Об утверждении натуральных норм обеспечения форменной одежды (без погон) сотрудников службы экономических расследований органов по финансовому мониторингу Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 307 бұйрығы, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11275 болып тіркелді, «Әділет» ақпаратық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланды).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті (Қалас Е.С.) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 297 бұйрығымен бекітілген № Заттардың атауы Өлшем бірлігі Бір қызметкерге заттардың саны Киу мерзімі (айларда) Ескертпе 1. Салтанатты және күнделікті нысанды киім (погонсыз)* 1. Фуражка Дана 1 24 2. Теріден тігілген құлақшын Дана 1 36 3. Жылы күрте Дана 1 36 4. Кашне Дана 1 36 5. Мундир шалбарымен Жиынтық 1 24 6. Мундир юбкамен Жиынтық 1 24 7. Ерлердің шалбары Дана 2 24 8. Юбка Дана 1 24 9. Әйелдердің шалбары Дана 1 24 10. Ұзын жеңді ақ түсті жейде Дана 2 24 11. Қысқа жеңді көгілдір немесе ашық көк түсті жейде Дана 2 12 12. Ұзын жеңді көгілдір немесе ашық көк түсті жейде Дана 2 18 13. Ерлердің қысқа етігі Жұп 1 24 14. Әйелдердің етігі Жұп 1 24 15. Ерлердің туфлиі Жұп 1 12 16. Әйелдердің туфлиі Жұп 1 12 17. Галстук Дана 1 24 18. Белбеу Дана 1 24 19. Күнделікті күрте Дана 1 24 2. Далалық нысанды киім (погонсыз)* 20. Далалық киім Жиынтық 1 24 21. Ұзын қонышты бәтеңке Жұп 1 24 22. Футболка Дана 1 12 Ескертпе: * нысанды киімнің (погонсыз) үлгілері және айырым белгілері осы Нормаларға қосымшада келтірілген. 1. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде нысанды киім кию міндетті. 2. Нысанды киімді және оның заттарын киіп жүру мерзімдері оның берілген күнінен бастап саналады. 3. Нысанды киіммен қамтамасыз ету экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органның қаражаты есебінен жүргізіледі. 4. Салтанатты нысан ретінде мундирмен ақ жейде, күнделікті киюге – мундирмен көгілдір немесе ашық көк түсті жейде, күртемен көгілдір немесе ашық көк түсті жейде белгіленсін. 5. Далалы нысанды киімді өз қызметтік міндеттерін кезекші бөлімшелерде орындайтын және қызметтік иттермен жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері киеді.
Басқа 10. Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері (бұдан әрі – нысанды киім)
Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларына қосымша Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі жөніндегі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері (бұдан әрі – нысанды киім)
Тармақ 1
1. Ерлерге арналған жазғы нысанды киім жиынтығына (1 және 2-сурет):
Тармақша 1
1) қою көк түсті фуражка;
Тармақша 2
2) қою көк түсті мундир;
Тармақша 3
3) күнделікті киетін қою көк түсті күрте;
Тармақша 4
4) қою көк түсті шалбар (2 дана);
Тармақша 5
5) ұзын жеңді ақ түсті жейде;
Тармақша 6
6) қысқа жеңді көгілдір немесе ашық көк түсті жейде;
Тармақша 7
7) ұзын жеңді көгілдір немесе ашық көк түсті жейде;
Тармақша 8
8) көк түсті галстук;
Тармақша 9
9) қара түсті туфли;
Тармақша 10. 1-сурет (ерлердің нысаны)
10) қара түсті белбеу кіреді. 1-сурет (ерлердің нысаны) 2-сурет (ерлердің нысаны)
Тармақ 2
2. Әйелдерге арналған жазғы нысанды киім жиынтығына (3 және 4-сурет):
Тармақша 1
1) қою көк түсті фуражка;
Тармақша 2
2) қою көк түсті мундир;
Тармақша 3
3) күнделікті киетін қою көк түсті күрте;
Тармақша 4
4) қою көк түсті юбка;
Тармақша 5
5) қою көк түсті шалбар;
Тармақша 6
6) ұзын жеңді ақ түсті жейде;
Тармақша 7
7) қысқа жеңді көгілдір немесе ашық көк түсті жейде;
Тармақша 8
8) ұзын жеңді көгілдір немесе ашық көк түсті жейде;
Тармақша 9
9) көк түсті галстук;
Тармақша 10. 3-сурет (әйелдердің нысаны)
10) қара түсті туфли кіреді. 3-сурет (әйелдердің нысаны) 4-сурет (әйелдердің нысаны)
Тармақ 3
3. Ерлерге және әйелдерге арналған қысқы нысанды киім жиынтығына (5-сурет):
Тармақша 1
1) қою көк түсті жылы күрте;
Тармақша 2
2) қою көк түсті теріден тігілген құлақшын;
Тармақша 3
3) қою көк түсті кашне;
Тармақша 4
4) қара түсті ерлердің жылы қысқа етігі;
Тармақша 5. 5-сурет
5) қара түсті әйелдердің жылы етігі кіреді. 5-сурет
Тармақ 4
4. Ерлерге және әйелдерге арналған далалық нысанды киім жиынтығына (6-сурет):
Тармақша 1
1) бүркемеленген қою көк түсті күрте;
Тармақша 2
2) бүркемеленген қою көк түсті шалбар;
Тармақша 3
3) бүркемеленген қою көк түсті кепеш;
Тармақша 4
4) бүркемеленген қою көк түсті футболка;
Тармақша 5. 6-сурет
5) қара түсті ұзын қонышты бәтеңке кіреді. 6-сурет Айырым белгілері
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамындағы құқық қорғау органы қызметкерлерінің тиесілік белгілері – шеврондар, айырым белгілері – петлицалар мен жеңдегі белгілер болып табылады. Қаржы мониторингі жөніндегі органдардың экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) айырым белгілерінің үлгілері мен сипаттамалары:
Тармақша 1. 7-сурет
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне тиесілілік белгілері бар шеврон – дөңгелек нысанды, сарымен және қою қызылмен жиектелген, шеврон ортасында қою көк (ашық көк, көгілдір немесе ақ) фонда Қазақстан Республикасының сары түсті елтаңбасы орналасады. Сыртқы шеңберде елтаңба үстінде сары түспен мемлекеттік тілде «Qazaqstan Respýblıkasy Qarjy mınıstrligi», төменгі жағында «Qarjy monıtorıngi komıteti» деген жазу бар (7-сурет). Мундирдің (күртенің, жейденің) оң жақ жеңіне орналастырылады. 7-сурет
Тармақша 2. 8-сурет
2) құқық қорғау органына тиесілілік белгілері бар шеврон – дөңгелек нысанды, сарымен және қою қызылмен жиектелген, шевронның ортасында қою көк (көгілдір немесе ашық көк немесе ақ) фонда органның сары түсті логотипі орналасады. Сыртқы шеңберде логотип астында сары түспен мемлекеттік тілде «Ekonomıkalyq tergeý qyzmeti» деген жазу бар (8-сурет). Мундирдің (күртенің, жейденің) сол жақ жеңінде орналастырылады. 8-сурет
Тармақша 3. 9-сурет
3) дөңгелек нысанды, қою көк (көгілдір немесе ашық көк немесе ақ) түсті біліктілік сыныбы белгілері бар жеңдегі белгі (жиде мен күрте үшін) 2)-тармақшада көрсетілген шевронның үстінде орналастырылады. Аға басшы құрамның жеңдегі белгісінде сары түсті үлкен жұлдыздар бар (9-сурет): 1-санатты біліктілік сыныбы - 3 жұлдыз; 2-санатты біліктілік сыныбы - 2 жұлдыз; 3-санатты біліктілік сыныбы - 1 жұлдыз. 9-сурет Орта басшы құрамның жеңдегі белгісінде сары түсті кішкентай жұлдыздар бар (10-сурет): 4-санатты біліктілік сыныбы - 4 жұлдыз; 5-санатты біліктілік сыныбы - 3 жұлдыз; 6-санатты біліктілік сыныбы - 2 жұлдыз. 10-сурет
Тармақша 4. 11-сурет
4) мундирдің жағасындағы белгілер (петлицалар) – трапеция пішінді, қою көк түсті. Аға басшы құрамның петлицасында сары түсті жұлдыз және жұлдыздардың астында қою қызыл түсті екі сызық бар (11-сурет): 1-санатты біліктілік сыныбы - 3 жұлдыз; 2-санатты біліктілік сыныбы - 2 жұлдыз; 3-санатты біліктілік сыныбы - 1 жұлдыз. 11-сурет Орта басшы құрамның петлицасында сары түсті жұлдыз және жұлдыздардың астында қою қызыл түсті бір сызық бар (12-сурет): 4-санатты біліктілік сыныбы - 4 жұлдыз; 5-санатты біліктілік сыныбы - 3 жұлдыз; 6-санатты біліктілік сыныбы - 2 жұлдыз. 12-сурет