О предоставлении компании "ТЮРКИЙЕ ПЕТРОЛЛЕРИ АНОНИМ ОРТАКЛЫГЫ» права временного использования земельных участков для производства сейсморазведочных работ в Байганинском и Мугалжарском районах Актюбинской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысының Байғанин және Мұғалжар аудандарында сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін "ТЮРКИЙЕ ПЕТРОЛЛЕРИ АНОНИМ ОРТАКЛЫҒЫ" компаниясына уақытша жер бөлігін пайдалану құқылығын беру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды шешімнің қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты - Ақтөбе облысының әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. Заң күші бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының 51 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 299 Қаулысымен бекітілген "Ауылшаруашылығы өндірісінің шығыны мен ауылшаруашылығы жерін қайтарып алудағы зиянды өтеудің тәртібін белгілеу туралы" Ережесіне сәйкес облыс Әкімі шешті:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға құқылығы бар 1997 жылы 22 мамырда берілген МГ № 987 сериялы лицензияға сәйкес, сейсмологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Байғанин ауданынан 216 гектар, Мүғалжар ауданынан 24 гектар, барлығы 240 гектар жайылымдық жер бөлігін пайдалану құқылығы "ТЮРКИЙЕ ПЕТРОЛЛЕРИ АНОНИМ ОРТАКЛЫҒЫ" компаниясына 4 ай мерзімге уақытша берілсін.
Тармақ 2
2. "ТЮРҚИЙЕ ПЕТРОЛЛЕРИ АНОНИМ ОРТАКЛЫҒЫ" компаниясы: - ауылшаруашьшығы өндірісінің шығынын 154880 теңге сомасында жалғанған қосымшаға сәйкес өтесін; - уақытша пайдалануға берілген жердегі жұмысты аяқтағаннан кейін жерді тегістеп белгіленген тәртіп бойынша бұрынғы жер иеленушіге тапсырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындауын бақылау Ақтөбе облысының Байғанин және Мұғалжар аудандары Әкімдеріне жүктелсін.
Басқа 4
Облыс Әкімінің «23» маусымдағы 1998 жылғы N 102 шешіміне қосымша Тюркийе Петроллери Аноним Ортаклыгы /ТПАО/ компаниясының Байғанин және Мұғалжар ауданынан сейсмологиялық барлау жұмысын жүргізу үшін уақытша жер пайдалануына байлансты, ауылшаруашылығы өндірсіне келген зиянның ЕСЕБI Қа­тар са­ны Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы же­рі­нің тү­рі То­пы­рак, құ­ра­мы Ау­ма­ғы га Құ­ны 1 га/тг Жал­пы құ­ны 5 % жыл­дық тө­лем Пай­да­ла­ну мер­зі­мі Тө­ле­у­ге жа­та­тын со­ма­сы тг 1 Жай­ы­лым Ашық- күл­гін 130 45600 5928000 296400 4 ай 98800 2 Жай­ы­лым қо­ныр 86 26400 2270400 113520 4 ай 37840 3 Жай­ы­лым ашық- күл­гін 24 45600 1094400 54720 4 ай 18240 Бар­лы­ғы 240 117600 - 582240 4 ай 154880