О рациональном использовании площадей государственного нежилого фонда объектов коммунальной собственности и утверждении Правил предоставления в имущественный найм (аренду) объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе коммунальных предприятий и государственных учреждений Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік тұрғын емес қордың коммуналдық меншіктегі объектілер алаңдарын тиімді пайдалану және коммуналдық кәсіпорындар мен мемлкеттік мекемелер балансындағы мемлкеттік тұрғын емес жай қорынан объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру ережелерін бекіту туралы» 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2006.11.20 N 25/01 қаулысымен. Коммуналдық мешікті басқару Департаментінің (әрі қарай - Департамент) 2000-2001 жылдардағы және осы жылғы мемлекеттік тұрғын емес қордың коммуналдық меншіктегі объектілер алаңдарын тиімді пайдалану және оларды мүліктік жалдауға беру ақпаратын қарастыра отырып облыс әкімдігі атап көрсетеді; Департаментте мемлкеттік тұрғын емес қордан объектілерді тиімді пайдалану жөнінде белгіленген жұмыстар жүргізілуде, тағы да коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалдауға беруден түскен қаражаттармен облыс бюджеті толықтырылуда. Қарағанды облысы әкімінің 2001 жылғы 27 наурыздағы «Облыстың мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындары алаңдарын ретке келтіру және тиімді пайдалану туралы» №60-ө өкіміне сәйкес, Департамент жалпы алаңы 67 мың шаршы метр болатын мемлкеттік тұрғын емес қордың жүз объектісіне түгендеу жүргізілген. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен қаржыланатын мемлекеттік органдарды тікелей қаржыландурымен 44,4 мың шаршы метр алаң қамтылған. Мүліктік жалдауға беру шарты артылған 22,6 мың шаршы алаңға жасалған, ал 9,6 мың шаршы метр алаңға ақысыз пайдалану келісім- шарты жасалған. 13 мемлекеттік құрылымдардың бастапқы орындалуын ауыстыруы бойынша жұмыстар жүргізілген. 2002 жылғы 340 объектінің түгенделуі жоспарланған, оның 2002 жылдың 1 маусымына дейін 119-ы түгенделген. Мемлекеттік тұрғын емес қордан мүліктік жалдауға беруден облыс бюджетіне 2000 жылдан 2002 жылдың маусымына дейін болжаммен 66,5 миллион теңге орнына 73,2 миллион теңге, соның ішінде 2000 жылы 30,6 миллион теңге, ал 2001 жылы 27,9 миллион теңге, 2002 жылдың жылдық жоспары 24,0 миллион теңге болса, жыл басынан бері 14,7 миллион теңге түсті. 2002 жылдың 1 маусымына дейін 58,10 шаршы метр алаңға мүліктік жалдауға берудің 515 шарты жұмыс істуде, ның 17,8 шаршы метрі ақысыз пайдалану келісім-шарты бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорындар мен мекемелерге берілген. 2000-2001 жылдары Департмент мүліктік жалдауға беру жөнінде мектеп жанындағы 96 асхананың тамақ блоктары жайына 11 тендер өткізген. Аз қамтамасыз етілген отбасы балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету шарт жасасудың негізгі шарты болып табылады. 2000 жылы 57 мектепте ақысыз тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасыларының 1611 оқушылары қамтылған, ал 2001 жылы 84 мектепте 2016 оқушы, мұнымен басқа мүліктік жалдауға беру шарты бойынша 2001 жылы тендерге қатыспаған облыстық 12 мектеп асханаларында ақысыз тамақпен 180 оқушы қамтылған. Тұрғын емес қорды пайдаланудың тиімділігін көтеру үшін Департаментте жүргізілген жұмыстар: мемлкеттік тұрғын емес қордан мүліктік жалдауға берілген жайлардың заңдылықты берілгенін және мүліктік жалдау шарты бойынша уақытында жалдық ақыны төлеуді көрсету рейдтерінің 87 тексеріс қорытындысы бойынша бюджетке 991,45 мың теңге түсті; жалгерлердің қолданудағы жайларына бақылау өлшеулерін тексеру бойынша 83 тексеріс қорытындысымен 97,6 шаршы мерт алаңның есепке алынбағаны анықталып, бюджетке қосымша 187,10 мың теңге түсті; мүліктік жалдауға берудегі шарт бойынша берешектерді төлеттіру мақсатымен наразылық-қуаным жұмыстары арқылы 2000-2001 жылдары сот шешімімен 330,60 мың теңге өндіріліп алынды; мектеп асханаларын жалға алушылардың мүліктік жалдауға беру шартындағы талаптарды орындалуын тексеру бойынша 157 рейд жүргізілді. Меншіктің республикалық және коммуналдық болып бөлінгеннен кейін Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 1998 жылғы №613 қаулысымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй емес қорының объектілерін жалға берудің қолданылып жүрген қағидасы күшін жоғалтқан. Осыған байланысты коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің балансындағы мемлкеттік тұрғын үй емес қорының объектілерін жалдау (жалға беру) қағидасының жобасын бекіту облыстық әкімдіктің қарауына ұсынылды. Тұрғын емес қордағы коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың тиімділігі және облыс бюджетіне жалдаудан түсетін ақша қаражаттары қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелері басшыларына байланысты. Департмаентсіз өз беттерінше мемлекеттік тұрғын емес қордың жайларын жалдауға беру фактілері кездеседі, ол жергілікті бюджетке жалға беру қаржысының толық түспеуіне, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын емес қорға түгендеу жүзгізуіне кедергі келтіреді. Сонымен бірге, мүліктік жалдауға беру шарты бойынша түскен қаражаттар туралы мәліметтер ұсынуға жергілікті салық органдарының жәрдемдері жоқ. Жоғарыда айталғандар негізінде Қарағанды облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Коммуналдық меншікті басқару Департаментінің мемлекеттік тұрғын емес қорынан коммуналдық меншік объектілерін тиімді пайдалану және оларды мүліктік жалдауға беру туралы ақпараты қаперге алынсын.
Тармақ 2
2. Коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қорындағы объектілерді мүліктік жалдауға беру (жалға беру) Ережелері бекітілсін.
Тармақ 3
3. Коммуналдық меншікті басқару Департаменті (В.Н. Иванов) мемлекеттік тұрғын емес қордың коммуналдық меншіктегі объектілер алаңдарын тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 4
4. Қалалар және аудан әкімдері 2002 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде коммуналдық меншіктегі объектілерді, оларды ұтымды, тиімді пайдалану және жалға берілген алаңдар үшін ақыны мезгілінде төлеу мақсатында, түгендеуді жүргізсін.
Тармақ 5
5. Қарағанды облысы бойынша салық комитеті (Ш.Ш. Тұрсымбеков) қалалар мен аудандардағы мүліктік жалдауға беру келісім- шарты бойынша бюджетке түсетін ақшалай қаражаттар туралы ақпараттарды жүйелі жинақтасын және ұсынсын.
Тармақ 6
6. Қарағанды облысы Әділет басқармасының қаулы бекіткен Ережелерді тіркеуден бас тартуына байланысты 2002ж. 18 маусымдағы №06/03 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қарағанды облысы әкімінің бірінші орныбасары И.У. Тоғайбаевқа және Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Б. Өтешовке жүктелсін.
Басқа 8. Коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер балансындағы мемлекеттік тұрғын емес жай қорынан объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру ЕРЕЖЕСІ
Қарағанды облысы әкімдігінің 2002ж. 02 тамыздағы № 07/10 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер балансындағы мемлекеттік тұрғын емес жай қорынан объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 23.01.2001 ж. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148-II Заңына, «Коммуналдық меншікті басқару Департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге және негізгі принциптерді, коммуналдық кәсіпорын мен мекемелер балансындағы, сонымен қатар белгіленген заңнамалар тәртібі бойынша, коммуналдық меншікті басқару Департаментінің иелігіне түскен объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Мүліктік жалдау объектілері деп, ведомстволық жіктеуіне байланыссыз, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар балансындағы жайлар, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және басқа да мүліктер айтады (әрі- қарай – Объект).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының ерекше меншігі болып саналатын, облыстық мәні бар мәдени және тарихи ескерткіш болып табылатын ғимараттарды мүліктік жалдауға (жалға) беру тарихи – мәдени мұраларды қорғау және сақтау жөніндегі тиісті мемлекеттік органдармен алдын – ала келісім бойынша коммуналдық меншікті басқару Департаментінің шешімімен беріледі.
Тармақ 4
4. Коммуналдық меншікті басқару Департаменті (әрі-қарай – Жалға беруші) объектінің баланс ұстаушының келісімі бойынша, ол пайдаланылмаған бос алаң бар болған жағдайда міндетті түрде жалға беруді жүзеге асырады. Мүліктік жалдау (жал) мерзімі келісім шарт бойынша, келісім шарттарының тиісті орындалуы кезінде шарт мерзімін ұзарту құқығымен бір жылдан артық емес уақытқа жасалады.
Тарау 2. 2. Сатып алуға құқығы жоқ объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібі.
2. Сатып алуға құқығы жоқ объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібі.
Тармақ 5
5. Объектілерді мүліктік жалдауға деген сұранымды кез келген заңды тұлға және жеке тұлға бере алады. Сұраным Жалға берушіге беріледі.
Тармақ 6
6. Түскен сұранымдар және оларға қабылданған шешімдер бір ай мерзімінде орындалады.
Тармақ 7
7. Келесі құжаттары бар болған жағдайда ғана объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) пайдалану туралы түскен сұранымдар ғана қаралады:
Тармақша 1
1) Объектілерге техникалық – экономикалық негіздеудің қажеттілігі:
Тармақша 2
2) құрылтайлық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (заңды ұлға үшін);
Тармақша 3
3) төлқұжат немесе жеке куәлік (жеке тұлға үшін).
Тармақ 8
8. Жалға берушіге ұсынылған құжаттардың және қаралған сұранымдардың нәтижесі бойынша, төменгі шешімдердің тек біреуі ғана қаралады:
Тармақша 1
1) белгілі бір мақсатта пайдалану бойынша, мүліктік жалдауға (жалға) берілетін Объектілер туралы;
Тармақша 2
2) Объектілерге Жалға алушыны таңдау арқылы тендер өткізу туралы;
Тармақша 3
3) себебін көрсету арқылы, жазбаша түрде бас тарту.
Тармақша 4
4) белгіленген объекті бойынша мүліктік жалдау (аренда), жайды нақты пайдаланған мерзімнен бастап беру туралы. Егер, екі не одан да көп сұранымдар сұраушыларға қойылған талаптар қанағаттандырылған болса, онда тендердің Объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) беруі, тек қана тендер қорытындысы бойынша болады.
Тармақ 9
9. Объектілерді мүліктік жалға беру кезінде, олардың тұрған жері, күйі, қалпы, мақсатты түрде белгіленген пайдалану бағыты, жалдау ақысының есептік мөлшерлемелері мен жоғарылатқыш (төмендеткіш) коэффициенттерінің мөлшерімен, аймақтық жағдайда есепке ала отырып анықталады және оны облыс әкімі бекітеді.
Тармақ 10
10. Жалға беруші тендер өткізу туралы шешім қабылдағанда:
Тармақша 1
1) тендердің өтетін жері мен күні және тендер жеңімпазын анықтауының шарттары;
Тармақша 2
2) тендер құжаттамалары бекітіледі;
Тармақша 3
3) тендер комиссиясы құрылады;
Тармақша 4
4) кепілдік жарнамаларды қабылдайды;
Тармақша 5
5) тендер комиссиясы отырысының хаттамаларын бекітеді;
Тармақша 6
6) тендер жеңімпазымен мүліктік жалдау (жал) келісім шартына отыруын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) Осы Ереженің 27-28 тармақтарында көрсетілген жайдан басқа, тендер аяқталғаннан кейін, тендерге қатысушылардың кепілдік жарнамалары қайтарылып беріледі;
Тармақша 8
8) тендерді өткізу үшін қажетті, басқа да мәселелерді жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Тендер комиссиясы тендерді ұйымдастырушы болып табылады.
Тармақ 12
12. Тендер комиссиясының құрамына Жалға берушінің, баланс ұстаушылар, мүдделі мекемелер, тәуелсіз мамандар мен сарапшылар өкілдері тартылады. Жалға берушінің өкілі комиссия төрағасы болады.
Тармақ 13
13. Жалға берушінің бұйрығымен комиссия құрамы бекітіледі.
Тармақ 14
14. Тендер комиссиясы мына қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Жалға берушінің белгіленген уақытында және негізі бойынша, оларға ұсынылған Объекті туралы тендер шарттары жасалады;
Тармақша 2
2) тендерді хабарландыру үшін басқа қажет құжаттарды және тендер құжаттамаларын дайындайды;
Тармақша 3
3) тендерді өткізеді;
Тармақша 4
4) тендерлік және басқа қажет құжаттамаларды дайындау кезінде, сұранымдарды талдау мен жинау жұмыстарын жүргізген кезде, қажет болса, мамандар мен сарапшылар тартылады.
Тармақша 5
5) тендер қорытындысы бойынша, мазмұнды тұжырым не шешім арқылы анықталған тендердің жеңімпазы жөнінде тендер комиссиясы мәжілісінің хаттамасын рәсімдейді;
Тармақша 6
6) осы Ережеде көрсетілген басқа да, қызметтерді атқарады.
Тармақ 15
15. Жалға беруші тендер құжаттамаларының шарттары мен құрамын нақтылы тәртіппен анықтайды.
Тармақ 16
16. Жалға беруші тендер өткізгенге дейінгі 15 күннен кем емес уақыт аралығында, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде тендер өткізу туралы хабарлама жариялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Тендер өткізу туралы хабарламаға келесі мәліметтер енгізіледі:
Тармақша 1
1) тендер объектісін қысқаша сипаттау:
Тармақша 2
2) мүліктік жалдауға (жалға) беру уақыты;
Тармақша 3
3) кепілдік төлем төлеудің тәртібі, уақыты, мөлшері;
Тармақша 4
4) тендер талаптары және жеңімпазды анықтау шарттары;
Тармақша 5
5) тендер өткізу орыны, уақыты, күні;
Тармақша 6
6) тендерге қатысу үшін, сұранымдарды қабылдау уақыты мен қабылдау мекенжайы;
Тармақша 7
7) тендерге қатысу тәртібін рәсімдеу туралы мәліметтер;
Тармақша 8
8) тендерге қатысу үшін қажет құжаттар тізілімі;
Тармақша 9
9) тендер объектісімен танысу және тендерлік құжаттамаларды алу шарттары, мезгілі, мекенжайы.
Тармақша 10
10) Жалға берушінің басқа да өзіндік ақпараттары.
Тармақ 18
18. Тендер комиссиясымен анықталған, тәртіп бойынша, тендерге қатысушының жазбаша талап-тілектеріне, тендер құжаттамалары жинақ түрінде ұсынылады.
Тармақ 19
19. Тендер құжаттамалары бөлімдерінің негізгі мазмұны:
Тармақша 1
1) тендер объектілері туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) ұсынылған сұранымдардың және оған қоса берілген құжаттарға талаптар;
Тармақша 3
3) тендерді өткізу тәртібі мен шарты;
Тармақша 4
4) тендер жеңімпазын анықтау шарттары;
Тармақша 5
5) мүліктік жалдау (жал) шартының жобасы;
Тармақша 6
6) тендерге қатысу сұранымының үлгісі.
Тармақ 20
20. Тендер өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін, тендерге қатысушыларды тіркеу жүргізіледі және тендер өтуге 3 күн қалғанда тоқтатылады.
Тармақ 21
21. Жалға беруші тендер өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін, барлық тілек білдірушілерге Объекті және тендер өткізу ережелері туралы мәлімдемелерді еркін алуды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 22
22. Тендерге қатысу үшін үміткерге қойылған Жалға берушінің белгіленген талабына қажетті ұсынымдар:
Тармақша 1
1) тендерге қатысуға сұраным, үміткердің тендерге қатысуға келісімі жөнінде, оның тендер шарттарын орындау туралы міндеттері және мүліктік жалдау (жал) келісім шартын құруы;
Тармақша 2
2) жапсырылған хатта тендер шарттары жөнінде ұсыныстар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы заңды тұлғалардың нотариалды куәландырылған жарғыларын, заңды тұлғалардың тіркелуі туралы куәлік, санақ карточкасы көшірмелерін және олардың өкілдерінің өкілеттілігін куәландыратын құжаттарды ұсынуы қажет;
Тармақша 4
4) шетелдік заңды тұлғалардың құрылтайлық құжаттары орыс тіліне аударылып, нотариалды куәландырылып ұсынылады;
Тармақша 5
5) жеке тұлға үшін – төлқұжат немесе жеке куәлік;
Тармақша 6
6) кепілдік жарнаның аударылғаны жөнінде растау қағасы, төлем тапсырмасының көшірмесі;
Тармақша 7
7) бюджет алдында қарыздарының жоғы туралы мәлімет;
Тармақша 8
8) хабарламада көрсетілген басқа да құжаттар;
Тармақ 23
23. Объектілерді мүліктік жалдауға сұранымды кез келген заңды тұлға және жеке тұлға бере алады. Сұраным Жалға берушіге беріледі.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, Жалға берушінің депозиттік есеп шотына, көрсетілген мәлімдеме тендер өткізу туралы, тендерге қатысушылар кепілдік жарнама мөлшерін уақытында және тәртіп бойынша төлейді. Кепілдік жарнаманың мөлшері мәлімдеме жарияланғаннан кейін, өзгертілуге тиіс емес. Жалға беруші кепілдік жарнаның алушысы болып табылады.
Тармақ 25
25. Тендерді өткізу шығынына байланысты, кепілдік жарна тендер өткізу үшін, Жалға берушінің қарауы бойынша белгіленеді.
Тармақ 26
26. Кепілдік жарна тендерге қатысушылардың келесі міндеттерін қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) тендерге жеңіске жеткен жағдайда, тендердің қорытындысы туралы хаттамаға қол қоюын;
Тармақша 2
2) тендердің қорытындысы жайындағы хаттамаға сейкес, мүліктік жалдауға (жалға) беру келісім шартына отыруын.
Тармақ 27
27. Тендерде жеңіп алған қатысушының кепілдік жарнасы және жасалған мүліктік жалдау (жал) келісім шарты, мүліктік жалдау (жал) бойынша, тиесілі төлемге қатысты.
Тармақ 28
28. Мына жағдайда, Жалға берушіден кепілдік жарна қайтарылмайды:
Тармақша 1
1) тендерге қатысушыға – тендердің өткізілуіне 3 күннен аз уақыт қалғанда, жазбаша түрде қатысудан бас тартқанда;
Тармақша 2
2) жеңімпазға – тендер жеңімпазы жауап беретін ұсыныстардан, мүліктік жалдау келісім шартына қатысты, талаптардан бас тартқанда.
Тармақ 29
29. Ереженің 28 тармағынан басқа, барлық жағдайда кепілдік жарна тендер өткеннен кеінгі 10 банкілік күн ішінде қайтарылады, егер ақша Жалға берушінің есепшотына тендер өткеннен кейін түссе, онда ақша түскеннен кейін, 10 банкілік күн ішінде қайтарылады.
Тармақ 30
30. Тендерге қатысушылар бірнеше кепілдік жарна төлеуге құқықты, бірақ бір кепілдік жарна бір Объектінің тендеріне қатыса алады.
Тармақ 31
31. Тендерге қатысушылардың құқықтары:
Тармақша 1
1) тендерге өзі немесе сенімхат арқылы ресми негізделген өз өкілдері қатыса алады;
Тармақша 2
2) тендерге айқыдалып қойылған Объектілер туралы қосымша мәліметтерді ақысыз ала алады;
Тармақша 3
3) Объектіні алдын- ала қарайды;
Тармақша 4
4) Құқығы бұзылған кезде сотқа бере алады;
Тармақша 5
5) тендер өтуге 3 күн уақыт қалғанда, Жалға берушіге жазбаша түрде хабарлап, сұранымды қайтарып ала алады;
Тармақ 32
32. Сұранымдарды қабылдау біткеннен кейін (үшінші және одан кейінгі тендерді есептемегенде) бір сұранымнан артық тіркелмесе, тендер өтпеген болып есептеледі.
Тармақ 33
33. Тендер өтетін күні, тендер комиссиясы мәжілісте тендерге қатысушылардың ұсынысы жайындағы хат қалтаны ашады және ұсыныстарды жариялайды. Хат қалтаны ашпас бұрын, комиссия оның бүтіндігін тексереді, ол мәжіліс хаттамасында бекітіледі. Хат қалтаны ашқанда және ұсыныстарды жариялағанда тендерге қатысушылар немесе олардың тиісті уәкілдері қатыса алады.
Тармақ 34
34. Тендер комиссиясы тендерлік құжаттамаларды қойылған ұсыныстардың талапқа сәйкестілігін тексереді. Егер, тендерлік құжаттамалардағы қойылған ұсыныстар талапқа сай келмесе, көрсетілген ұсыныстар ары қарай талқыланбайды және осы сұранымды ұсынушы тендерге қатысу мәртебесін жоғалтады, ол туралы мәжіліс хаттамасында бекітіледі.
Тармақ 35
35. Хат қалтаны ашып, ұсыныстарды жариялағаннан кейін, тендер комиссиясы ұсынысты ақылдасып бағалауға, кеңесуге кетеді. Тендерге қатысушылар және олардың уәкілдері ұсынысты талқылап, бағалауға қатысуға құқықтары жоқ.
Тармақ 36
36. Тендер комиссиясының шешімі, комиссияға қатысушы мүшелерінің дауысына байланысты қабылдананады, дауыс берушілер теңбе- тең болса, онда тендер комиссиясының төрағасының дауысы шешуші болады.
Тармақ 37
37. Отырысқа тендер комиссиясының үштен екі мүшесі қатысса, онда тендер комиссиясының отырысы құқық өкілеттілі болып табылады.
Тармақ 38
38. Тендер жеңімпазы деп, тендер комиссисяның шешімі бойынша, Объекті үшін ең көп жалдау сомасы төлеген және тендер құжаттамаларындағы талаптарға жауап беретін тендерге қатысушыларды айтады.
Тармақ 39
39. Тендер комиссиясы қорытындысы немесе тендердің бақадай қорытынды шешімі арқылы, тендерің жеңімпазын анықтайтын хаттаманы рәсімдеуде бүкіл тендер комиссиясының мүшелері қол қойып Жалға берушімен бекітіледі. Бұл хаттамаға тендер жеңімпазы да қол қояды.
Тармақ 40
40. Хаттамада болатын мәліметтер:
Тармақша 1
1) тендер комиссиясының құрамы;
Тармақша 2
2) Объектінің атауы;
Тармақша 3
3) Объектінің техникалық сипаттамасы;
Тармақша 4
4) тендер шарты;
Тармақша 5
5) тендерге қатысушылар туралы мағлұмат және олардың ұсыныстары;
Тармақша 6
6) тендерге қатысушылардың тізілімі;
Тармақша 7
7) ұсынылған тендерге қатысушылардың жалдау ақысы;
Тармақша 8
8) тендер жеңімпазы;
Тармақша 9
9) мүліктілік жалдаудың келісім шартына қол қоюда екі жақтың міндеттемелері.
Тармақ 41
41. Тендердің қорытындысы туралы, хаттаманың көшірмесі тендер жеңімпазына беріледі, бұл мүліктік жалдаумен келісім шартқа отыруды куәландыратын құжат екенін білдіреді.
Тармақ 42
42. Тендер қорытындысы туралы хаттама негізінде, жеңімпаз ұсыныстарына жауап беретін, мүліктік жалдау келісім шартына отыру.
Тармақ 43
43. Тендер хаттамасына қол қойылғаннан кейін, 10 күтізбелік күн ішінде, жалға алушымен мүліктік жалдау қорытындыланады немесе мүліктік жалдауға мақсатты тағайындалған Объекті туралы Жалға берушінің шешімі қабылданады, онан кейін баланс ұстаушы 30 күнтізбелік күн ішінде Объектіні Жалға алушыға қабылдау- тапсыру актілері бойынша береді. Жалға берушімен қабылдау актілері бекітіледі.
Тармақ 44
44. Егер, жеңімпаз тендер ұсыныстарына жауап беретін Объектінің мүліктік жалдау келісім шартынан бас тартқанда, Жалға беруші қалған тендерге қатысушылар арасынан жеңімпазды табуға құқықты. Екі қатысушылардан аз болған жағдайда, жаңа тендерді өткізуге шешім қабылдайды.
Тармақ 45
45. Мүліктік жалдау шарты мына ережелерден тұрады:
Тармақша 1
1) Объектінің техникалық сипаттамасы;
Тармақша 2
2) жалға алушыға берілген мүліктің жалға беру мерзімі және шарттың күш мерзімі;
Тармақша 3
3) жалға алынған мүліктерді қолдану үшін төлем ақысының мерзімі, мөлшері, тәртібі;
Тармақша 4
4) жалға берушінің міндеттері: Қабылдау – тапсыру актілері бойынша, шартта көрсетілген мерзімде объектіні Жалдауға алушы баланс ұстаушымен тапсыруды қамтамасыз етеді; Жалға алушыға келісім шартта көрсетілгендей мерзімде Объектіге иелік жасауға және пайдалануға кедергі жасамау.
Тармақша 5
5) Жолдаушының міндеттері: Объектіні тиісті ретте сақтау, бұзылуына жол бермеу және ондағы инженерлік қатынастарына тиіспеу; Заңнамаларда және шартта көрсетілмеген талаптарға қарамастан; мүлікті түзу қалпында сақтау, өз есебінен кезекті жөндеулер жүргізу; Жалға берушінің жазбаша рұқсатынсыз Объекті мен онда орналасқан желілер мен қатынастарды жаңадан жоспарлауға және қайтадан жабдықтауға болмайды; Объекті мен оған іргелес жер салаларына Жалға берушінің уәкілдерін; тазалықты қадағалау қызметкерлерін, тағы басқа заңнамалар мен оның нормаларын бақылаушы, ғимараттың тағайындалған мезгілге дейінгі қолданылуын және пайдаланымын, тіркелген бұзушылықты мезгілінде жоюды бақылайтын мемлекеттік органдарын кіргізуге міндетті; Объектіні қайта жалға беруге болады, бұл жағдайда мүліктік жалдау шарты бойынша, өз құқығы мен міндеттерін басқа тұлғаға бере алады, бірақ Объектіні ақысыз қолдану Жалға берушінің келісімімен жүзеге асырылады; Мүліктік жалдау шарты бойынша, өз құқығын кепілдікке немесе шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына аманат ретінде, акционерлік қоғамға не өндіріс кооперативтеріне жарна ретінде бере алмайды; Шартта тағайындалған, жал төлемін мерзімінде, тәртіппен төлеуге міндетті; Шартта тағайындалғандай, мезгілінде баланс ұстанушыға жаратымды түрде тапсыруға тиісті. Көрсетілген кезде, қайта жалдауға беруден басқа, шарт бойынша Жалға беруші алдында Жалға алушы жауапты.
Тармақша 6
6) Мерзімнен бұрын келісім шартын бұзу негіздемесі мен шарты: Заңды тұлға ретінде Жалға алушыны тарату; Мүліктік жалға беру келісім шартының шарттарын Жалға алушы бұзғанда; Алдын-ала ескертілгенде, Жалға беруші не Жалға алушының талап-тілектері бойынша; Егер, Жалға алушы мүлікті пайдаланғаны үшін, екі реттен көп келісім шартында тағайындалғандай көрсетілген мерзімде төлемді төлемеген жағдайда; Басқа кезде, Қазақстан Республикасының қаралған заңнамалары не келісім шарттары бойынша.
Тармақ 46
46. Бір жылдан артыққа ұйғарылған мүлікті жалдау келісім шарты мемлекеттік тіркеуге жатады.
Тармақ 47
47. Мүліктік жалдауға сәулет, тарихи- мәдени ескерткішері берілгенде, мүліктік жалдау келісім шартына Объектіні сақтауға бағытталған, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері ретінде, қосымша ережелер қосылады.
Тармақ 48
48. Кезеңмен не біржола салынатын мүлікті жалдаудың келісім шартында қаралған, тұрақты теңге төлем сомасы, тоқсан сайын қайта есептеу және құнсыздандыру коэффициентінің есебімен, барлық жалданған мүліктерге төлем тұтас белгіленеді.
Тармақ 49
49. Толық емес жұмыс уақытында, мүліктік жалдау сағат кестесі бойынша есептеліп, жал төлемінің мөлшері, баланс ұстаушымен бекітіліп анықталады.
Тармақ 50
50. Баланс ұстаушының Жалдап алушыға берген анықтамасы және жеке өтініш бойынша, Жалдап алушының уақытша ісі тоқталғанда, жал төлемі қайта есептеледі.
Тармақ 51
51. Объектінің қызмет көрсетуі үшін, кезекті және күрделі жөндеуге жұмсалған, коммуналдық қызметтері үшін жұмсалған төлемдер, мүліктік жалдау төлеміне кірмейді. Бұл төлемдер Жалдап алушымен тікелей ведомствалық қорғау, пайдалану, коммуналдық, тазалық және басқа да кызметтері үшін төленеді.
Тармақ 52
52. Жайды жақсартуға жүргізілген жөндеу жұмыстары жалдау төлем мөлшерінің 25% айлық төлем мөлшерін құрайды, егер, Жалдап алушы смета бойынша жөндеу жұмыстарының құжаттамаларын ұсынса, баланса ұстаушымен бекітілген жайдың техникалық жағдайы жөнінде актілер ұсынса және Жалдап алушының жеке өтініші берілсе.
Тармақ 53
53. Мүлікті пайдаланудың жалдық төлем мөлшерлемесі жылына бір рет өзгереді, егер ол мүліктік жалдау келісім шартында көрсетілмеген болса. Мемлекетті тұрғын емес жай қорының жалдау төлемдерінің есеп айырысу мөлшерлемесін анықтау №1 Қосымшамен, ал мемлекеттік мүліктер құрал- жабдықтарын жалдау төлемдерінің есеп айырысу мөлшерлемесін анықтау №2 Қосымшамен туындалады.
Тармақ 54
54. Жалдаушы мемлекеттік тапсырыс орындайтын болған жағдайда, жалдау төлем мөлшері мемлекеттік тапсырыс көлеміне сәйкес пропрорционалды есептеледі, егер қаржы мекемелері мен жоғары тұрған мекемелерден растайтын құжатары бар болса.
Тармақ 55
55. Жалдау төлемі жергілікті бюджетке аударылады.
Тармақ 56
56. Келісім шартында көрсетілмесе де, Жалға берушінің келісімі бойынша, Жалға алушы өз есеп қаражатынан жақсарту жүргізілген болса, Объекті үшін біртұтас залал келтірмесе, Жалдап алушымен келісім шарты тоқталғаннан кейін, жақсартуға жұмсаған қаражатын қайтарып алуға құқықты. Келісім шартында көрсетілмесе де, Объектіні жекелеген жақсартулар, Жалға алушымен жүргізілген болса, онда ол оның меншігі болып есептеледі. Заңнамалар мен келісім шартында көрсетілмесе де, Жалға берушінің келісімісіз, Жалға алушымен жүргізілген бөлінбейтін жақсартулар қайтарылмайды.
Тармақ 57
57. Жалға алушының меншігіндегі Объекті, балланс ұстаушының қатысуымен, қабылдау-тапсыру актілерімен қайтарылып, онда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) акті жасау орны және күні;
Тармақша 2
2) тараптардың мүдделерін ұсынатын уәкілеттің өкілдерінің ұсынысына сәйкес, құжаттардың атауы мен деректемесі;
Тармақша 3
3) Объектіні беруге сәйкес, мүліктік жалдаудың шартына қол қойылған күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) берілген Объектінің техникалық жағдайы мен айқындалған жарамсыздықтардың тізілімі;
Тармақша 5
5) мөрмен куәландырыған тараптардың қолы;
Тармақ 58
58. қабылдау-тапсыру актілері мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данадан құралып, жасалады да біреуі Жалға берушіде, екіншісі баланс ұстаушыда, үшіншісі Жалға алушыда сақталады.
Тарау 3. 3. Таластарды шешу
3. Таластарды шешу
Тармақ 59
59. Осы Ережедегі барлық реттелмеген мүліктік жалдау келісім шартындағы мәселелерді шешуді, Қазақстан Республикасы заңнамалар нормалары қолданысын басшылыққа алады.
Тармақ 60
60. Мүліктік жалдаудың келісім шарты бойынша, Объектіні беруде туған таластардың келісімімен немесе сот арқылы шешіледі.
Басқа 1. Коэффициенттерді қолдану мөлшері мен коммуналдық балансындағы,мемлекеттік тұрғын емес жай қорынан жалдау төлемдерінің есеп айырысу мөлшерлемесін анықтау. Жалдау төлемдерінің есеп айырысу мөлшерлемесі 1 шаршы метр үшін – 35теңге
№ 1 қосымша Коэффициенттерді қолдану мөлшері мен коммуналдық балансындағы,мемлекеттік тұрғын емес жай қорынан жалдау төлемдерінің есеп айырысу мөлшерлемесін анықтау. Жалдау төлемдерінің есеп айырысу мөлшерлемесі 1 шаршы метр үшін – 35теңге 1. Құнсыздандыру коэффициенті 2. Дәрежелі жайлығын ескеру, коэффициенті: -техникалық күйі -инженерлік қатынастың барлығы 0,5-1,5 3. Жай түрін ескеру коэффициенті: -жеке тұрған -салынған -ұй асты -қойма 1,2 1,0 0,8 0,8 4. Жалдауға алушының қызмет түрін ескеру коэффициенті: -мемлекеттік бюджеттік мекемелер -заңды қаржылық, банктік, сақтандыру қызметтері -жүргізушілерді даярлау курсы, дәлдалдық, саяхаттық, жабдықтау өткізетін, коммерциялық – сауда -қоғамдық тамақ кәсіпорындары -қызмет орталары: шаштараз, бейнесурет, аяқ киім, киімдерді тігу және жөндеу, тұрмыстық техникалар мен радиобейнетелеаспаптарын жөндеу шеберханалары -тамақ өнімдерін, аспазшы- кондитерлік шалафабрикаттарын, нан және нан-бөлке тағамдарын дайындайтын -өндірістік кәсіпорындар -медициналық көмек көрсету, емдеу-профилактикалық қызметтер -қоғамдық ұйымдар -білім беру қызметтері -басқа қызмет түрлері 0 3,0 2,5 2,0 1,5 1,5 1,5 1,0 1,0 1,0 1,5 5. Өңір бойынша, аймақтық орналасуын ескеру, коэффициенті: -Қарағанды қаласы орталығы, Қазыбек би атындағы аудан көшелері - Қарағанды қаласы, Октябрь ауданының көшелері - серіктес қалалар мен аудандар орталықтары - басқа да елді мекендер 3,0 2,0 1,5 1,0
Басқа 2. Коэффициенттерді қолдану мөлшері мен коммуналдық мекемелер балансындағы, мемлекеттік мүліктер құрал – жабдықтарын жалдау төлемдерінің есеп айырысу мөлшерлемесін анықтау
№ 2 қосымша Коэффициенттерді қолдану мөлшері мен коммуналдық мекемелер балансындағы, мемлекеттік мүліктер құрал – жабдықтарын жалдау төлемдерінің есеп айырысу мөлшерлемесін анықтау №№ Ата­луы Ба­лан­стық құ­ны Амор­ти­за­ция мөл­ше­рі Қай­та қар­жы­лан­ды­ру мөл­шер­ле­ме­сі Жал­да­удың жыл­дық мөл­ше­рі Жал­да­удың бір ай­да­ғы мөл­ше­рі са­ны Бар­лы­ғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Нор­ма­лар бой­ын­ша жыл­дық жыл­дық гр.3х (гр./4+гр.5/100) гр.6/12 гр.7х8 Коэффициенттер бірден үшке дейін, Жалдап алушының төлем төлей алатындығы ескертіледі.