О предоставлении совместному предприятию "Актобе Пройссаг Мунай ЛТД" право временного использования земельных участков для производства сейсморазведочных работ в Байганинском районе Актюбинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе облысының Байғанин ауданында сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін «АҚТӨБЕ ПРОЙССАГ МУНАЙ ЛТД» біріккен кәсіпорынына уақытша жер бөлігін пайдалану құқылығын беру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
Заң күші бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 51 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 299 Қаулысымен бекітілген "Ауылшаруашылығы өңдірісінің шығыны мен ауылшаруашылығы жерін қайтарып алудағы зиянды өтеудің тәртібін белгілеу туралы" Ережесіне сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға құқылығы бар 1995 жылы 13 маусымда берілген МГ № 244 /мұнай/ сериялы лицензияға сәйкес, сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Байғанин ауданынан 143 гектар жайылымдық жер бөлігін пайдалану құқылығы "АҚТӨБЕ ПРОЙССАГ МУНАЙ ЛТД" біріккен кәсіпорынына 3 ай мерзімге уақытша берілсін.
Тармақ 2
2. "АҚТӨБЕПРОЙССАГ МУНАЙ ЛТД" біріккен кәсіпорыны:
- ауылшаруашылығы өндірісінің шығынын 70710 теңге сомасында жалғанған қосымшаға сәйкес өтесін;
- уақытша пайдалануға берілген жердегі жұмысты аяқтағаннан кейін жерді тегістеп, белгіленген тәртіп бойынша бұрынғы жер иеленушіге тапсырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындауын бақылау Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Әкіміне жүктелсін.
Басқа 4
Облыс ӘкімінІң
«25» маусымдағы 1998 жылғы
N 104 шешіміне қосымша
"Ақтөбе Пройссаг Мұнай ЛТД" біріккен кәсіпорынының Байғанин ауданынан сейсмологиялык, барлау жұмысын жүргізу үшін уақытша жер пайдалануына байланысты, ауылшаруашылығы өндірсіне келген зиянның ЕСЕБI
Қатар
саны
Ауылшаруашылығы жерінің
түрі
Топырак,
құрамы
Аумағы
га
Құны
1 га/тг
Жалпы
құны
5 % жылдың төлем
Пайдалану мерзімі
Төлеуге
жататын
сомасы тг
1
Жайылым
Ашық-
күлгін
98
45600
4468800
223440
3 ай
55860
2
Жайылым
қоныр
42
26400
1108800
55440
3 ай
13860
3
Жайылым
қоныр
з
26400
79200
3960
3 ай
990
Барлығы
143
98400
5656800
282840
3 ай
70710