынылатын кредиторлардың заңдылығын растайтын құжаттар (салыстыра тексеру актісі, шарттар);
Тармақ 5. БҰЙРЫҚ
5. Басқалары.
Борышкердің басшысы _________________ _______________
(қолы) (аты-жөні)
орынд. _____
тел. _____
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
жөніндегі комитет төрағасының
2002 жылғы 11 шілдедегі
N 67 бұйрығымен бекітілген,
Оңалту рәсімдерін және
соттан тыс таратылуын, банкроттық
рәсімдерінде кредиторлар комитетін
қалыптастыру және бекіту туралы
нұсқаулыққа 5-қосымшасы
Ескерту: 5-қосымша өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 15 бұйрығымен .
БҰЙРЫҚ
Кредиторлар комитетінің
құрамын бекіту туралы
(конкурстық іс)
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 "Қаржы Министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы қаулысына және Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын,
банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы ___________ N ________ бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес 2002 жылғы "___" __________ кредиторлар жиналысының хаттамасы _______________________
(банкрот-ұйымның атауы)
борышкердің өтініші негізінде
Тармақ 1
1. Кредиторлар комитеті_____________________________________
(банкрот-ұйымның атауы)
мына құрамда бекітілсін:
Тармақ 1
1. _________________________
Тармақ 2
2. _________________________
Тармақ 3
3. _________________________
Тармақ 4
4. _________________________
Тармақ 5
5. _________________________
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау__________________________
(аты-жөні)
комитеті басқармасы бастығының орынбасарына жүктелсін.
Комитет төрағасы
(Басқарма бастығы) _________________ _______________
(қолы) (аты-жөні)