Байқоңыр қаласы бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметінің нормативтерін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Байқоңыр қаласы бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметінің нормативтерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 01.02.2007 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекеленген санаттарына жеңілдіктер беру кезінде отын босату нормалары, тұрғын үй коммуналдық қызметтерін және байланыс қызметтерін тұтыну туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19 тамызындағы №1266 қаулысы мен "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі N 437 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамызындағы N 1297 қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй көмегін көрсетуге нормативтер қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (М.Мәселеева) бекітілген нормативтерге сәйкес тұрғын үй көмегінің есептелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Қуандықовқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 2 тамызындағы
302 қаулысымен бекітілді
Байқоңыр қаласы бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметінің нормативтері
Қызмет түрлері
Айлық әлеуметтік норма
Электр қуаты
Бір адамға 45 кВт/сағат, бірақ санау көрсеткіші бойынша нақты тұтынылғаннан көп емес.
Жылумен жабдықтау
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдылығының нормативіне сәйкес бір адамға пайдалану алаңы 18 шаршы метр, бірақ нақты пайдаланатын алаң көлеміненк өп емес;
жалғыз басты азаматтарға-бір бөлмелік пәтердің көлеміне қарай, бірақ 31 шаршы метрден көп емес.
Газбен жабдықтау
(сұйытылған газ)
газ плиталары мен орталық ыстық сумен жабдықтау бар болған жағдайда-бір адамға 4,8кг;
газ плиталары бар, орталық ыстық сумен жабдықтау және газбен су жылыту болмаған жағдайда-бір адамға 8,2 кг.
Су және канализация, бір сөткеге
су құбырымен және канализациямен, ваннасыз - бір адамға 95 литр;
газбен жабдықталған - бір адамға 120 литр;
су құбырымен, канализациямен және газбен жылытылатын ванналары бар-бір адамға 190 литр;
орталықтандырылған ыстық сумен, қол жуғыштар, ыдыс жуғыштар және бүрікпелермен жабдықталған-бір адамға 110 литр;
су тарату колонкаларынан құрылыс салу аудандары үйлерінің суды пайдалануы-бір адамға 50 литр;
Есептегіш құралдары орнатылған жағдайда - өткен тоқсандағы көрсеткіштері бойынша, бірақ бекітілген нормадан жоғары емес.
Тұрғын үйді күту бойынша шығындар
тұрғын үй заңдылығына сәйкес жалпы көлеміне қарай.
Қоқыстан тазарту
тұрғындардың санына қарай.
Жолаушылар лифті
тұрғындардың санына қарай.