О создании областных служб Гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың облыстық қызметтерiн құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 12.11.2009 № 27 шешімімен.
"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес бейбіт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын жоспарлау және орындау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан тұрғындарды, облыстың әкімшілік аумағын қорғауды қамтамасыз ету және қазіргі заманғы өрт сөндіру құралдарын ұйымдастыру үшін ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың облыстық қызметтерiнің тізімі және оларды құрудың базалары бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың облыстық қызметтерiнің бастықтары болып 2-қосымшаға сәйкес ұйымдардың лауазымды тұлғалары тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың қызметтерiнің негізгі міндеттері 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 4
4. Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың қызметтерiнің бастықтары:
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныстың ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес белгіленуіне қарай қызметтердің ұйымдастырылуын және қызметін қамтамасыз етсін, қызметтер туралы ережені әзірлесін және олары белгіленген тәртіпте бекітуге ұсынсын;
Азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын орындау үшін күштер мен құралдардың қажетті санын даярлауды қамтамасыз етсін, Азаматтық қорғаныстың құрылымдары туралы және оларды материалдық - техникалық құралдармен жарақтаудың (табелдеу) үлгілік нормалары туралы Ережеге сәйкес оларды техникамен және мүлікпен жарақтандырсын;
істеген жұмыс және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдағы, тұрғындарды және облыс аумағын қорғаудағы іс-шараларының орындалуы жөніндегі қызметтердегі істің жағдайы туралы ақпаратты белгіленген тәртіпте төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға берсін.
Тармақ 5
5. Қалалар және аудандар әкімдері:
жергілікті жағдайдан және тиісті базаның барынан шыға отырып, Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың қалалық, аудандық қызметтерін құрсын, бейбіт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныстың арнаулы іс-шараларын ұйымдастыру және орындау жөніндегі қызметтердің жұмысын бақылауға алсын;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныстың арнаулы іс-шараларын орындау жөніндегі істердің жағдайы туралы ақпаратты төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма арқылы белгіленген тәртіпте облыс әкімінің аппаратына берсін.
Тармақ 6
6. Қостанай және Рудный қалаларының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің құрылымдарына аумақтық мәртебесі берілсін және олар жергілікті, аймақтық және кең ауқымды көлемдегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болғанда арнаулы жағдайлардағы міндеттерді орындауға пайдаланылсын.
Тармақ 7
7. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге және төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы, полковник Е.В.Батовқа жүктелсін.
Басқа 8
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкiмiнiң
2002 жылғы 30 шілдедегі
№ 67а шешiмiне № 1 қосымша
Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың облыстық қызметтерiнің тізім және құрудың базалары
Басқа 9. Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың облыстық қызметтерінің бастықтары болып тағайындалған Қостанай облысы ұйымдары лауазымды тұлғаларының тізімі
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 30 шілдедегі
№ 67а шешіміне № 2 қосымша
Азаматтық қорғаныстың және төтенше жағдайлардың облыстық қызметтерінің бастықтары болып тағайындалған Қостанай облысы ұйымдары лауазымды тұлғаларының тізімі
Басқа 10. Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 30 шілдедегі
№ 67а шешіміне № 3 қосымша
Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың міндеттері болып мыналар белгіленсін:
Азаматтық қорғаныстың халықты қорғау және төтенше жағдайлардың зардаптарынан болатын зиянды азайту, зақымдаудың қазіргі құралдарын қолдануды жоспарлау және кешенді іс-шараларды қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз ету, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету;
арнаулы құрылымдарды құру және даярлау, оларды арнаулы жұмыстарды жүргізу үшін даярлықта ұстау;
бағыныштағы органдар мен күштерді басқаруды ұйымдастыру, оларды қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
басшы құрамды даярлау, халықты төтенше жағдайлардан қорғану әдістері мен іс-қимылға, қазіргі кездегі зақымдау құралдарын қолдануға оқыту;
Азаматтық қорғаныстың басқару жүйесін құру мен жоғарғы даярлық деңгейінда ұстауды, халықты қорғау және төтенше жағдайлардың қаупі және оның туындауы, қазіргі кездегі зақымдау құралдарын қолдану жайынан хабардар қылу мен ақпарат беруді қамтамасыз ету;
радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) жұқтыруға (ластауға) тұрақты түрде қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру;
ішкі істер органдарының тиісті басқару органдары мен әскери командования күштерімен бірлесе іс-қимыл жасауды ұйымдастыру және қолдау;
бағыныштағы ұйымдардың орналасуы мен көшіп-қонуына басшылық жасау, олардың төтенше жағдайлардағы қызметін, қазіргі кездегі зақымдау құралдарын қолдануын қамтамасыз ету, қауіпсіз аймаққа аудандарды орналастыруға ауыстыруды уақытында даярлау жөніндегі шараларды қабылдау;
қызметтердің Азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу, ведомстволық бағыныштағы буындарда жоспарлауға басшылық жасау;
облыстың Азаматтық қорғанысының басшылығына құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге шешім қабылдау үшін ұсыныстар даярлау;
облыстың Азаматтық қорғанысының басшылығына қойған міндеттерін орындау кезіндегі бағыныштағы күштері мен қызметтерінің құралдарына басшылық жасау;
төтенше жағдайлардың туындау азайту, ұйымдардың жұмысын тұрақтандыруды арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыруға басшылық жасау;
қызметтердің белгіленген тәртіпте жүргізетін Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын қаржыландыру мен материалдық-техникалық жабдықтауын қамтамасыз ету, олардың резервтерін жасау, төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінен шаралар қабылдау, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз ету, зардап шеккендерге көмек көрсету;
Азаматтық қорғаныстың барлық кешенді іс-шараларына өз қызметтерінің құзыры шеңберінде тікелей басшылық жасауды жүзеге асыру.