Об утверждении Правил взаимодействия Министерства государственных доходов Республики Казахстан и Министерства здравоохранения Республики Казахстан при импорте и экспорте лекарственных средств, медицинской техники и изделий медицинского назначения Күшін жойған
Басқа 0
Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды импорттау мен экспорттау кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Өзара iс-қимылдар ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы кедендiк iс туралы" Заңын , 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңын , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 22 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi туралы ереженi, "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 830 қаулысын орындау үшiн және тiркелмеген дәрiлiк құралдардың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасына әкелiнуiне жол бермеу мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды импорттау мен экспорттау кезiндегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Өзара iс-қимылдар ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi:
Тармақша 1
1) 2002 жылғы 20 тамызға дейiнгi мерзiмде рұқсаттарды куәландыратын уәкiлеттi тұлғалардың қолы мен мөр табандарының үлгiлерiн кеден органдарының назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң дәрiлiк құралдардың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тiркеу туралы хаты негiзiнде дәрiлiк құралдардың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың импорты мен экспортын ресiмдеудi жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң төрағасы С.Е.Сұлтановқа және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi төрағасының орынбасары А.К.Ержановқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрі Денсаулық сақтау министрі
Басқа 7. Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды импорттау мен экспорттау кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Өзара iс-қимылдар ережесi
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
2002 жылғы 8 тамыздағы N 772 және
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң
2002 жылғы 8 тамыздағы N 674
бұйрығымен
БЕКIТIЛГЕН
Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды импорттау мен экспорттау кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Өзара iс-қимылдар ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы кедендiк iс туралы" және 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңдарына , Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi туралы ережесiне, "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 830 қаулысына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасында дәрiлiк құралдарды, медицина техникасымен медициналық мақсаттағы бұйымдарды импорттау мен экспорттау кезiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң өзара iс-қимылдарын анықтайды.
Тармақ 2
2. Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды импорттау мен экспорттау кезiндегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің өзара iс-қимылдары осы Ереженiң мақсаты болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасына келiп түсетiн дәрiлiк құралдар заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелуге және Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы заңнамамен көзделген жағдайлардан басқа оларды медициналық қолдануға рұқсат берiлуге тиiс.
Тармақ 4
4. Дәрiлiк құралдардың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың импорты мен экспортын кедендiк ресiмдеу дәрiлiк құралдар мен медицина өнеркәсiбi айналымы саласында басшылық етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi ведомствосының - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң (бұдан әрi - Фармация комитетi) дәрiлiк құралдардың, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тiркелгендiгiн растайтын хаттың төл нұсқасы негiзiнде жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Фармация комитетi осы Ережеге қоса берiлген нысан бойынша бiр мәмiле шегiнде дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тiркеу растығы туралы хатты бередi (2-қосымша).
Тармақ 6
6. Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тiркеу туралы хатты ресiмдеу үшiн өтініш иесi Фармация комитетiне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тiркеу туралы хатты беруге өтiнiшiн қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағазда және электронды түрде (1-қосымша);
Тармақша 2
2) белгіленген үлгiде бланкiдегi бiрiншi басшының қолымен және өтiнiш иесiнiң мөрiмен куәландырылған дәрiлiк құралдарды өндiру және (немесе) көтерме сату арқылы фармацевтика қызметiмен айналысуға лицензияның көшiрмесiн.
Коммерциялық құндылығы жоқ медициналық ұйымдарды жарақтандыру мақсатында мемлекеттiк сатып алу арқылы алынған медициналық жабдықты әкелу жағдайында - медициналық қызметпен айналысуға лицензияның көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) сыртқы сауда мәмiлесiне қатысушылар арасындағы сату-сатып алу келiсiм-шартының (шарттың) көшiрмесiн фирма мен өндiрушi елдi дәрiлiк құралдар мөлшерiн ерекшелiктерiмен әрi салыстыру үшiн төлнұсқасын;
Тармақша 4
4) тауарды алғаннан кейiн 10 күн iшiнде шығарған елдiң құзыреттi органы берген тауарды шығару сертификатының көшiрмесiн беру туралы кепiлдiк хатты;
Тармақша 5
5) заңды тұлғалар үшiн - мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе жеке тұлғалар үшiн - жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (патент) көшiрмесiн;
Тармақша 6
6) тапсырылған құжаттар тiзiмдемесiн.
Тармақ 7
7. Ұсынылған мәлiметтердің растығы үшiн жауапкершiлiк өтiніш иесiне жүктеледi.
Тармақ 8
8. Берiлген медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тiркеу туралы хаттар Фармация комитетiнiң деректер банкiсiнде тiркелуге жатады.
Тармақ 9
9. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік құралдардың импорты мен экспорты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзіледi.
Басқа 23. Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi ӨТIНIШ
"Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы
мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды
импорттау мен экспорттау кезiнде
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
Өзара iс-қимылдар ережесiн
бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
2002 жылғы 8 тамыздағы N 772 бұйрығына
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң
2002 жылғы 8 тамыздағы N 674 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi ӨТIНIШ
Дәрілік құралдарды, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тiркеу растығы туралы хатты беруіңізді сұраймын.
_________________________________________________________________________
Өтініш иесі
Облыс
Заңды мекен-жайы
Телефон, эл.пошта
ОКПО (өтініш иесі)
СТН (өтініш иесі)
Өнім беруші
Өнім берушінің (алушының) заңды мекен-жайы
Телефон, эл.пошта
Өнім берушінің (алушының) елі
Келісім-шарттың N
Келісім-шарттың жасалған күні
Валюта төлеу түрі
Ерекшеліктің (қосымша) N
Ерекшеліктің жасалған күні
Тауардың тобы
Ол арқылы әкелу (әкету) жүзеге асырылатын кеден органы
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
СЭТ |Дәрі.|Шыға.|Өлшем|Мөл.|Төлем |Төлем |Теңге.|Доллар.|Өнді.|Өнді.|Тір.
ТН |лік | ру |бір. |шері|валюта.|валюта.|дегі |дағы |руші |руші |кел.
коды|құрал|ныса.|лігі | |сындағы|сындағы|сома. |сомасы | ел |фирма|ген
|дың | ны | | |бірлік.|сомасы |сы | | | |күні
|атауы| | | | тің | | | | | |
| | | | | құны | | | | | |
__________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Өтініш иесінің қолы ________________________
М.о. 200_ж. "___" ________
Басқа 24
"Дәрiлiк құралдарды, медицина техникасы
мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды
импорттау мен экспорттау кезiнде
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
Өзара iс-қимылдар ережесiн
бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
2002 жылғы 8 тамыздағы N 772 бұйрығына
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң
2002 жылғы 8 тамыздағы N 674 бұйрығына
2-қосымша
___________ жөніндегі
Кеден (кеден) басқармасы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Фармация,
фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi мына дәрілiк құралдарға,
медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға 2002 жылғы "___"
___________ ерекшелік бойынша ___________ фирмасымен 2002 жылдың "___"
_______ жасасқан N _____ келiсiм-шартқа (шартқа) сәйкес ___________ (заңды
(жеке) тұлғаның толық атауы, СТН, ОКПО коды, мекен-жайы, телефон)
Қазақстан Республикасына дәрілiк құралдарды, медицина техникасы мен
медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелуге (әкетуге) рұқсат бередi:
___________________________________________________________________________
р/с |СЭҚ ТН |Дәрілік |Өлшем|Мөл.|Баға. |Сомасы | Фирманың | ҚР-да
N |бойынша |құралдар. | бір.|шері| сы |төлем | және | тіркел.
| коды |дың атауы,| лігі| | |валюта.| өндіруші |ген күні
| |дәрілік | | | |сында | елінің | мен N
| |нысандар | | | | | атауы |
___________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
___________________________________________________________________________
Жиынтығы: V
___________________________________________________________________________
Жоғарыда көрсетілген дәрілiк құралдар (атаулар саны) Қазақстан
Республикасында тiркелген және қолдануға рұқсат берілген әрi "Қазақстан
Республикасында тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 шілдедегі N 1037 қаулысына сәйкес лицензиялауға жатпайды.
Уәкілетті тұлғаның қолы ____________________ тегi, аты, әкесiнiң аты
М.О.
Орынд. ________________
Тел. ________________