Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов на территории района Тереңкөл Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тереңкөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Тереңкөл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Качир ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 тамыздағы «Качир ауданының аумағында үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды және сайлаушылармен кездесулерді өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы» № 275/9 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3981 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы Р.Б. Мұқановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Мартыненко 2019 жылғы «15» сәуір
Басқа 5. Тереңкөл ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 118/2 қаулысына қосымша Тереңкөл ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар р/с № Елді мекеннің атауы Орналасуы Байқоныс ауылдық округі 1. Байқоныс ауылы Павлодар облысы білім беру басқармасының Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «Байқоныс орта жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Қасым Есщанов көшесі, 22 бойынша 2. «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Байқоныс ауылы Мәдениет үйі ғимаратының жанында, Қасым Есщанов көшесі, 28 бойынша 3. Қызылтан ауылы Павлодар облысы білім беру басқармасының Тереңкөл ауданы білім бөлімінің «Қызылтаң орта жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Тәуелсіздік көшесі, 5 бойынша 4. Тілеубай ауылы «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Тілеубай ауылы клубы ғимаратының жанында, Амангелді Иманов көшесі, 29 бойынша Песчан ауылдық округі 5. Песчан ауылы «Песчан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында Шоссейная көшесі, 5 бойынша 6. Павлодар облысы білім беру басқармасының Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің, «Ясли-сад «Балдырған» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында, Шоссейная көшесі, 1А бойынша 7. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тереңкөл ауданының ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанында, Шоссейная көшесі, 56 бойынша 8. «Песчан ауылдық округі әкімінің аппараты Песчан ауылының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын ғимаратының жанында, Выдрин көшесі 1Б бойынша 9. «Сирень» дүкені ғимаратының жанында, Шоссейная көшесі, 23 бойынша 10. Қарасуық ауылы «Песчан ауылдық округі әкімі аппараты Песчан ауылының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Қарасуық ауылының клубы ғимаратының жанында, Луговая көшесі, 7 бойынша Тереңкөл ауылдық округі 11. Ынталы ауылы Павлодар облысы білім беру басқармасының Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «Ынталы негізгі жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Ынталы көшесі, 4 бойынша 12. Тереңкөл ауылы Тереңкөл ауданы әкімдігінің, Тереңкөл ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «ALDASPAN жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Елгин көшесі, 128 бойынша 13. «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанында, Тәуелсіздік көшесі, 230 бойынша 14. «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Тереңкөл ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Байтұрсынов көшесі, 234 бойынша 15. «Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Тургенев көшесі, 77 бойынша 16. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында, Гагарин көшесі, 18 бойынша 17. Павлодар облысы білім беру басқармасының «Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің Музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимаратының жанында, Тәуелсіздік көшесі, 128 бойынша 18. «Павлодар облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Тереңкөл ауданы филиалы ғимаратының жанында, Гагарин көшесі, 15 бойынша 19. «Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Тереңкөл ауданы филиалы бөлімінің ғимаратының жанында, Тургенев көшесі, 85А бойынша 20. Тіс емханасы ғимаратының жанында, Тәуелсіздік көшесі, 88А бойынша 21. «Народный» дүкені ғимаратының жанында, Торайғыров көшесі, 113 бойынша 22. «Деловой» дүкені ғимаратының жанында, Тургенев көшесі, 223 бойынша Береговое ауылдық округі 23. Береговое ауылы «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Береговое ауылы Мәдениет үйі ғимаратының жанында, Намазбаев көшесі, 3 бойынша 24. «Сункар» дүкені ғимаратының жанында, Намазбаев көшесі, 13 бойынша 25. Зеленая Роща ауылы Павлодар облысы білім беру басқармасының Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің, «Зеленая роща негізгі жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Целинная көшесі, 4-құрылыс бойынша 26. «Тереңкөл ауданының мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Зеленая Роща ауылының клубы ғимаратының жанында, Абай көшесі, 12 бойынша 27. Осьмерыжск ауылы Павлодар облысы білім беру басқармасының, Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «Осьмерыжск негізгі жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Школьная көшесі, 2 бойынша Жаңабет ауылдық округі 28. Жаңабет ауылы «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Жаңабет ауылы Мәдениет үйі ғимаратының жанында, Әйтеке би көшесі, 48 бойынша 29. «Айсана» дүкені ғимаратының жанында, Тәуелсіздік көшесі, 1 бойынша 30. Жасқайрат ауылы Павлодар облысы білім беру басқармасы Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «Жасқайрат негізгі жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Иса Байзақов көшесі, 6 бойынша Октябрь ауылдық округі 31. Первомайск ауылы Павлодар облысы білім беру басқармасының Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «Первомайск негізгі жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Бірлік көшесі, 11 бойынша 32. Октябрь ауылы «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Октябрь ауылының мәдени-демалыс орталығы ғимаратының жанында, Тәуелсіздік көшесі, 10 бойынша 33. Октябрь ауылының Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған Даңқ обелискі ескерткішінің жанында, Панфилов көшесі, 4 бойынша Калиновка ауылдық округі 34. Калиновка ауылы «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Калиновка ауылының Мәдениет үйі ғимаратының жанында, Жеңіс көшесі, 52 бойынша 35. «Сельмаг» дүкені ғимаратының жанында, Жеңіс көшесі, 58 бойынша 36. Қызылдау ауылы «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Қызылдау ауылы клубы ғимаратының жанында, Школьная көшесі, 13 бойынша Томарлы ауылдық округі 37. Томарлы ауылы «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Томарлы ауылының Мәдениет үйі ғимаратының жанында, Бастау көшесі, 38 бойынша 38. «Аққайың» дүкені ғимаратының жанында, Тәуелсіздік көшесі, 3 бойынша Ивановка ауылдық округі 39. Ивановка ауылы Павлодар облысы білім беру басқармасының Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «Ивановка орта жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Достық көшесі, 32 бойынша 40. «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Ивановка ауылының Мәдениет үйі ғимаратының жанында, Тәуелсіздік көшесі, 6 бойынша Алтай ауылдық округі 41. Алтай ауылы «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Алтай ауылының Мәдениет үйі ғимаратының жанында, Киров көшесі, 24 бойынша 42. «Алтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Киров көшесі, 25 бойынша 43. «Алтай» дүкені ғимаратының жанында, Чкалов көшесі, 22, 2 пәтер бойынша 44. Фрументьевка ауылы «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Фрументьевка ауылының Мәдениет үйі ғимаратының жанында, Мерей көшесі, 17 бойынша Әулиеағаш ауылдық округі 45. Аққайың ауылы «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Аққайың ауылы клубы ғимаратының жанында, Астана көшесі, 1 бойынша 46. Әулиеағаш ауылы «Әулеағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Асар көшесі, 1 бойынша 47. «Ирина» дүкені ғимаратының жанында, Тәуелсіздік көшесі, 7 бойынша Жаңақұрылыс ауылдық округі 48. Қоржынкөл ауылы «Тереңкөл ауданының Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Қоржынкөл ауылы клубы ғимаратының жанында, Бәйтерек көшесі, 25 бойынша 49. «Диляра» дүкені ғимаратының жанында, Сұрағанов көшесі, 46 бойынша 50. Жаңақұрылыс ауылы Павлодар облысы білім беру басқармасының Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің «Жаңақұрылыс негізгі жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Мектеп көшесі, 6 бойынша
Басқа 6. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар
Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі № 118/2 қаулысына 2-қосымша Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар