Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мамлютском районе Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2019 жылғы 17 сәуірдегі № 49/3
шешіміне 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Мамлют ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Тармақ 3
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін өткен айдағы абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдың басынан ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тармақ 10
10. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Басқа 15. Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының күшін жойған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2019 жылғы 17 сәуірдегі № 49/3
шешіміне
2- қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының күшін жойған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының «Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешімі (2012 жылғы 9 қарашада аудандық «Знамя труда» газетінде, 2012 жылғы 23 қарашада аудандық «Солтүстік Жұлдызы» газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1908 болып тіркелді).
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 «Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің ережесі туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2013 жылғы 29 наурыздағы № 12/6 шешімі (2013 жылғы 24 мамырда аудандық «Солтүстік Жұлдызы» газетінде, 2013 жылғы 31 мамырда аудандық «Знамя труда» газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2272 болып тіркелді).
Тармақ 3
3. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылдың 25 қыркүйегіндегі № 6/1 «Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 16/3 шешімі (2013 жылғы 8 тамызда аудандық «Солтүстік Жұлдызы» газетінде, 2013 жылғы 8 тамызда аудандық «Знамя труда» газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2339 болып тіркелді).
Тармақ 4
4. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының «Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 27 наурыздағы № 27/5 шешімі (2014 жылғы 2 маусымда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2677 болып тіркелді).
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының «Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № 43/6 шешімі (2015 жылғы 6 тамызда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3330 болып тіркелді).
Тармақ 6
6. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының «Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 12/3 шешімі (2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4042 болып тіркелді).
Тармақ 7
7. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 12 мамырдағы № 15/7 шешімі (2017 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4201 болып тіркелді).