Об утверждении Условий по передаче в имущественный наем (аренду) имущества находящегося в хозяйственном ведении или оперативном управлении государственных коммунальных предприятий, в том числе объектов государственной собственности, не подлежащих приватизации Күшін жойған
Басқа 0
Коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттарын бекіту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 04.11.2002 № 74 шешімімен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы" № 336 қаулысын жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттары бекітілсін (қоса тіркеледі).
Тармақ 2
2. Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншікті және активтерді басқару департаменті коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беруді осы шешіммен бекітілген Шарттарға сәйкес жүзеге асыратын болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.С.Сейітжапаровқа жүктелсiн.
Басқа 4
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімінің 2002 жылғы
22 тамыздағы № 61 шешіміне
қосымша
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық
жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның
ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік
объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру
Шарттары
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Шарттар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысын орындау мақсатында әзірленді және барлық мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің орындауы үшін міндетті болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы коммуналдық меншікке жататын объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) берудің негізгі принциптерін, тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Мүліктік жалға (жалдауға) беру объектілері деп коммуналдық меншік болып табылатын ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар, жабдық және өзге де мүлік (бұдан әрі - Объект) түсініледі.
Тармақ 3
3. Тек мемлекеттік меншік объектілері болып табылатын және жергілікті маңызы бар санатқа жатқызылған тарихи, мәдени ескерткіш ғимараттар, оларды пайдалану мен эксплуатациялау шарттары жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарымен келісілген жағдайда ғана, мүліктік жалға (жалдауға) беріледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық меншік объектілерін 3 жылға дейінгі мерзімге мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы шешімді кәсіпорындар өздері қабылдайды, 3 жылдан астам мерзімге кәсіпорындар уәкілетті органның келісімімен ғана жүзеге асыра алады.
Тармақ 5
5. Жедел басқару құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлік объектілерін жалға беруді (жалдауды) Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншікті және активтерді басқару департаменті (бұдан әрі - жалға беруші) Жалдаушының өтінімі және көрсетілген объектінің басқару органы мен баланс ұстаушысының ұсынысына сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. КЕЙІННЕН САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ОБЪЕКТІЛЕРДІ
МҮЛІКТІК ЖАЛҒА (ЖАЛДАУҒА) БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ
2. КЕЙІННЕН САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ОБЪЕКТІЛЕРДІ
МҮЛІКТІК ЖАЛҒА (ЖАЛДАУҒА) БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ
Тармақ 6
6. Объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) алу өтінімдерін кез келген заңды және жеке тұлғалар бере алады. Өтінімдер жалға берушіге, Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншікті және активтерді басқару департаментіне, беріледі.
Тармақ 7
7. Келіп түскен өтінімдерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау жалпылама негізде бір ай мерзімде өткізіледі.
Тармақ 8
8. Объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы келіп түскен өтінімдер мынадай құжаттар болған жағдайда қаралады:
Тармақша 1
1) объектінің қажеттілік негіздемесі;
Тармақша 2
2) осы Шарттардың 4-тармағына сәйкес ұсыныс беру туралы хаттар;
Тармақша 3
3) жалға төлейтін төлем ақыны есептеу үшін қажетті мәліметтер туралы баланс ұстаушының бухгалтерлік анықтамасы;
Тармақша 4
4) құрылтай көшірмесі ( заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 5
5) төлқұжат немесе жеке тұлғаны куәландыратын өзге де құжат көшірмесі (жеке тұлғалар үшін).
Тармақ 9
9. Жалға беруші өтінімді және ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша мына шешімдердің бәрін қабылдайды:
Тармақша 1
1) Объектіні мақсатты пайдалануы бойынша мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы;
Тармақша 2
2) Жазбаша себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы.
Тарау 3. 3. МҮЛІКТІК ЖАЛҒА (ЖАЛДАУҒА) БЕРУ ШАРТЫН РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ
3. МҮЛІКТІК ЖАЛҒА (ЖАЛДАУҒА) БЕРУ ШАРТЫН РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Тармақ 10
10. Жалға беруші объектіні жалға беру (жалдау) туралы шешім қабылдаған соң, Жалдаушымен мүлікті жалға (жалдауға) беру шарты жасалынады.
Тармақ 11
11. Объектіні жалға бергенде, жалдау ақысы төлем мөлшерін есептеудің бекітілген әдістемесіне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 12
12. Жалдаушы жалдау ақысын және коммуналдық қызметтер ақысын мүліктік жалға беру (жалдау) шарты жасалған күннен бастап төлейді.
Тармақ 13
13. Мүліктік жалға (жалдауға) беру шартында міндетті түрде мыналар қарастырылуы тиіс:
Тармақша 1
1) жалға берушінің міндеттері:
- жалдаушының шартта белгілеген тәртіппен объектіні иеленуі мен пайдалануына кедергі болатын іс-қимыл жасамауға міндетті;
- келісімнің шарттарының орындалуына бақылау жүргізуге:
Тармақша 2
2) жалдаушының міндеттері:
- объектіні тиісті тәртіпте ұстауға, объектіге немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттер жасамауға;
- объект жалдаушының кінәсінен зақымдалған жағдайда, өз есебінен жөндеу жұмысын жүргізуге;
- жалға берушінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз объектіні , онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға;
- жалға берушінің, санитарлық қадағалау қызметінің және ғимараттарды пайдалану және ұстау-күту тәртібіне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің объектіге және оған жақын орналасқан жер учаскесіне кіруіне рұқсат беру, көрсетілген олқылықтарды олар белгілеген мерзімде жоюға;
- жалға берушінің келісімімен ғана Объектіні ішкі жалдауға (қосалқы жалгерлікке) беруге, мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаға (қайта жалдауға) беруге;
- мүліктік жалға (жалдауға) беру шарты бойынша өз құқықтарын кепілге бермеуге немесе оларды салым ретінде шаруашылық серіктестіктердің , акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде енгізбеуге;
- шартта белгіленген мөлшерде, мерзімдерде және тәртіпте жалдау ақысын төлеуге;
- әр тоқсан сайын төлем ақыны төлеген туралы есеп беруге: - шартта белгіленген мерзімде Объектіні қанағаттанарлық жағдайда қайтаруға міндетті.
Тармақ 14
14. Айыппұл төлеу кінәлі жақты шарт бойынша алған міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
Тармақ 15
15. мүліктік жалға (жалдауға) беру шартында ескерілетін дүркінді немесе бір жолғы енгізілетін төлемдердің торлаулы сомасында барлық жалданатын мүлік үшін тұтастай немесе оның құрамдас бөлігінің әрбірі үшін бөлек белгіленеді.
Єимараттағы үй-жайлардың бір бөлігін жалдау үшін төлемді есептеу кезінде жалпы пайдаланатын орындарға көруді Жалдаушының осы алаңдарды үлестік пайдалануына үйлесімді ескеру қажет.
Тармақ 16
16. мүліктік жалға (жалдауға) беру ақысына коммуналдық қызмет көрсетулер үшін төлемдер , ағымдағы және күрделі жөндеуге бөлінетін қаражат, Объектіге көрсетілетін қызмет үшін төлемдер қосылмайды. Жалдаушы бұл төлемдерді тікелей бөлек келісім бойынша баланс ұстаушыға немесе ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және басқа қызметтерге төлейді.
Тармақ 17
17. Объектіні пайдалану үшін жалдау ақысының ставкалары егер өзгесі мүліктік жалға (жалдауға) беру шартымен көзделмесе, жылына бір реттен жиі өзгертілмейді.
Тармақ 18
18. Жалдау ақысы Объект орналасқан жергілікті бюджетке аударылады.
Тарау 4. 4. ШАРТТЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БҰЗУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
4. ШАРТТЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН БҰЗУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
Шартты мерзімінен бұрын бұзудың негіздері мен шарттары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Жалдаушының заңды тұлға ретінде таратылуы;
Тармақша 2
2) Жалдаушының мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын бұзуы;
Тармақша 3
3) заңнамалық актілермен немесе шартпен көзделген жағдайларда жалға берушінің немесе Жалдаушының талабы бойынша;
Тармақша 4
4) егер Жалдаушы шартта белгіленген төлеу мерзімі аяқталғанда екі реттен көп мүлікті пайдалану үшін төлемді төлемесе;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген өзге де жағдайлар.
Тарау 5. 5. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
5. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
Тармақ 19
19. Осы Шарттармен реттелмеген барлық мәселелер бойынша мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының тараптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 20
20. Объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде туындайтын даулар тараптардың өзара келісімі бойынша немесе заңнамамен белгіленген тәртіпте қаралады.