Об утверждении Положения и регламента апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на акт о результатах проверки Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның ережесін және регламентін бекіту туралы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 116 бұйрығына 1-қосымша Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Экологиялық кодекс) 17-бабының 38-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Комиссия қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссияның функциялары
2-тарау. Комиссияның функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның функциялары:
Тармақша 1
1) тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау;
Тармақша 2
2) тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау нәтижелері бойынша ұсынымдар енгізу және мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жіберу болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссия құқықтары
3-тарау. Комиссия құқықтары
Тармақ 5
5. Комиссия өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жүргізілген тексеру нәтижелеріне ескертулердің болуы (болмауы) туралы ұсынымдар енгізуге;
Тармақша 2
2) тексеру нәтижелері туралы актіге (бұдан әрі – өтініш беруші) шағымды қарау туралы өтініш білдірген табиғат пайдаланушыға қатысты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді және (немесе) ақпаратты, сондай-ақ құпия ақпаратты алуға құқылы. Комиссия мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық құпияны, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат жария етуге жатпайды.
Тармақша 3
3) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 4. 4-тарау. Комиссия қызметі
4-тарау. Комиссия қызметі
Тармақ 6
6. Комиссияны Комиссия төрағасы басқарады. Комиссия төрағасы ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы анықталады. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын оның орынбасары орындайды.
Тармақ 7
7. Комиссия құрамы тұрақты жұмыс істейтін болып табылады, жеті адамнан тұрады. Комиссия құрамын Экологиялық кодекстің 17-бабының 38-10) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Комиссия құрамына міндетті түрде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
Тармақ 8
8. Комиссия отырыстары егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса және комиссия мүшелері – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері міндетті түрде қатысқан жағдайда заңды деп есептеледі. Комиссия отырысына қатысуға мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың (одақтардың) сарапшылары тартылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдерін қоспағанда, Комиссия мүшелерінің бірінің болмауы Комиссия отырысында шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің келмеуі Комиссияның отырысын ауыстыру үшін негіз болып табылады.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Басқа 2. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламенті
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 116 бұйрығына 2-қосымша Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламенті
Тармақ 1
1. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, 2015 жылғы 25 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ережеге және осы Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келіп түскен тексеру нәтижелері туралы актіге (бұдан әрі – шағым) шағым Комиссияның жұмыс органына жіберіледі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – жұмыс органы) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия отырысы айдың әр сәрсенбісінде, шағымның түсуіне қарай өткізіледі. Егер отырысты өткізу күні мерекелік күнге келсе, онда отырыс одан кейінгі жақын жұмыс күніне ауыстырылады. Комиссия төрағасы объективті қажеттілік болған жағдайда отырысты өткізу күнін ауыстырады. Бұл ретте жұмыс органы Комиссия мүшелеріне отырыс күнін ауыстыру туралы хабарлайды.
Тармақ 4
4. Шағымды Комиссия шағым жасалған мәселелер шегінде қарайды.
Тармақ 5
5. Жұмыс органы шағым келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне: шағымның; тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесін жолдайды. Көрсетілген құжаттардың көшірмелері: мемлекеттік органдардың жұмыскерлері болып табылатын Комиссия мүшелеріне Мемлекеттік органдардың интранет-порталы бірыңғай электрондық почта жүйесі арқылы; мемлекеттік органдардың жұмыскерлері болып табылмайтын Комиссия мүшелеріне – олар жұмыс органына берген электрондық поштасына жіберіледі. Өтініш беруші шағымға қосымша материалдарды жіберген жағдайда, жұмыс органы мұндай материалдарды Комиссия мүшелерінің электрондық поштасына жібереді.
Тармақ 6
6. Жіберілген шағым материалдарын Комиссия мүшелері жұмыс органынан шағым материалдары келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 7
7. Комиссия мүшелерінің сұрау салулары бойынша жұмыс органы комиссияның мұндай мүшелеріне шағымды қарау үшін қажетті мәліметтерді және (немесе) өтініш берушіге қатысты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ құпия ақпаратты береді.
Тармақ 8
8. Комиссия мүшелерінің бастамасы бойынша жұмыс органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына, сондай-ақ өтініш берушіге туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелерді және (немесе) ұстанымды жазбаша нысанда ұсыну туралы сұрау салуды жібереді. Сауалға жауап 2 (екі) жұмыс күні ішінде беріледі. Сауалға жауап бермеу шағымды қарау үшін кедергі болмайды.
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасының келісімі бойынша жұмыс органы Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастырады.
Тармақ 10
10. Қосымша түсіндіруді талап ететін мәселелер туындаған кезде Комиссия отырысына: нәтижелері шағымдалатын тексеруді жүзеге асырған мемлекеттік экологиялық инспектор (инспекторлар); осындай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың өкілдері; арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және консультациялар алу үшін шағымды қарау нәтижесіне мүдделі емес басқа да мамандар шақырылуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Шағым мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған жай көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру Комиссия отырысында осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 12
12. Шағым жасалған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия шешім қабылдайды. Шағымды қарау нәтижелері бойынша Комиссия қабылдаған шешімдер ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 13
13. Шағымды қарау нәтижелері бойынша Комиссия қабылдаған шешімдер қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі – хаттама) көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Хаттаманың көшірмесі жазбаша нысанда өтініш берушіге, сондай-ақ тексеру нәтижелері туралы актіні жасаған лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Тармақ 15
15. Хаттаманы Комиссия хатшысы жүргізеді.
Тармақ 16
16. Хаттамада: отырыстың орны мен күні; қатысқан Комиссия мүшелері, шақырылған адамдар (бар болса), жұмыс органының өкілдері жазылады; өтініш берушінің атауы/тегі, аты, әкесінің аты(бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі; тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған актінің нөмірі мен күні; шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы актіні жасаған мемлекеттік экологиялық инспектордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); қабылданған шешім көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Хаттама жобасын оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелері келіседі.
Тармақ 18
18. Хаттамаға комиссия төрағасы, Комиссия хатшысы қол қояды.
Тармақ 19
19. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның хаттамалары мен материалдарын есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Комиссия отырысында екі және одан да көп шағым бойынша мәселелер қаралған жағдайда, әрбір шағым бойынша жеке хаттама ресімделеді.
Тармақ 21
21. Хаттама мен дауыс беру парақтары тиісті шағым материалдарына қоса тігіледі.
Тармақ 22
22. Егер комиссия отырысының нәтижелері бойынша күн тәртібіне енгізілген шағымды қарауды Комиссияның келесі отырыстарына ауыстыру шешімі қабылданған жағдайда, онда осы шағым бойынша дауыс беру парақтары мен хаттама толтырылмайды.
Тармақ 23
23. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа жүгінген жағдайда, сот шешім шығарғанға дейін Комиссияның шағымды қарауын тоқтата тұрады.
Тармақ 24
24. Бұрын шағым жасалған және ол бойынша шешім шығарылған шағым қайтадан келіп түскен кезде Комиссия мұндай шағымды қараусыз қалдырады, сондай-ақ комиссия отырысына шығармайды.
Тармақ 25
25. Егер өтініш беруші шағымды Комиссия мүшелерінің қарауы барысында қайтарып алған жағдайда, Комиссия мұндай шағымды қараусыз қалдырып, Комиссия мүшелеріне жазбаша хабарлады.
Тармақ 26
26. Комиссия шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне ң араласуға және Комиссия мүшелеріне қандай да бір ықпал етуге жол берілмейді.
Тармақ 27
27. Комиссия жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде шағымдарды қарау нәтижелерін жинақтайды және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді, олар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
Басқа 2.1. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия мүшелерінің ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ
Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламентіне 1-қосымша Нысан Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия мүшелерінің ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы______________________________ Шағымы бойынша ____________________________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________ Күні _______________________________________________________________ Сұрақтар № Сұрақтардың мазмұны Комиссия мүшесінің шешімі Шағымды қанағаттандыру Ішінара қанағаттандыру (қолдаған тармақтарды көрсету) Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру Ескертпе: тікелей комиссия отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі. «Шағымды қанағаттандыру», «Ішінара қанағаттандыру», «Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру» деген бағандарда қабылданған шешімге сүйене отырып, қол қойылады.
Басқа 2.2. Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия отырысының № ___ ХАТТАМАСЫ
Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламентіне 2-қосымша Нысан Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия отырысының № ___ ХАТТАМАСЫ ____________ _______________ (орын) (күні) Комиссия төрағасы: (көрсетілген) Комиссия мүшелері: (тізімделген) Комиссия хатшысы: (көрсетілген) ҚАТЫСҚАНДАР: Шақырылған адамдар (бар болса): (тізімделген) Жұмыс органының өкілдері: (тізімделген) Шағым ШЕШІМ: Комиссияның төрағасы: __________ ___________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Комиссияның хатшысы: __________ ___________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))