О процедурах осуществления платежей в безналичной и наличной формах за счет средств областного бюджета Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджет қаражатының есебінен қолма-қол емес және қолма-қол түрлеріндегі төлемдерді жүзеге асыру рәсімдері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 27.04.2009 № 177 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесі 11-тарауының 124-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен басым бағыттар белгіленсін: жалақы, әлеуметтік салық және оларға теңестірілген төлемдер; атаулы мемлекеттік жәрдемақылар және басқа әлеуметтік төлемдер; тамақ және дәрі-дәрмек.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджет бойынша басқа төлемдер Қостанай облысы қаржы департаментінің бірінші қол қою құқығына ие уәкілетті тұлғалары қолдарының үлгілеріне сәйкес қолдары бар төлем құжаттары түсу кезегінің тәртібі бойынша жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.