Об утверждении правил размещения объектов наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах Қолданыста
Басқа 0
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі
үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру
қағидаларын бекіту туралы
«Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер
министрлігі
Басқа 0. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 18 сәуірдегі
№ 233 бұйрығымен
бекітілген
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жарнама – адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;
Тармақша 2
2) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге болатын жарнама;
Тармақша 3
3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – әртүрлі көлемдегі құрылыстар немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарық беруші конструкциялар мен жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын өзге де құралдар.
Тармақ 3
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс әрі сәулет, қала құрылысы және құрылыс, автомобиль жолдары, жол қозғалысы және стандарттау саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын ескере отырып әзірленуі және орналастыруы тиіс.
Тармақ 6
6. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері жолдардың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.
Тарау 2. 2-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру тәртібі
2-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру тәртібі
Тармақ 7
7. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдермен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі – СЖТ) және техникалық шарттарды алу;
Тармақша 2
2) эскизді (эскиздік жобаны) жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісуден өткізу;
Тармақша 3
3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнату.
Тармақ 8
8. СЖТ және техникалық шарттарды алу, эскизді (эскиздік жобаны) келісу Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 24-бабының 25) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бекітілген Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін үйлер мен ғимараттарға тікелей жақын орналастырған кезде құрылыс нормаларының және үйлер мен ғимараттарға өрт бөлімшелерінің кіруін қамтамасыз ету бөлігінде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуға, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныс белдеуі және сары сызық сақталуға тиіс.
Тармақ 10
10. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнатқан (монтаждаған) кезде құрылыс-монтаждау жұмыстарын, сондай-ақ ашық отты және тұтанатын көздерді қолдана отырып отпен жұмыстар жүргізуге байланысты өрт қауіпсіздігінің талаптары мен нормалары ескерілуге тиіс.
Тармақ 11
11. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері:
сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін тиісті эстетикалық, санитариялық және техникалық күйінде ұстайды;
адамдардың өмірі мен денсаулығы, меншіктің барлық нысанындағы мүлік үшін сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінде сыртқы (көрнекі) жарнама болмаған кезде өтеусіз негізде әлеуметтік жарнаманы сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне орналастырады не орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде (сыртқы) көрнекі жарнама объектісін бөлшектейді.