Об областной комиссии по борьбе с наркоманией и наркобизнесом Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi облыстық комиссия туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңына сәйкес және есiрткi мен психотроптық заттар, прекурсорлардың заңсыз айналымы және оларды терiс пайдалануға қарсы күрестi үйлестiру мақсатында, облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихат сессиясының 2002 жылғы 14 мамырдағы № 19/199 шешiмiмен бекiтiлген нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi облыстық комиссиясының жаңартылған құрамы қаперге алынсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi облыстық комиссиясының Ережесi бекiтiлсiн (2 қосымша).
Басқа 3. Комиссия мүшелерi
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2001 жылғы 29 мамырдағы № 124 қаулысына 1 қосымша Нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi облыстық комиссиясының құрамы Керелбаев Сақып Бүркiтбайұлы облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары, комиссия төрағасы Қаджиков Таңатар Төребайұлы Маңғыстау облыстық Әділет басқармасы бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша) Билашов Арман Мұғаллiмұлы облыс әкiмi аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi Айтуғанов Шеркеш Мұхамбетұлы Маңғыстау облысы қаржы полициясы басқармасының бөлiм бастығы (келiсiм бойынша) Балғымбаев Төлеп Салтанатұлы Маңғыстау облысы бойынша кеден басқармасы бастығының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша) Бисатов Серік Досымханұлы Маңғыстау облысы бойынша ұлттық қауiпсiздiк комитетi Департаментiнiң басқарма бастығы (келiсiм бойынша) Кусетов Сұлтан Түрлейұлы Маңғыстау облысы бойынша iшкi iстер басқармасы бастығының бiрiншi орынбасары Милаев Валерий Гаврилович облыстық мәслихаттың депутаты (келiсiм бойынша) Мұхамбетов Еркiн Сүлейменұлы облыстық арнаулы емдеу- сауықтыру мекемесiнiң бас дәрiгерi Нұрмамедова Қарашаш Ишбергенқызы облыстық бiлiм басқармасының бөлiм бастығы Оңғаров Мақсат Оңғарұлы Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары (келiсiм бойынша) Серғазиев Саид Сәдуақасұлы ҚР ҰҚК ШҚ "Батыс" аймақтық басқармасы бастығының орынбасары (келiсiм бойынша)
Басқа 4
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2001 жылғы 29 мамырдағы № 124 қаулысына 2 қосымша Нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi облыстық комиссиясы туралы Ереже Осы ереже нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi облыстық комиссия қызметiнiң мiндеттерiн, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негiздерiн айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Маңғыстау облыстық нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi комиссия (бұдан әрi комиссия) нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күресудiң аймақтық бағдарламасын iс асыру саласында бiрыңғай саясатты қалыптастырып, жүргiзу жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдау, осы бағыттарда жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдардың жұмысын үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау үшiн ұсыныстар шығару мақсатында құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия облыс әкiмияты жанындағы консультативтiк-кеңес берушi орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi қызметтерi мен құқықтары
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi қызметтерi мен құқықтары
Тармақ 4
4. Негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) есiрткi және психотроптық заттар, прекурсорлар айналымына және олардың заңсыз айналымына, терiс пайдалануына қарсы әрекет жасау саласында бiрыңғай саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) есiрткi және психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың терiс пайдалану саласында мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдардың қызметiн үйлестiру;
Тармақша 3
3) есiрткiге қарсы iс-шараларды iске асыру үшiн донорларды ұйымдастырып, iздестiру;
Тармақша 4
4) нашақорлық және есiрткі бизнесiмен күресудiң аймақтық бағдарламасын орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және басшылық жасау;
Тармақша 5
5) нашақорлық және есiрткі бизнесiне қарсы күрес стратегиясы мен мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мәселелерi бойынша әкiмият пен облыс әкiмiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу.
Тармақ 5
5. Комиссия белгiленген заңнамалық тәртiпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) нашақорлық пен есiрткі бизнесiне қарсы күресудiң аймақтық бағдарламасының стратегиясын, соның iшiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру арқылы iске асыруды қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) нашақорлық және уытқорлықпен ауырған адамдарға медициналық- әлеуметтiк көмектi ұйымдастыруға және көмек көрсеткен кезде азаматтардың кепiлдiгiн, құқығы мен еркiндiгiн қамтамасыз етуде облыстық денсаулық сақтау басқармасына жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) нашақорлықты емдеу, оңалту және алдын алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын қоғамдық және өзге де мемлекеттiк емес ұйымдармен өзара iс-қимылын жасайды.
Тармақ 6
6. Комиссияға мынадай құқықтар берiледi:
Тармақша 1
1) Нашақорлық және қылмыспен күресу жөнiндегi аймақтық бағдарламаны, әкiмият пен облыс әкiмiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiн әзiрлеу, түзету және iске асыру жөнiндегi ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 2
2) өз құзыретiне қарайтын мәселелер жөнiндегi мемлекеттiк органдардан, облыстық лауазымды адамдары мен ұйымдарынан ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) нашақорлық пен есiрткі бизнесiне қарсы күресудiң аймақтық бағдарламасын атқарушы органдардың iске асыруын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) өз мәжiлiстерiнде олардың басшыларының есептерiн, ақпараттарын, хабарларын тыңдау, нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес аймақтық бағдарламалардың тармақтарын iске асыру бойынша шұғыл шараларды қабылдау жөнiнде тапсырмаларын орындау үшiн мiндеттi тапсырмаларды беру.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамы мемлекеттiк органдар мен облыстың мүдделi ұйымдарының өкiлдерiнен қалыптастырылады және облыстық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiледi.
Тармақ 8
8. Комиссияның қызметiне оның төрағасы басшылық етедi, ол Комиссияның мәжiлiсiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды және комиссия қызметiнiң нәтижелерiне жауапты болады.
Тармақ 9
9. Комиссияның төрағасы облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары болып табылады.
Тармақ 10
10. Комиссия өз жұмысын комиссия мүшелерiмен келiсiлген және төраға бекiткен жоспарға сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 11
11. Комиссия мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай кемiнде тоқсан сайын бiр рет өткiзiледi және егер оған комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатынасса заңды болып есептеледi.
Тармақ 12
12. Комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерiнiң дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипаттамада болады.
Тармақ 14
14. Тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нашақорлық пен есiрткі бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi Комитетiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым iс-шараларының жоспарын бекiту туралы" 2001ж. 02.02. № 176 қаулысының орындалуы туралы ақпарат жолдап отырады.