Некоторые вопросы Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң кейбiр мәселелерi Осы Қаулының 3-тармағын қоспағанда күші жойылды – ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-тармақтан қараңыз) Қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1119 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi құрылсын.
Тармақ 4
4. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 48 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 2, 20-құжат) 1-тармағының;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 маусымдағы N 674 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 19, 204-құжат) 2-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.