Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
Тармақша 4
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
Шымкент қаласы
мәслихатының
2019 жылғы 29 наурыздағы
№47/369-6с шешімімен
бекітілген
Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шымкент қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-2-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес әзiрлендi және Шымкент қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға (әрі қарай – Мемлекеттік корпорация);
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шымкент қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек – Шымкент қаласының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысының ардагерлері – «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабында көрсетілген адамдар;
Тармақша 6
6) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері –Заңның 5-бабында көрсетілген адамдар;
Тармақша 7
7) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер - Заңның 6-бабында көрсетілген адамдар;
Тармақша 8
8) еңбек ардагерлері – Заңның 7-бабы 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар;
Тармақша 9
9) жетім бала (жетім балалар) - ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған бала (балалар);
Тармақша 10
10) ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар) – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар);
Тармақша 11
11) мереке күндер – Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер;
Тармақша 12
12) мүгедектігі бар адам – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
Тармақша 13
13) мүгедектігі бар бала – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және әлеуметтік жағынан қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегіз жасқа дейінгі адам;
Тармақша 14
14) жасы бойынша зейнеткерлер – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
Тармақша 15
15) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 16
16) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Шымкент қаласының аудан әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмек Шымкент қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.
Тармақ 4
4. Шымкент қаласының бюджетi әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.
Әлеуметтік көмек «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Әкімші) тиісті қаржы жылына, осы Қағидаларда көрсетілген мақсаттарға Шымкент қаласының бюджетінде көзделген қаражат шегінде көрсетіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
Тармақша 3
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
Тармақша 4
4) еңбек ардагерлері;
Тармақша 5
5) Заңның 8-бабында көрсетілген адамдар;
Тармақша 6
6) жасы бойынша зейнеткерлер;
Тармақша 7
7) мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 8
8) мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 9
9) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;
Тармақша 10
10) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналар (бұдан әрі-көп балалы аналар);
Тармақша 11
11) жетім балалар,
Тармақша 12
12) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 13
13) Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде диспансерлік есепте тұратын туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар;
Тармақша 14
14) Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде диспансерлік есепте тұратын қатерлі ісіктері бар балалар;
Тармақша 15
15) медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен жұқтырған адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан (АИТВ) иммун тапшылығының синдромынан зардап шегетін адамдар, сонымен қатар иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасылар;
Тармақша 16
16) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдар;
Тармақша 17
17) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен адамдар.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Тармақша 3
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы күндер және мереке күндері, сондай-ақ әлеуметтік көмек мөлшері
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы күндер және мереке күндері, сондай-ақ әлеуметтік көмек мөлшері
Тармақ 6
6. Атаулы күндерге және мереке күндерге бір рет ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңестік әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 36 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;
Тармақша 2
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнi:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға - 5 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 3
3) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы:
осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген адамдарға– 5 АЕК мөлшерінде;
мүгедектігі бар балаларға - 5 АЕК мөлшерінде;
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 20 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 4
4) 26 сәуір - Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні:
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 36 АЕК мөлшерінде;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан адамдарға - 36 АЕК мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 36 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 5
5) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні:
осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – 36 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 6
6) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 360 АЕК мөлшерінде;
еңбек ардагерлеріне – 12 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 7
7) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:
осы Қағидалардың 6-тармағы 10) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға - 5 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 8
8) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – 36 АЕК мөлшерінде;
Тармақша 9
9) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 60 АЕК мөлшерінде.
Осы пункттің 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек өтініштер талап етілмей, Мемлекеттік корпорация және «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұсынған мәліметтер негізінде Әкімші қалыптастыратын және бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде
әлеуметтік көмек мөлшері
4-тарау. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде
әлеуметтік көмек мөлшері
Тармақ 7
7. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен адамдарға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері:
тұрғын үй жойылған, бүлінген, оған елеулі зиян келтірілген жағдайда - отбасына 400 АЕК;
отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған әрбір отбасы мүшесіне 100 АЕК құрайды.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалады.
Осы тармақта көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып өтінішті ұсынады.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі және көрсетуден бас тарту негіздері Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
Тармақ 9
9. 5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде диспансерлік есепте тұратын туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға;
Тармақша 2
2) Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде диспансерлік есепте тұратын қатерлі ісіктері бар балаларға көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек өтініштер талап етілмей, «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі және қаланың медициналық ұйымдары ұсынған мәліметтер негізінде Әкімші қалыптастыратын және бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 24 АЕК мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек, медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен жұқтырған адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан (АИТВ) иммун тапшылығының синдромынан зардап шегетін адамдарға, сонымен қатар иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларға олардың денсаулығына келтірілген зиянның өтемақысы ретінде көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3) Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының анықтамасы.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 11
11. Шекті мөлшері 40 АЕК-ті құрайтын санаторийлік-курорттық емделуге жолдама беру түріндегі әлеуметтік көмек кезектілік тәртібімен, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емделу көрсетілетін мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға;
жасы бойынша зейнеткерлерге ұсынылады.
Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:
еркін нысандағы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат;
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген №068/е нысандағы жолдама алуға анықтама.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 12
12. 1,5 АЕК мөлшерінде ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек баспасөз басылымдарына жазылуға жартыжылдықта бір рет:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;
Тармақша 3
3) еңбек ардагерлеріне беріледі.
Әлеуметтік көмек өтініштер талап етілмей, Мемлекеттік корпорация ұсынған мәліметтер негізінде Әкімші қалыптастыратын және бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 2 АЕК мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға беріледі.
Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе сенім білдірген тұлғаның атынан Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің жалғыз тұру фактісін растайтын еркін нысандағы екі куәгерді (көршілерді) көрсете отырып жасалған акт.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 14
14. 5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
Тармақша 2
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен балаларға;
Тармақша 3
3) тірек-қимыл аппараты бұзылған жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға беріледі.
Әлеуметтік көмекті алу үшін осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген өтініш берушілер Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:
еркін нысандағы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат;
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген №026/е нысанды дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама (әрі қарай – мүгедектік туралы анықтама).
Жеке басын куәландыратын құжат және мүгедектік туралы анықтама салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Әлеуметтік көмекті алу үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтініш берушілер Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:
еркін нысандағы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат;
Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі.
Жеке басын куәландыратын құжат және Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Әлеуметтік көмек өтініш берушіге өтініш берген айдан кейінгі айдан бастап ай сайын көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Әкімші өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, өтініш беруші осы шешімді заңнамада белгіленген тәртіппен даулауға құқылы.
Тарау 5. 5-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
5-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
Тармақ 17
17. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек өтініш берушілермен көрсетілген шоттарға ақшалай қаражатты екінші деңгейдегі банктер, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы әлеуметтік көмек төлеу үшін негіздеме пайда болған күннен кейінгі айдың ішінде аудару жолымен көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы Шымкент қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
Тармақша 4
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайдарда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 19
19. Артық төленген сомалар ерікті немесе сот тәртібімен қайтаруға жатады.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды Әкімші «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерек қорын пайдалана отырып жүргізеді.
Шымкент қаласының көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына 1-қосымша
Шымкент қаласының көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтажа заматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына 2-қосымша
Шымкент қаласының көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына 3-қосымша