Об обязательном страховании сельскохозяйственного производства Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы өндірістін міндетті сақтандыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентінің 199 жылғы 3 қазаңдағы Заң күші бар «Сақтандыру туралы» № 2475 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 желтоқсандағы «Ауыл шаруашылығы өндірісін міндетті сақтандыру туралы» № 1513 Қаулысын және Үкіметінің 1997 жылғы 3 сәуірдегі «Ауыл шаруышылығы өндірісін міндетті сақтандыруды өткізудің тәртібі мен шарттары» туралы № 460 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандар әкімдері ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, сондай-ақ өздерінің аумақтарындағы әр түрлі меншік түріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтың және өңдейтін кәсіпорындардың негізгі құралдарын сақтандыру жөніндегі шараларды қабылдасын және республикада «Казагрополис» мемлекеттік сақтандыру кәсіпорны, Павлодар қаласында оның филиалы, ал аудандарда өкілдері құрылғаны еске алынсын.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер Қазақстан Республикасы бөлгілеген мерзімдерді АӨК өңдеу және сақтау кәсіпорындары арқылы ақшалай және заттай түрде сақтандыру төлемін төлеуді жүргізсін.
Тармақ 3
3. Павлодар облысы бойынша кеден басқапмасы /Өтегенов/ жүктер мен келген автокөлікті сақтандыруға көмек көрсетсін.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі істер басқармасы /Дүйсембаев/ ауыл шаруашылығы көліктерін мемлекеттік сақтандыру және автоиелердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі үшін тіркеу мен есеп органдарында жұмыс орындарын бөлсін.
Тармақ 5
5. Халықтық банк /Юдин/ мен Агробанк /Сыздыков/ сақтандыру төлемдерін қабылдау жөніндегі брокерлік қызметке сақтандыру компанияларымен шарттар жасасын.
Тармақ 6
6. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ж.Ж. Нұрғаливке жүктелсін.