О внесении изменений в некоторые постановления акимата Жамбылской области Күшін жойған
Басқа 0
Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 2
2. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 84 қаулысының 1 тармағындағы 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3037 болып тіркелген, 2016 жылдың 5 мамырында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Дауылбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесс анықтамалығы
Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы «5» сәуірдегі
№78 қаулысына қосымша
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесс анықтамалығы
Шартты белгілер: