Об утверждении перечня работ и услуг, выполняемых и оказываемых кинематографической организацией для инвестора при производстве фильмов Күшін жойған
Басқа 0
Фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабының сегізінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік екі күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Басқа 0. Фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 22 сәуірдегі
№ 111 бұйрығымен
бекітілген
Фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Тармақ 1
1. Консультациялық қызметтер.
Тармақ 2
2. Түсіру павильондарын ұсыну бойынша қызметтер.
Тармақ 3
3. Табиғи түсіру алаңдарын ұсыну бойынша қызметтер.
Тармақ 4
4. Жабдықтар мен техниканы ұсыну бойынша қызметтер.
Тармақ 5
5. Актерлер мен түсіру тобын жалдау бойынша қызметтер.
Тармақ 6
6. Костюмдер, реквизит, грим және пиротехниканы ұсыну бойынша қызметтер.
Тармақ 7
7. Қызметтік үй-жайларды ұсыну бойынша қызметтер.
Тармақ 8
8. Сәндік-техникалық құрылыстарды дайындау бойынша жұмыстар.
Тармақ 9
9. Монтаждау, дыбыс жазу, қайта жазу, пленканы өңдеу зертханалары, компьютерлік графика, құрамдастырылған түсіру, қайталау, дыбыстау, шуды ресімдеу бойынша қызметтер.