Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шымкент Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
Тармақша 4
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/386-6с шешімімен бекітілген Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) Шымкент қаласына сіңірген еңбегін мойындау белгісі ретінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт, заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, басқа өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейту, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайту салаларындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, мемлекеттік және әскери қызметте елеулi жетiстiктерi, жемісті қоғамдық және қайырымдылық қызмет атқарған Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады. Сондай-ақ, Құрмет грамотасымен Шымкент қаласына еңбек сiңiрген шетел азаматтары да наградталуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Құрмет грамотасымен осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген қызмет салаларында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар азаматтар наградталады.
Тармақ 4
4. Құрмет грамотасымен наградтау туралы өтінішхатты Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар, заңды тұлғалар немесе бастамашыл топтар (бұдан әрі – өтінішхат беруші тұлға) енгізеді.
Тармақ 5
5. Заңсыз сотталған және кейіннен толық ақталған азаматтарды қоспағанда, соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотталған адамдар Құрмет грамотасымен наградтауға жатпайды.
Тарау 2. 2-тарау. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
2-тарау. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
Тармақ 6
6. Азаматты немесе шетел азаматын Құрмет грамотасымен наградтау туралы өтінішхат Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына (бұдан әрі – мәслихат аппараты) мынадай мәліметтерді көрсете отырып жолданады: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда); туған күні, айы, жылы; білімі туралы мәліметтер; жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауы; өтініш берілген күнге атқаратын лауазымын толық көрсете отырып, жұмыс орны; осы Ереженің 2-тармағына сәйкес еңбек қызметі, жетістіктері, құрметті атақтар, наградалар туралы.
Тармақ 7
7. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттар қарау үшін наградтау күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей мәслихат аппаратына ұсынылады. Егер құжаттарды ұсынудың соңғы күні мереке немесе демалыс күнге дәл келсе, құжаттарды ұсынудың соңғы күні одан кейінгі келесі жұмыс күні болып саналады.
Тармақ 8
8. Құжаттардың уақтылы ұсынылмауы немесе ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 6-тармағына сәйкес келмеуі өтінішхатты қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 9
9. Азаматтарды Құрмет грамотасымен наградтау туралы қайта өтінішхат беру алдыңғы наградтау сәтінен бастап 5 (бес) жылдан ерте емес уақыттан кейін жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы өтінішхат, мәслихат аппараты құжаттардың уақтылы ұсынылуын және ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 6-тармағына сәйкес келуін тексергеннен кейін, мәслихаттың тұрақты комиссиясының (бұдан әрі – Тұрақты комиссия) қарауына енгізіледі.
Тармақ 11
11. Тұрақты комиссия өтінішхатты түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде қарайды. Қарау нәтижесі бойынша Тұрақты комиссия «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес қаулы қабылдайды.
Тармақ 12
12. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді мәслихат қабылдайды. Мәслихат Құрмет грамотасымен наградтау немесе наградтаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тартқан жағдайда, мәслихат аппараты қабылданған шешім туралы өтінішхат беруші тұлғаға шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде жазбаша хабарлайды. Мәслихаттың шешiмi түпкiлiктi болып табылады.
Тармақ 13
13. Құрмет грамотасына мәслихат төрағасы қол қояды.
Тармақ 14
14. Құрмет грамотасын салтанатты жағдайда мәслихат төрағасы тапсырады.
Тармақ 15
15. Наградталған адам, оған қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енген жағдайда мәслихат төрағасының ұсынысы негізінде мәслихат шешімімен Құрмет грамотасынан айырылады.
Тармақ 16
16. Осы Ереженің 15-тармағында көзделген негіздер бойынша Құрмет грамотасынан айырылған адамдарды қайта наградтау жүргізілмейді.
Тармақ 17
17. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың Құрмет грамотасына құқықтары мәслихат төрағасының өтінішхаты негізінде мәслихат шешімімен қалпына келтіріледі.