Об утверждении Правил использования средств резерва акимата Карагандинской области Қолданыста
Басқа 0
Қарағанды облысы әкімияты
резервінің қаражатын пайдаланудың
Қағидасын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімшілігінің 2005.05.24 N 10/07 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» №357-1 ҚРЗ, 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемкелеттік басқару туралы» №148-II ҚРЗ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыпкүйектегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы» №1408 қаулысын іске асыру мақсатында Қарағанды облысының әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасы бекітілсін (№1 қасымша).
Тармақ 2
2. Аудандардың (қалалардың) әкімияттары бір ай мерзім ішінде аудан (қала) әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасын жасасын және бекітсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің орынбасары С.Б. Өтешовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастп қолданысқа енеді.
Басқа 1. Қарағанды облысы резервінің
қаражатын пайдаланудың
ҚАҒИДАСЫ
Қарағанды облыстық
әкімиятының 2002 жылғы 2 тамызда
№ 07/03 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
№1 қосымша
Қарағанды облысы резервінің
қаражатын пайдаланудың
ҚАҒИДАСЫ
Осы Қағида Қарағанды облысы әкімияты қаражатын бөлудің және пайдаланудың ретін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Облыс әкімиятының резерві -тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін облыс әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат;
көлденең шығыстар-ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттіқалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыс әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін облыс әкімияты резервінің құрамындағы қаражат-облыс әкімияты резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша облыс әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін құражат;
төмен тұрған бюджеттерді несиелеу үшін арнайы резерв-жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және ағымдағы қаржы жылы ішінде аудандардың (қалалардың) бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген және жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландыратын (қалалардың) бюджеттерінің шығыстарын қаржыландыруға арналған қайтарымды негізде төмен тұрған бюджеттерге бөлінетін облыс әкімияты резервінің құрамында көзделетін қаражат;
облыс әкімияты резервінің қаражатын алушы-облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі немесе аудан (қала) әкімдері.
Тармақ 2
2. Облыс әкімияты резервінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға келесі шаралар:
Тармақша 1
1) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұған кіретіндер:
төтенше жағдайладың пайда болу нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтарымен және жарақтарымен қосымша жарақтандыру;
төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) сот шешімдері бойынша облыс әкімиятының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу;
Тармақша 3
3) төмен тұрған бюджеттердің кассалық айырмашылығын жабуды несиелеу;
Тармақша 4
4) облысы әкімиятының қаулысымен айқындалған өзге де күтілмеген шығыстар жатады.
Тарау 2. 2. Облыс әкімияты резервінің қаражатын
бөлудің және пайдаланудың тәртібі.
2. Облыс әкімияты резервінің қаражатын
бөлудің және пайдаланудың тәртібі.
Тармақ 3
3. Облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлуді, облыс әкімиятының қаулысы негізінде, заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің шығыстарының құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде Қаржы басқармасы жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ, қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Облысы әкімиятының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Қағида мен облыс әкімиятының резевтен қаражат бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
Тармақ 5
5. Облыс әкімиятының резевінен қаражат бөлу туралы облыс әкімиятының қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар:
Тармақша 1
1) облыстық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған бөлінетін ақшаның болмауы;
Тармақша 2
2) сот шешімдері бойынша облыс әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, облыс әкімиятының резев қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.
Тармақ 6
6. Берілген несие толық өтелгеннен кейін күшін жоятын әкімияттың резервінен төмен тұрған бюджеттерге несие бөлу туралы облыс әкімиятының қаулыларын қоспағанда, резервтен қаражат бөлу туралы облыс әкімиятының қаулысы, облыс әкімиятының тиісті қаулысы негізінде жыл аяқталғанға дейін күшін жояды.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлады жоюға қаражат бөлу.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлады жоюға қаражат бөлу.
Тармақ 7
7. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудандардың (қалалардың) әкімияттарының резерв қаражаттары есебінен қаржыландырылуы тиісті.
Тармақ 8
8. Төтенше жағдайлардың салдарын, оның ауқымы мен таралу аймағын жою үшін, облыс әкімиятының резервінен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша шараларды қаржыландыру аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарында қаражаттар мен ресурстар жетіспеген жағдайда жүзеге асады.
Тармақ 9
9. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда, резервтен қаражат бөлу туралы айқындалған тәртіппен берілетін негізделген материалдар мен олардың тізімдемелерін Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма қарайды және табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет кезде Қаржы басқармасының келісімі бойынша төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы облыс әкімияты қаулысының жобасын облыс әкімиятының мәжілісіне тапсырады.
Тарау 4. 4. Сот шешімдері бойынша облыс
әкімияты мен атқарушы органдарының
міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
4. Сот шешімдері бойынша облыс
әкімияты мен атқарушы органдарының
міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
Тармақ 10
10. Сот шешімдері бойынша облыс әкімиятының, атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда облыс әкімиятының қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
Қолданыстағы заңдардағы көзделген негіздемелер болған жағдайда сот шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар аталған шешімдерге барлық сот сатыларында шағым беруге тиіс.
Атқарушы органдар шағым берілген сот кесімдерінің көшірмелерін облыстық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне беруі тиіс.
Атқарушы органдар өздерінің заңсыз қалбылдаған кесімдері үшін, сондай-ақ, өздерінің лауазымды адамдарының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттері үшін оларға «Әкімшілік шығыстар» бағдарламасы бойынша бөлінген ақшамен жауап береді.
Тармақ 11
11. Облыс әкімиятының міндеттемелерін өтеуге облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы облыс әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен Қаржы басқармасы дайындайды.
Тармақ 12
12. Атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы облыс әкімиятының қаулысының жобасын тиісті атқарушы органдар белгіленген заңдылықтар тәртібімен Қаржы басқармасымен келісіп дайындайды және облыс әкімиятының аппаратына тапсырады.
Тарау 5. 5. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін
арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану
5. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін
арнайы резервтен қаражат бөлу және оларды пайдалану
Тармақ 13
13. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнайы резервтен қаражат бөлу үшін аудандардың (қалалардың) әкімдері Қаржы басқармасына тиісті негіздемелермен және есептеулерімен бірге облыс әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады.
Тармақ 14
14. Қаржы басқармасы берілген өтініштің негізінде, сондай-ақ, ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған облыс әкімиятының қаулысы мен төмен тұрған бюджеттерге бұрын берілген несиелер туралы деректерді ескеріп, арнайы резевтен төмен тұрған бюджеттерді несиелеу үшін қаражат бөлудің мүмкіндігі не болмаса мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арнайы резевтен қаражат бөлу үшін шартты міндеттемелер болып табылатындар:
Тармақша 1
1) ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджетте облыстың аудандарының (қалаларының) бюджеттерін несиелендіру үшін көзделген соманың болуы;
Тармақша 2
2) жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен бекітілген және жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезең үшін жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға бөлінетін қаражаттың бағыты;
Тармақша 3
3) Облыстық бюджеттен бұрын берілген несие бойынша жергілікті атқарушы органдардың мерзімі өткен берешегінің болмауы;
Тармақ 15
15. Аудан (қала) әкімінің өтініші болған кезде, Қаржы басқармасы төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін облыс әкімиятының арнайы резервінен ақша бөлу туралы қаулының жобасын облыс әкімиятының қарауына ұсынады.
Тармақ 16
16. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін облыс әкімиятының резервінен несие берудің және қайтарудың тәртібі мен шарттары облысы әкімиятының қаулысында белгіленеді.
Тарау 6. 6. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу
6. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу
Тармақ 17
17. Облыс әкімиятының резевінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу үшін аудандардың (қалалардың) әкімдері Қаржы басқармасына тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады.
Тармақ 18
18. Қаржы басқармасы берілген өтініштің негізінде облыс әкімиятының резевінен қаражат бөлудің мүмкіндігі, не болмаса мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Қаржы жылының ішінде қаражатты табиғи және техногедік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға тиімді бөлу мақсатында өтінішті қарау кезінде, облыс әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға бөлінетін қаражаттың сомасы, әрбір ағымдағы тоқсанда облыстық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенеше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25%-нан аспауы тиіс. Бұл ретте облыс әкімиятының резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы облыс әкімиятының бұрын қабылданған қаулылары есепке алынады.
Тармақ 19
19. Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтініш бойынша оң қорытынды болған жағдайда облыс әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы облыс әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен Қаржы басқармасымен келісіп осы облыстық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі дайындайды.
Тармақ 20
20. Аудандардың (қалалардың) әкімдерінің өтініш бойынша оң қорытынды болған жағдайда облыс әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы облыс әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен Қаржы басқармасы дайындайды.
Тарау 7. 7. Бақылау және есептілік
7. Бақылау және есептілік
Тармақ 21
21. Облыс әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты алушылар Қаржы басқармасы белгілеген тәртіппен және уақытында олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстрадың көлемі мен құны туралы есеп беруі тиіс.
Тармақ 22
22. Қаржы басқармасы облыс әкімиятының резерв қаражатын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдықтары туралы облыс әкімиятына ай сайын ақпарат тапсырады.
Тармақ 23
23. Облыс әкімиятының резервінен бөлінетін қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін алушы Қазақстан Республикасының заңдарына қарастырылған тәртіппен жауап береді.
Тармақ 24
24. Облыс әкімиятының резервінен қаражатты мақсатқа пайдалануға бақылау жасауды Қаржы басқармасы жүзеге асырады.