Об определении отдельных категорий занятых лиц Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16) тармақшасына және 18-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу үшін жұмыспен қамтылған адамдардың мынадай жекелеген санаттары айқындалсын:
Тармақша 1
1) мыналарды: моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратындарды; «Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратындарды; қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратындарды; мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын құрылтайшыларды (оның ішінде қатысушыларды, акционерлерді) қоспағанда, ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген қысқартылатын жұмыскерлер;
Тармақша 3
3) дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар және (немесе) әрекетсіз дара кәсіпкерлер;
Тармақша 4
4) отбасылық кәсiпкерлiкте еңбекақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын адамдар;
Тармақша 5
5) жеке қосалқы шаруашылықта сату (айырбастау) үшін өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз адамдар;
Тармақша 6
6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейiнен аз өндірістік кооператив мүшелері.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.