О мерах по проведению противоэпидемических мероприятий с целью недопущения заболевания холерой среди населения Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халық арасында тырысқақ ауруын болдырмау мақсатында iндетке қарсы шаралар өткiзу жөнiндегi шаралар туралы Атырау қаласы, Жайық өзенiнен бiрнеше рет вируленттiк түрдегi тырысқақ қоздырғышының шығуына байланысты халық арасында ауруды болдырмаудағы iндетке қарсы шараларды ұйымдастыру және өткiзу үшiн ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Ә.Қарасаева): iндетке қарсы шаралар өткiзу және қауiп-қатердегi топты алдын-ала тексеру мен емдеу жүргiзу Їшiн iндет қорынан 942500 (тоғыз жүз қырық екi мың бес жүз) теңге сомасындағы қаражатты бағыттасын.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Б.Жантемiров) iндетке қарсы шаралар өткiзу үшiн уақытылы қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық санитарлық эпидемиологиялық стансасы (Ө.Зинуллин), облыстық оба ауруына қарсы стансасы (С.Хамзин) халық арасында тырысқақ ауруын болдырмауға және санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңiнен жүргiзуге бағытталған шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы алдын ала шараларды жүргiзу кезiнде медициналық ұйымдардың қызметiн бақылауды және үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Қ. Мүрсәлиеваға жүктелсiн.