Об областной комиссии по обеспечению безопасности на транспорте Күшін жойған
Басқа 0
Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөіндегі облыстық комиссия туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 11.07.2002 № 105 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі "Көлікте қауіпсідікті қамтамасыз ету мәселелері" жөніндегі № 391 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, облыс Әкімі ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Келесі құрамда көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия құрылсын:
Е. И. Аманқұлов - комиссия төрағасы, облыс Әкімінің орынбасары
С. В. Крутько - комиссия төрағасының орынбасары, төтенше жағдай жөніндегі облыстық басқарма бастығы
Р. М. Закиржанов - комиссия хатшысы, төтенше жағдай жөніндегі облыстық басқарманың сақтандыру бөлімінің бас маманы
Комиссия мүшелері:
А. Б. Бәтесов - облыстық әскери комиссарының орынбасары
А. А. Бекмұханбетов - "Ақтөбе қаласы халықаралық аэропортының АТАҚ -Президенті
С. К. Ботагарин - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
Б. С. Жантеміров - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Б. Д. Есқожин - облыстық көлік инспекциясы бөлімнің бастығы
А. А. Иманбеков - облыстық экология және биоқорлар басқармасының бастығы
О. Ж. Қосназаров - облыстық қоғамдық көлікті басқару қызметінің бастығы
А. Қ. Мәнтаев - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
М. Т. Райымқұлов - облыстық экономика басқармасының бастығы
A. Р. Рсалин - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
Т. С. Сапронова - облыстық кәсіподақтар Кеңесі төрағасының орынбасары
Ж. М. Тасыбаев - облыстық жол полициясы басқармасының бастығы
B. И. Терещенко - "Ақтөбе автожол" қазыналық кәсіпорынның директоры
Ж. Д. Төлеубаев - облыстық мемсанэпидбақылау басқармасы бастығының орынбасары
Р. Ф. Улықпанов - автоәуесқойлар қозғамының төрағасы
К. Ү. Үсімбеков - Батыс теміржолы басқармасы бастығынын бірінші орынбасары
Н. И. Шарипова - облыстық Әділет басқармасы бастығының орынбасары
Тармақ 2
2. Көлікте Кауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссияның қағидалары бекітілсін /№ 1 қосымша/.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Ақтөбе қаласынын әкімдеріне:
Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аудандардың /қалалық/ комиссияларын құрып, олардың төрағалық міндетін әкім орынбасарлары төтенше жағдай жөніндегі аудандық /қалалық/ комиссия төрағалары немесе жол шаруашылығы және көлік мәселелерімен шұғылданатын әкім орынбасарына жүктеу тапсырылсын.
1998-1999 жылдар ішінде көлікте апатты азайту, қалалар мен поселкаларда көше жүйесін қайта өңдеу және дамыту, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын тиісті жағдайға келтіру жөніндегі кешенді шараларды жасап, жүзеге асырсын.
Көлікте апатты азайту, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын дамыту және ұстау жөніндегі шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Облыс Әкімінің 1996 жылғы 19 маусымдағы "Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ту жөніндегі облыстық комиссия туралы" № 295 шешім өз күшін жойды деп танылсын.
Басқа 5
Облыс Әкімінің 1998 жылғы
"30" шілдедегі № 117
шешіміне 1 қосымша
Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия туралы ҚАҒИДАЛАР
Бөлім 1. 1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДА
1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДА
Тармақ 1.1
1.1. Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия /одан әрі комиссия/ көлікте қауіпсідікті қамтамасыз етуге байланысты облыстық басқармаларының, комитеттердің, ведомстволардың, меншіктеріне қарамастан шаруашылық субъектілерінің, қоғамдық ұйымдардың және бірлестіктердің іс-қимылын үйлестіру, тиісті бағдарламаны жасау және жүзеге асыру, осы мақсатқа бөлінген қаржыны тиімді жұмсау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін консультациялық-кенесші орган болып саналады.
Тармақ 1.2
1.2. Комиссия өз ісінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, осы мәселе бойынша басқа да республикалық заң актілерін, сондай-ақ осы қағидаларды басшылыққа алады.
Бөлім 2. 2. КОМИССИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
2. КОМИССИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Комииссия өз ісін мынадай бағытта жүргізеді:
Тармақ 2.1
2.1. Көлікте апаттың болу себебін зерделеп, қорытынды жасайды және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Тармақ 2.2
2.2. Көлікте апатты азайту жөнінде бағдарламалар, жобалар және шаралар жасап, оларды жүзеге асырады және басымдылығын анықтайды.
Тармақ 2.3
2.3. Облыстық ұйымдардың, комитеттердің, ведомстволардың, шаруашылық жүргізуші субьектілердің және қоғамдық бірлестіктердің көлік оқиғасының алдын-алу және ауыр зардаптарын төмендету мәселелері жөніндегі жақсы жұмыс тәжірибелерін тарату.
Тармақ 2.4
2.4. Облыстық комитеттердің, басқармалардың, аудандық /қалалық/ комиссиялардың, шаруашылық жүргізуші субьектілердің, қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарына талдау жасап, көлікті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін бойынша ұсыным даярлау.
Тармақ 2.5
2.5. Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті, ведомстволық қызметтердің және қоғамдық бірлестіктердің іс-қимылына жәрдемдесу және көмек көрсету.
Тармақ 2.6
2.6. Тұрғындардың барлық жастағы топтарына жол қозғалысы Ережелерін оқуға жәрдемдесіп, бұқаралық ақпарат- құралдар арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі білімді насихаттау.
Бөлім 3. 3. КОМИССИЯНЫҢ ҚҰҚЫ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІГІ
3. КОМИССИЯНЫҢ ҚҰҚЫ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІГІ
Өзіне жүктелген қызметті орындау үшін комиссия мынадай құқыққа ие:
Тармақ 3.1
3.1. Көлікте қаутпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша олардың жұмысын көрсету үшін облыстық басқармалардан, комитеттерден және басқа да ведомстволардан, аудандық /қалалық/ комиссиялардан мәліметтерді алуға және сұратып алуға;
Тармақ 3.2
3.2. Көлткте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде облыстық басқармалардың, комитеттердті және де басқа ведомстволардың, аудандық /қалалық/ комиссияларының мәжілістерде есебін, баяндамасын тыңдай алады.
Тармақ 3.3
3.3. Өзіне бағынышты көлікте қауіпстздікті қамтамасыз етпеген басшыларды тәртіптік жауапкершілікке шығару туралы ұсыныстарды облыстық ұйымдардың, комитеттердің және басқа да ведомстволардың қарамағына ұсына алады.
Тармақ 3.4
3.4. Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстың ұйымдарда, комитеттерде және де басқа ведомстволарда, меншік түріне қарамастан, кәсіпорындарда, ұйымдарда тексеруді ұйымдастыру.
Бөлім 4. 4. КОМИССИЯНЫҢ ІС-ҚИМЫЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
4. КОМИССИЯНЫҢ ІС-ҚИМЫЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тармақ 4.1
4.1. Комиссияны төраға басқарады, оның міндеті облыс Әкімінің орынбасарына - төтенше жағдай жөніндегі облыстық комиссия төрағасына /қызметтік міндеті бойынша/ немесе жол шаруашылығы және көлік мәселесін қарайтын облыс әкімінің орынбасарына жүктеледі.
Тармақ 4.2
4.2. Төраға мәжілістің кесімі мен кестесін бекітіп, дер кезінде комиссия мүшелеріне жеткізеді.
Бөлім 5. 5. КОМИССИЯНЫН ІС-ҚИМЫЛЫН ҚЫСҚАРТУ
5. КОМИССИЯНЫН ІС-ҚИМЫЛЫН ҚЫСҚАРТУ
Тармақ 5.1
5.1. Комиссиянын іс-қимылы облыс Әкімінің шешіміне сәйкес қысқарады.