Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений, не являющихся государственными служащими, финансируемых из местных бюджетов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша еңбек стажын есептеу Қағидасын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімиятының 2004.08.09 N 16/10 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 қаңтардағы «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №41 қаулысының 6 тармағына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қоса тіркеліп отырған жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша еңбек стажын есептеу Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының басшысы А.Е. Базарбаевқа жүктелсін.
Басқа 4. Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша еңбек стажын есептеу Қағидасы
Облыс әкімдіктің 2002 жылғы 2 тамыздағы № 07/05 қаулысымен бекітілген Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша еңбек стажын есептеу Қағидасы Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемеледің мемлекеттік қызметшісі емес қызметкерлеріне мамандығы бойынша еңбек стажы олардың белгілі бір лауазымдар санатына жататын лауазымына сейкес лауазымдық еңбекақысын анықтау мақсатында есептеледі.
Тармақ 1
1. Мамандығы бойынша еңбек стажына еңбекақы төлеудің тарифтік –біліктілік торына сәйкес лауазымдық еңбекақы алу құқығы беретін ұйымдастырушылық- құқықтық үлгісіне байланыссыз мемлекеттік органдарда сол мамандығы бойынша істеген барлық жұмыс уақыты, сонымен қатар:
Тармақша 1
1) сол мамандығы бойынша мемлекеттік қызметте болу;
Тармақша 2
2) Қарулы Күштердегі, ішкі, шекара әскерлері, басқару органдары және Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Қорғаныс қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясындағы теріс себептерге байланысты қызметтен босатылғандардан басқа, офицерлік құрамдағы тұлғалардың, прапорщиктердің, мичмандардың, әскери қызметшілердің мерзімнен тыс нақты әскери қызметте болу;
Тармақша 3
3) ішкі істер органдары жүйесінде, прокуратура органдары қызметінде, Қазақстан Республикасы және бұрынғы КСР Одағының сот аппаратындағы жұмыста, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде басшылық құрамындағы теріс себептерге байланысты қызметтен босатылғандардан басқа, тұлғалардың қызметтен өту;
Тармақша 4
4) заңға сәйкес берілген жүктілік және туу жөніндегі демалысы, сонымен қатар балаға қарау жөніндегі еңбекақысы сақталмайтын қосымша еңбек демалысы;
Тармақша 5
5) босталған негізде Қазақстан Республикасы Парламент депутатының, облыстық Мәслихат депутатының өкілеттігін жүзеге асыру уақыты;
Тармақша 6
6) қызметкер курсқа түскенге дейін мемлкеттік қызметте жұмыс істеген және оны аяқтаған соң мемлекеттік мекемеге оралған жағдайда, мемлекеттік мекеменің жолдамасы бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқуы;
Тармақша 7
7) шет елдегі жұмысы, егер қызметкер шет елге жіберілу алдында мамандығы бойынша жұмыс істеген және көшу уақытын есепке алмағанда шет елден келген күннен бастап 2 ай мерзімде мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасқан жағдайды;
Тармақша 8
8) мамандық бағыты бойынша ұйымдардағы ғылыми жұмысы;
Тармақша 9
9) еңбек жолы іс-қимыл саласына байланыссыз мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы басшылық және осыған ұқсас жұмыстар енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы қағидаға сәйкес есептелінетін мамандығы бойынша жұмыс стажы кунтізбелік санауды ескеріледі;
Тармақ 3
3. Күнтізбелік ай ішінде лауазымды еңбекақысын көтеру құқығы пайда болған қызметкерлерге лауазымдық еңбекақысын есептеу осындай құқық пайда болған күннен бастап іске асырылады.
Тармақ 4
4. Еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда) немесе жеке еңбек келісімі, қабылдау және босату туралы бұйрықтардан үзінді, қызметтік тізім мамандығы бойынша еңбек стажын есептеу үшін негізгі құжаттар болып табылады. Қажетті жазбалар болмаған немесе жұмыс кезіңі туралы жазулар дұрыс немесе нақты болмаған жағдайда анықтамалар, жеке шоттар және еңбекақы беру ведомосы және басқа да құжаттар, заңмен белгіленген жұмыс кезеңі туралы мәліметтер мазмұны жұмыс стажының растауы ретінде қабылданады. Мамандығы бойынша стажын куәгерлік көрсеткіштермен растау заңмен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мамандығы бойынша жұмыс стажын еңбек стажын анықтау жөніндегі комиссия анықтайты. Комиссияның құрамын тиісті мемлекеттік мекеме басшысы бекітеді. Мамандығы бойынша жұмыс стажын белгілеу туралы комиссия құрамы хаттамамаен рәсімделеді. Шешімнен үзінді екі данада жасалады және бір данасы –кадр қызметіне, екіншісі – бухгалтерияға беріледі.